Сайтқа кіру Тіркелу

Күндестік құрысын!

Қандай рақат!
Жүрейік, достар, күнде өстіп.
Ренжу деген,
Ренжу деген - білместік.
Бауырларым-ау!
Бәріміз қиын күн кештік,
Арамызға біздің
Қай жақтан келді күндестік?!
Жүруші едік қой
Мұңымыз бірге, арман да,
Армандан жүріп,
Келдік қой осы орманға,
Көзімізді ашып,
Қарайық атар таңдарға,
Күндестік құрысын!
Күндестік құрысын жалғанда!
Тағдырымызға
Тамаша күндер тап келіп,
Отырмыз, міне,
Елуге жетпей бақ көріп.
Күндестік құрысын!
Күндестік деген - жат көрік,
Тастайық оны, нақ ортасынан қақ бөліп!
Елдер мен елдер,
Материктер мен материк
Достасып жатыр,
Татулық туын көтеріп.
Бауырластықтың жалауын біз де көтеріп.
Жарқын өмірден
Жауласпай жүріп өтелік!
Қарасандаршы,
Қаншама достан айрылдық...
Біріміз нағыз,
Біріміз жалған қайғырдық...
Тазалайықшы
Ынтымақ деген айдынды,
Қалыпқа түспей тұрғанымызда маймылдық!
Ойлаңдар, достар!
Өнерде «жарыс» болмайды!
Өресі жетпей,
Күндестік қылған оңбайды.
Өнерің жетіп,
Өсе алмай қалсаң, сол қайғы...
Күндес таласқан
Өнерің өнер болмайды!!!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адам, адамдар туралы ұлағатты сөздер

Адам, адамдар туралы ұлағатты сөздер

Қарасаңдаршы, Қаншама достан айырылдық... Біріміз нағыз, Біріміз жалған қайғырдық... Тазалайықшы, Ынтымақ деген айдынды. Қалыпқа түспей тұрғанымызда...
Қара сөздер. Абайдың отыз тоғызыншы қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың отыз тоғызыншы қара сөзі

Рас, бұрынғы біздің ата - бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі...
Ұжымдас әріптес тілегі

Ұжымдас әріптес тілегі

Шаттық күнді талай бірге жырластық, Қырға ассақ та ұжым болып қырға астық. Замдарымыз болса-дағы бірнешеу, Бастығымыз - бәрімізге бір бастық....
Әлі талай жыр болып жазыларсың...

Әлі талай жыр болып жазыларсың...

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы Байбосын Фарида Еркебайқызы...
Есіңе мені алғайсың... (сыныптан тыс жұмыс)

Есіңе мені алғайсың... (сыныптан тыс жұмыс)

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ақбисенова Жанаргүл Мусабекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×