Сайтқа кіру Тіркелу

О,туған жер,топырағыңнан жаралдым

Туған жерім асқарлысың айбынды,
Тең көрмеспін саған мөлдір айдынды.
Сенің таза тұнық ауа келбетің,
Ұмыттырар көңілдегі жай, мұңды.

Сен қымбатсың маған әркез қашанда,
Сенен жырақ қай өлкеге барсам да.
Шіркін, саған жете алмайды жетпейді,
Жарқылдаған алтын күмбез шаһар да.

Батырға да, ақынға да бай өлкем,
Мыңғырған малы шаруасы дағы жай өлкем.
О, туған жер, қасиетіңнен айналдым,
Батысымменен иық тіресер қай өлкең?!

Мен туған өлке - айбары басым Батысым,
Туғызған талай асылы менен арысын.
Датұлы бастап, Исатай менен Махамбет,
Тәуелсіздік үшін таңдаған талай ат үстін.

Мен туған өлке - Дәулескер күйдің мекені,
Құрманғазы, Дина, Есқали күйдің шебері.
Рысбай аға, Айгүл қыз Үлкенбаева,
Күй қағандарының бүгінгі келбет бедері.

Мен туған өлке - Хиуаз қыз қанат қаққан жер,
Тарихта мәлім, даласы сонау асқар бел.
Біртуар перзент Жұмекен менен Табылды,
Құмында аунап, жанына сая тапқан жер.

Туылған мұнда Қаршыға, Әбу, Хамасы,
Фариза қызға тең келер бар ма баласы.
Нарында туған Наркескен ақын Нұралым
Ақұштап апа - өлкенің ақ шағаласы.

Атырау, Жайық, Маңғыстау, Каспий арасы,
Ақтөбе менен Оралдың шалқар даласы.
Таңдана қарап, тамсанған талай көз тігіп,
Біз туған өлке тамаша қандай қарашы.

Мен туған өлке - сен туған өлке бауырым,
Гүлдене берсін, асқақтай берсін ауылым.
Титімдей ғана сандуғаш едім сайраған,
Самғасам деймін қыраны болып дауылдың.

Авторы: Сатыбалдиева Назым Мерекеқызы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай ауылы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×