Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Орман

Орман міні,
Мұның да үні
Кейде жұмсақ, кейде шу.
Кейде тынық,
Кейде сұлық,
Кейде дауыл гу де гу.
Қалың орман,
Ойға толған,
Тұнжырайсың иіліп,
Еңбек сырлас,
Сәулем құрдас,
Әр рудан жиылып.
Жоқ бір қалып,
Кейде ырғалып,
Сен де көлше шулайсың.
Басты шайқап,
Желді жайпап,
Аласұрып тулайсың.
Аппақ қайың,
Қарағайың
Қосылыпты табысып.
Сұлу терек,
Жасыл желек
Құшақтасып қабысып.
Кейде қыбыр,
Кейде жыбыр,
Кейде жұмсақ желбіреп.
Көйлегің көк,
Өрнегі көп,
Құлпырады елбіреп.
Сұлу терек,
Жасыл желек,
Сәулем, саған не керек!
Биік бойың,
Кімде ойың?
Жібек желге аш қойын.
Аппақ кайың,
Бұл не жайың,
Жасарасың жыл сайын?
Аппақ қайың
Қалқатайым,
Мас қылады иіс майың?
Ақ көйлекті,
Сұлу текті,
Жасыл шашақ желекті.
Ырғаласың,
Бұраласың,
Көзді қайда саласың?
Қарағайым!
Жұпар майың,
Жібек желмен аңқиды.
Жұпар шаштың,
Көкірек аштың,
Мас болып тән балқиды.
Мас қылады,
Жас қылады
Жұпар исің жүректі.
Дертке дәрмен,
Тасқын әлмен
Жігерлейсің білекті.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңа жылға арналған тақпақтар (өлеңдер жаңа жыл)

Жаңа жылға арналған тақпақтар (өлеңдер жаңа жыл)

Аппақ аппақ жапалақтап, Қар жауады тынбастан. Қалың орман, қар жамылған, Маужырайды түнгі аспан. Кең пейілді, мол мейірлі, Сағынышпен табысқан....
Балдырлар туралы жалпы шолу

Балдырлар туралы жалпы шолу

Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің 8 - сынып оқушысы Сағидолда Назерке Ерланқызы...
Ою - өрнектің тарихын зерттеп білу

Ою - өрнектің тарихын зерттеп білу

“№21 Жалпы білім беретін орта мектебі” КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1 “В” сынып оқушысы Наурызбаева Айгерім Ғылыми – зерттеу жұмысының...
Орман ғажайыптары (ғылыми жұмыс)

Орман ғажайыптары (ғылыми жұмыс)

Шығыс Қазақстан облысы, «Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 «б» сынып оқушысыХамзаев Бағлан Толеуахметұлы...
Сіз қандай әкесіз? (тест)

Сіз қандай әкесіз? (тест)

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебі, Шағын орталық тәрбиешісі Манькева Майнур...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету