Сайтқа кіру Тіркелу

Өзіңді басқаруды үйрен!

Өзіңді басқаруды үйрен!

Адам – өз өмірінің суретшісі.
Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.
(Б. Бұлқышев).

Әр адамның өмірі өз қолында! Айналамызға қарасақ, кейбір адамдар жұмыстарына асығып бара жатады, кейбіреулері жадыраған көздерімен күлімдеп жүрсе, кей адамдар ызалы, қабақтарын түйіп жүреді. Бұл Қазақстан халықтарының, жоқ, бүкіл дүние жүзі адамдарының өзіндік қиындықтары, өзінің шешілмейтін мәселелері, яғни өз өмірлерінің болуының дәлелі. Әр адам өмірлік жолын өзі шешеді, алдын ала бағдар жасайды.
Ал осы таңдаған жолында әрине қиындықтар кездеседі. Сол қиындықтардан сүрінбей өтуі, қиындықтарға берілмей, өзін түсірмеуі сол адамның мінезі мен қайратына байланысты. Өзін сабырлы ұстауы, келген қиыншылықтардан қорықпай, нәтижелі жеңуі оның ішкі жан дүниесінің мықты болуында.
Өзіңе сен, өзіңнің күшіне сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысын да сыйлайды, жақының да,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең, - деп Әбділда Тәжібаев айтқандай, адам өз – өзіне сеніп, өзін сыйлай білгені жөн. Адамның өмірі белгілі бір программа секілді. Осы программаның дұрыс орындалуы үшін ол өзіне арналған белгілі бір тәртіппен, яғни белгілі бір алгоритммен орындалуы керек. Сол сияқты өміріміздің мәнді әрі сәнді өтуі, біздің істеген әр ісіміздің дұрыс әрі нақты болуында. Ал ол үшін адам ішкі тыныштығын сақтай алғаны абзал. «Сабыр түбі – сары алтын» дегендей әр ісімізді сабырлылықпен, асықпай шешуіміз қажет.
Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс адамның іс – әрекеті арқылы өлшенеді. Мәселен, жаман адамдар әрдайым жамандық істейді, ешқашан олар өзгермейді.
Мен бір күні автобусқа мініп, бір жерге бара жатқан едім. Автобуста бастапқыда орын аз болғандықтан, орындарға жас балалар отырып алды. Кейін екі – үш аялдамадан кейін үлкен кісілер кіре бастады. Сонда байқағаным, үлкен кісілерге орын беру үшін үш – төрт – ақ балалар тұрды. Сонда, орындарынан тұрмаған балалардың әрекетінен олардың санасының, ұятының төмен екендігін көруге болады. Және де қазіргі кезде елімізде терроризм, яғни адамдарға қиянат жасау көбеюде. Бұл адамдардың жүрегінде титтей болсын жылылықтың, сүйіспеншіліктің болмауында.
Абай атамыз айтқандай: «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.» Сол себепті қайратымызды сақтай отырып, әр істі ақылмен ойланып, жүрегімізбен жасауымыз қажет. Сағатына, не болмаса күніне бір рет, кем дегенде аптасына бір рет қорытындылап, алдағы істерін болжап, жоспарлаған адам мақсатына, арманына жетеді.
Адамда арасында сыйластықтың, жақсы қарым – қатынастың болмауы, бір – бірлеріне қиянат жасауы, дұрыс әрекеттер істемеуі – сол адамның өзін – өзі басқармауынан туындайды. Адамдар өздерінің ішкі тыныштығын біркелкі ұстай алмаса, сүйіспеншіліктері риясыз болмаса, айтқан сөздері, істеген істері ақиқатқа бағытталмаса, елде бірлік те, тірлік те болмас.
«Өзіңді – өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтар арқылы іске асады» деп Сара апамыз айтқандай, өзін – өзі тану, басқару адамгершілік құндылықтар арқылы іске асады. Сол себепті жастарға, құрбы – құрдастарыма, болашақ ұрпаққа өз - өзімізді дұрыс басқаруымызға, өз мінездерімізді, айтатын сөздеріміз бен істейтін істерімізді өз қолымызға алып, жақсы азамат болып өсуімізге тілектеспін!

Қарағанды облысы,
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ
9 «А» сынып оқушысы Марксова Гүлімжан
Пән мұғалімі: Байкулова К. М.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамдардың қажетіне жарай біл!

Адамдардың қажетіне жарай біл!

Бәрі де адам бойындағы асыл қасиеттер мен мінезден басталады. Жақсы қасиеттерге қайырымдылық, мейірімділік, достық жатады. Адам дүниеге келгенде...
Әлемді өзгерткің келсе - өзіңнен баста!

Әлемді өзгерткің келсе - өзіңнен баста!

Адам баласы осынау жарық дүниеге шыр етіп келіп, көзін ашқаннан соң - ақ «өмір» атты алып әлемнің титтей бір бөлшегі болып саналады. Алғаш тәй - тәй...
Ақиқатқа сүйіспеншілікпен қызмет ет

Ақиқатқа сүйіспеншілікпен қызмет ет

«Кешегі шындық, бүгінгі шындық, ертеңгі шындық - үш шындықтың үшеуі де әртүрлі. Жоқ, керек емес бұл шындықтар, маған нағыз ақиқатты шындық керек!» -...
Рухани тәрбиенің қайнар көзі

Рухани тәрбиенің қайнар көзі

Пәні: Өзін - өзі тану Тақырыбы: Рухани тәрбиенің қайнар көзі Мақсаты: Ата – ана мен баласының арасындағы қарым - қатынасты бақылау, пәнге деген...
Шығармашылық  шаттығы

Шығармашылық шаттығы

Мақсаты: Оқушылардың таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығармашылықпен қолдана алу және өзін - өзі танудың жалпыадамзаттық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×