Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Сұраншыға

Батыр - ай, кедейшілік жаман екен,
Бұл дүние азулының заманы екен.
Қолдаушың арт жағыңда көп болмаса,
Жауапсыз кедей жазған қалады екен.
Күжірейіп мына отырған Көпірбайың,
Бермеді Сүйінбайға тайдың майын.
Тай тұрсын, Сүйінбайға сен кімсің деп,
Жауапсыз бос қайтарды айтпай жайын.
Бар дейді мырза төре Тезек деген,
Жыланып Итенбайың безектеген.
Үш жүз жылқы ішінен тай тимеді,
Итенбай аттың майын беред деген.
Тезекке ойланып ем барайын деп,
Осындай сұрап едім керекпенен.
Өлеңді сөйлегеннен аянбадым,
Жеңген соң кедейшілік баяуладым.
Батыр-ай, атты қайдан мен аламын,
Шоңқайып қараша үйде жаяу қалдым.
Түспей не ғып тұр екен жер мен аспан,
Бос отырып кедейлар өле ме аштан?
Жылап жүрген нашарға көз салмайды,
Байдан - бейіл, батырдан - рахым қашқан.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Тезекке тепсіну

Тезекке тепсіну

Ойланып қара, хан сұлтан, Жолы қандай жақсының. Үйіңе келген кісіні Өлтірем деп қожаңдау - Ісі емес пе бақсының?! Өрістен ұрлап жегенің, Сүйек...
Болыстарға баға

Болыстарға баға

Сыйқымбай өзің атың Аятбектен, Сенде болат кездіксің асыл тектен. Бойыңда қылтылдаған мінезің бар, Әйтпесе озар едің талай көптен....
Арқалық батыр

Арқалық батыр

Ел еді егіз жатқан керей, найман, Шығады сөз болмаса мизан қайдан. Қазақтың хан билеген заманында Жау бопты қазақ, қалмақ барымта алған. Батырға...
Әлменұлы Бөлтірік

Әлменұлы Бөлтірік

Әлменұлы Бөлтірік (1771 – 1854) – қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры болған зор тұлға. Туып өскен жері Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Шоқпар...
Ертегі

Ертегі "Бәйтерек"

Ертегі баланың қиял - ғажайып, ойын дамытуға арналған. Ертегілер арқылы өз жұмысымды оқыту үрдісінде жаңа технологияларды, пайдалана отырып, қызықты...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету