Сайтқа кіру Тіркелу

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам,
Бұл күнде сымдай тартылған.
Лүп етіп самал соқса да,
Ызыңдап қалар антұрған.
ЬІзыңдап, нәзік үн шығар,
Үн шығар-дағы тұншығар.
Шегіне жеткен сым-ішектер,
Үзілейін деп тұр. шығар...
Алдыма өзің келгесін,
Аянам енді мен несін.
Үзілсе, мейлі, үзілсін,
Басып бір көрші пернесін.
Баяғы сазы бар ма екен,
Қуаныш па екен, зар ма екен.
Сыңғырап тұрған сым-ішектер,
Бұл күнде қандай халде екен?!
Саусағың салып пернеме,
Сазды үнің шығар тербеле.
Тыншып бір тұрған тұлпарым,
Тықыршып қалсын кермеде.
Бұл күнде сымдай тартылған,
Жүрегім, жүйкем,бар тұлғам,
Айныма осы қалпыңнан!
Айныма осы қалпыңнан!!!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Туған тілім – соғып тұрған жүрегім

Туған тілім – соғып тұрған жүрегім

Туған тілім – соғып тұрған жүрегім, Туған тілім – тірегім мен тілегім. Сенсіз қалай таныр едім әлемді, Туған тілім жарығыммсың әдемі....
Ана тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім

Ана тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім

Ана тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім, Тіл арқылы қазағымды білемін. Білемін де шаттанамын, күлемін, Сонымен де бақытты өмір сүремін....
Қоштасу

Қоштасу

Маң-маң басқан сары атан Маңыстап шығар өріске. Бұрынғыдай қарыштап, Қона алмадың қонысқа, Келе алмадың келіске....
Мықтымын ғой дегенмен

Мықтымын ғой дегенмен

Мықтымын ғой дегенмен Қорғасындай бір салмақ кетер емес денемнен. Басады кеп төбемнен. Қош айтысып өлеңмен, Терезеге төнем де Алатауды көрем мен -...
Өзіңменен жүрегім егіз менің

Өзіңменен жүрегім егіз менің

Өзіңменен жүрегім егіз менің, түндер бойы қарманып сені іздедім - жоқсың. Сонда еске алдым қимастықты тағдырдың желі үзгенін....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×