Сайтқа кіру Тіркелу

Жетінші түйсік

Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз,
Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз.
Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан,
Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.

Ойың мен ісің — жаңғырық, кейде оған түйсік жетпейді,
Әйел ап, бала тудыру ақылды қажет етпейді.
Күнделік құмар сезімді өрілгені үшін отпенен,
Шатастырып алдық, құдай - ау, бір туар махаббатпенен.

Алдану, сірә, түк емес бұлтақсыз, бұлтсыз шақта да,
Үйлену деген, қарағым, алғашқы баспалдақ, қана.
Ата - анаң, үрім - бұтағың, бәрі де сені тұр қолдап
Бастысы — сұлу жұбайың өзіңе ертең кім болмақ,?

Махаббат — қайсар заңғар шын, кез келген өрлей алмаған
Он мыңнан, бәлкім, екі адам үмітін зорға жалғаған.
Содан ғой, сансыз кеудені жалғыздық дерті торлаған,
Қаншама заңғар тұлғалар қанатсыз жардан сорлаған.

Тұрмыстың түрлі сынынан сүрінбей өтті десе де,
Жұбайың досың бола ма?
Miне, бұл — басты мәселе.
Не бермек тәннің одағы?
Жаныңа жаны қосылмау
Бұл — нағыз бедеу қасірет, қосылмау деген — ашылмау!

Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған?
Рухы қосылмағанның сезімі шаттық таппаған.
Рухы қосылмағандар — жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз,
Сондықтан мына жалғанда екеудің бірі — бақытсыз.

Сондықтан махаббаттың да сырт санын құрайтындар көп
Жәй көзге күліп жүргенмен, жасырын жылайтындар көп
Тағдырдан қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен,
Бір мәнді сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең:

"Жұбайың досың болды ма самғатқан сенім шырайың,
Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым?
Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы,
Ұға ма ол шаттық - мұңыңды жетінші түйсік арқылы?

Ұқпаса...
Ісің секілді дауылда мұзға жаққан от,
Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат та жоқ.
Нағыз қыран мәңгі ардақтап өтер болар өз көгін,
Өзіңді - өзің ұмыта біл, бақыты үшін өзгенің.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бақыт геометриясы

Бақыт геометриясы

"БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене, Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?" Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,...
Гүлі едің аялаған ата-ананың

Гүлі едің аялаған ата-ананың

Отбасы - адалдық пен алғыс бағы, Қос жүректің сүюі, жан құштары. Балапандай көруші еді сені өмірде, Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы....
Сымбатты сұлуға

Сымбатты сұлуға

Сүйдірген сені маған қыли көзің, Томардай кедір-бұдыр топас сөзің. Құбыжық қорсылдаған мінездерің, Арман жоқ пида болсам саған өзім. Сымбатты сұлу...
Бақыт туралы ұлағатты сөздер

Бақыт туралы ұлағатты сөздер

Адамның ең ұлы қасиеті - бақытты болуға талпынуы Сұлтанмахмұт Торайғыров Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек. Элберт Хаббард...
Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі

Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі

Саған сенім артады Әкең де, Анаң, Дей берсін сен туралы: «Ерке – балаң», Сондықтан күні ертеңгі мерекемен, Сені де құттықтайды ертең Анаң....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×