Сайтқа кіру Тіркелу

Алпамыс батыр жыры

Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бай бопты,
Төрт түлігі сай бопты.
Тоқсан мың екен қорасы,
Мұрындық, ноқта тимеген,
Түйешілер мінбеген
Сексен мың екен маясы.
Шұрқырап жатқан бір жылқы,
Тоғай сайын мың жылқы.
Есебі жоқ көп жылқы —
Жиделі Байсын даласы.
Өз алдына бір бөлек
Торысы мен қарасы.
Аңдай болып көрінген
Бозы менен аласы.
Соншама бай болса да,
Жоқ еді ердің баласы.
Алланың өзі бермесе,
Бенденің бар ма шарасы?
Атадан жалғыз ер еді,
Еңіреген ердің бірі еді,
Жоқ екен іні - ағасы.
Құлтай деген туысқан —
Немере мен шөбере
Екеуінің арасы.
Азырақ баян етейін,
Құлақ сап бұған қарашы:
Сол уақыттар болғанда,
Сексенге жасы толғанда,
Кетем деп, байғұс, арманда,
Қайғылы болып қамықты
Перзентсіз болып қалғанға.
Құбылаға бас беріп,
Екі көзге жас беріп,
Байбөрі Хаққа налынды:
«Алмадың, Құдай, жанымды.
Бір баланың жоғынан
Ағайын жейді малымды.
Айналайын атыңнан
Жаратқан жалғыз Құдайым,
Бір баланың жоғынан
Зорлық қылды маңайым.
Өкім қыла сөйлейді
Баласы көп ағайын.
Көретін күнің болар ма
Көзімнің жасын, Құдайым!
Сүйегім кетті жасық боп,
Достым, кетті қашық боп.
Көретін көзім көр болды,
Бір перзентке асық боп.
Аққан жасым тыя алмай,
Перзенттің зары өтеді.
Баласы жоқ адамның
Әркімге ақы кетеді.
«Байбөрі қубас» деген сөз
Сүйегімнен өтеді.
Жаратқан Жаппар Құдайым,
Перзентке зар ғып қойғанша,
Жаратпасаң, не етеді?»
Байбөрі осылай деп жүрді жылап,
Құдайдан күні - түні бала сұрап.
Сүйегі сырқырайды Байбөріге,
Бұл сөзді есіткен жан салып құлақ.
Көз жасы Байбөрінің бетін жуды,
Көрмей - ақ өтем бе деп үйден дуды.
Сол күнде Құлтайының аяқ салған
Тезекші қара күңнен бір ұл туды.
Байбөрі осылайша ойлайды ойды,
Қайғының ішіндегі бәрін қуды.
Балаға таңсық болып жүрген байғұс,
Үйіне алып келіп, қылды тойды.
Туғандай тумаса да қылайын деп,
Ұлтан деп ол баланың атын қойды.
Біртүрлі болды нұсқасы,
Порымды мынау баланың.
Алдымдағы жақсылар,
Келбетіне қарағын.
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей,
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей.
Құлағы болды қалқандай,
Мұрынына қарасаң,
Сығымданған талқандай.
Көзі терең зындандай,
Басқан ізін қарасаң,
Көрінед оттың орнындай.
Аузы үлкен ошақтай,
Азу тісі пышақтай.
Иегі бар сеңгердей,
Бір батыр болды сол күнде - ай.
Байбөрі мен Құлтайға
«Алжыған қақбас» дер еді.
Ержеткен соң күніне - ай,
«Малда, жанда нең бар»,— деп,
Намаздыгер болғанша
Жолатпай қойды үйіне - ай.
Есіткен адам зар жылар
Жаландай зәһәр тіліне - ай.
Байбөрі байдың бәйбіше —
Жарының аты Аналық,
Жылай берді зарланып:
«Көрмедік,— деп,— самалық.
Жасымыз болса кеп қалды,

Толық нұсқасын жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алпамыс батыр жыры

Алпамыс батыр жыры

Қазақта «Алпамыс» эпосы халық аузынан ХІХ ғасырдың аяғында жазылып алынған. Бірінші рет басылуы - 1896 жыл. Ең соңғы, толық варианты 1957 жылы ғана...
Ер Сайын

Ер Сайын

Бұрынғы өткен заманда, Дін мұсылман аманда, Үш шарбақты, үш кентті, Ноғайлы деген жұрт өтті. Бір замандар болғанда, Ауыр дәулет мал кетті....
«Алпамыс батыр» жыры

«Алпамыс батыр» жыры

БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы, Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Саламатова Рашида Сымғалиқызы...
Алпамыс батыр

Алпамыс батыр

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жырдың мазмұнын ашу, композициялық құрылысын, көркемдік ерекшелігін талдау. Жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып,...
Айбыны елдің - Алпамыс

Айбыны елдің - Алпамыс

Сабақ тақырыбы: «Айбыны елдің - Алпамыс» Мақсаты: 1. Білімділік Оқушыларға эпос, жыр, жырау, жыршы ұғымдарына толықтай түсінік беру. 2. Дамытушылық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×