Сайтқа кіру Тіркелу

Айналайын

Әні Е.Хасанғалиевтікі
Өзің едің тірегім де,
Жыр боп тұндың жүрегімде.
Мені сендей түсінетін
Кім бар екен бұл өмірде?!
Күн туса да толқымалы,
Толқымалы, шалқымалы.
Сен ешқашан өзгертпедің
Пікіріңді мен туралы.
Әнін әнге жалғасын деп,
Келеді арман алға сүйреп.
Менің кемем өрге жүзсе,
Сен қуандың алғаш рет.
Астына алып қанатыңның,
Нұрын шаштың жан отыңның.
Мен мұңайған кезеңдерде
Қасымда ылғи сен отырдың.
Саған мәңгі борыштармын,
Көңіліме қоныстандың.
Азаматтық ажарыңа
Мақтау айтсам, намыстандың.
Жарқын құшақ жайған, айым,
Сеніміңе сай болайын.
Мен деп соққан жүрегіңнің
Дүрсілінен айналайын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
7 мамыр күніне арналған тақпақтар

7 мамыр күніне арналған тақпақтар

Жете бер аңсап күткен тілегіңе, Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе. Отанның, ел - жұртыңның мақтаны бол, Алды бол қатарыңның бұл өмірде...
Ана тілі-жүрек үні

Ана тілі-жүрек үні

Сабақ мақсаты: Оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беріп, анаға, тілге риясыз сүйіспеншілікпен қарауды...
Сергей Есенинге

Сергей Есенинге

Әй, Сергей! Сергей, Сергей, Сергей, Сергей! Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей. Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем, Жаны ашып, ақыл берген елге...
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын

Мақсаты: Балаларға 8 наурыз халықаралық мерекесі екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...
Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты "Айналайын, ана, мерекеңізбен!"

1-жүргізуші: Қуанышы баланың- Қуанышы ананың. 2-жүргізуші: Қуанышы ананың- Қуанышы баланың....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×