Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Менің анам

Менің анам
Менің анамның есімі Тілектес. Менің анам өте мейірімді, ақылды, сыпайы, жақсы адам. Мен анамды өте - өте жақсы көремін. Менің анам әрдайым сабақ орындауыма көмектеседі, білмегенімді айтады. «Ана» деген дүниедегі ең асыл адам емес пе? Мен анамнан көп нәрсені үйренемін. «Шешеге қарап қыз өсер»,- деп бекер айтпаған атам қазақ. Біз анамызды сыйлап қадірлеуіміз қажет. Анамыз бізді мәпелеп өсіреді, аялайды. Мектепке кетсек уайымдап, сағына күтіп отырады. Тезірек келсе екен деп, бауырына басқысы келеді. Бар дәмдісін алдымызға тосады. Біз қуансақ, анамыз да қуанады. Ал, мұңайсақ жұбатады. Біз бір қатерге ұрынсақ шашы біртіндеп ағара бастайды. Сол үшін біз анамызды тыңдап, айтқанын екі етпей жүруіміз керек. Мен де анамды өте жақсы көремін. Анам мені еркелетіп, шашымнан иіскеп отырады. Анамыз бізді қатарынан кем болмауға қолынан келгенін бәрін жасайды. Біз анамыздың үмітін ақтап, өте жақсы оқып үздікдер қатарынан көрінуіміз қажет. Онда да біз анамыздың қарызынан құтыла алмаймыз. «Анаңды Меккеге үш мәрте арқалап алып барсаң да қарызынан құтыла алмайсың» деген сөз бар. Мен өскенде міндетті түрде Меккеге апаруға тырысамын. Мен қазірден сабағымды жақсы оқып жүрмін. Ал, кейіннен ана парызын өтеуге тырысамын. Ол үшін ең бірінші сабақты жақсы оқу керек деп ойлаймын және де ол дұрыс шешім. Менің анам бұл дүниедегі ең асыл Ана.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы
Қоссейіт ауылы «Сырдария» жалпы орта мектебінің
6 сынып оқушысы Жолжан Жансая
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бадувалова Аружанның өлеңдері

Бадувалова Аружанның өлеңдері

Ана Анам менің ақылды, Анам менің мейірбан. Ана сен маған қымбатсың, Өмірдегі жан анам. Бақыттымын мен балаң, Күліп жүрші жан анам, Саған бақыт...
Оқушылар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Ана Анам менің ақылшым ғой ардақты, Ана деген ардақты ғой салмақты. Ана деген мейірімді қамқоршым, Аяулы менің анашым....

"Әкем мен анама" атты өлеңі

Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 1 "А" сынып оқушысы Батырхан Досжан Әмірханұлы Мұғалімі Айдаболова Қаракөз Батырханқызы...
Қожабек Аружанның өлеңдері, шығармалары

Қожабек Аружанның өлеңдері, шығармалары

Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 2 "Г" сынып оқушысы Қожабек Аружан Төребекқызы Мұғалімі Далиева Кенже Абубакирқызы...
Туған ауылым

Туған ауылым

Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңқияқ орта мектебі 1"а"сынып оқушысы Аққу Назерке Асылбекқызы Мұғалімі: Турмагамбетова Акслу Жеткеровна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету