Сайтқа кіру Тіркелу

Фаризаға

Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің бе?...
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяң басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!
Кеп тұрады тілегім мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама мынды-мыңға...
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),
He туралы жырласақ, Фариза-қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз...
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мақсаты: а) білімділік: М. Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру ә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын...
Фариза Оңғарсынова туралы слайд

Фариза Оңғарсынова туралы слайд

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған мектеп кітапханашысы: Бесенова Алтын Аубакировна...
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр

Мұқағали - мәңгілік ғұмыр

Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де,...
Білесің бе?

Білесің бе?

БІЛЕСІҢ БЕ?! Білесің бе?! Өкінбеймін өткенге, Сезімге ыстық қолым енді жеткенде Тәңірдің тартқан тәтті сыйы Ащы мұңға айналарын білгем бе?!...
Есіңе мені алғайсың

Есіңе мені алғайсың

Жезқазған қаласы № 10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Казангапова Венера Орынбековна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×