Сайтқа кіру Тіркелу

Өзіңменен жүрегім егіз менің

Өзіңменен жүрегім егіз менің,
түндер бойы қарманып сені іздедім -
жоқсың. Сонда еске алдым қимастықты
тағдырдың желі үзгенін.

Түндер қандай үрейлі жалғыз жанға,
қалғандаймын күздегі таңғы ызғарда.
Көзім жұмсам, шошытып сұсты елестер,
тылсым ба, жар, құздар ма...

Мазақтайды тағдырдың түні, желі,
көкірегім ызадан тілінеді.
Шыр еткендей қоңырау - сонда есікке
жүрегім жүгіреді.

Жүгіреді. Қайтадан басылады -
естілмейді ешкімге жасы, зары.
Тағдырымның дауылы азынап тұр -
бұл әлде басы ма әлі?..
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Туған тілім – соғып тұрған жүрегім

Туған тілім – соғып тұрған жүрегім

Туған тілім – соғып тұрған жүрегім, Туған тілім – тірегім мен тілегім. Сенсіз қалай таныр едім әлемді, Туған тілім жарығыммсың әдемі....
Поэзия

Поэзия

Поэзия! менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім....
Өзіңменен жүрегім егіз менің

Өзіңменен жүрегім егіз менің

Қасаңсып кеткен кезімде қайрақ тастардай қашалған, кездесіп, сендік сезімге, көзіме балқып жас алғам! Жас алғам - жаным жасарған, көктемгі жердей қан...
Қараңғы түндердің шапағаты

Қараңғы түндердің шапағаты

Түндер келеді құбылмас қараңғылықпен дүниенің барлық жиіркеніштерін таса ғып, күндізгі сағымдай көз жауын алмай көлгір көркімен жасанып;...
Өлген ойлар

Өлген ойлар

Дүние ғапыл, өткінші тағдырың-ай, кім шығарған жалғанда заңды бұлай? Болды-толды, өмірден өтті-кетті... Жер бетінде жүрсе етті жан құрымай....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×