Сайтқа кіру Тіркелу

Ақиқатқа сүйіспеншілікпен қызмет ет

Ақиқатқа сүйіспеншілікпен қызмет ет
«Кешегі шындық, бүгінгі шындық, ертеңгі шындық - үш шындықтың үшеуі де әртүрлі. Жоқ, керек емес бұл шындықтар, маған нағыз ақиқатты шындық керек!» - деп Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің нағыз ақиқатқа сүйіспеншілігін көрсетіп жазған.
Әлемдегі барша адам, оған шындықты, ақиқатты айтып, есеп беруін қалайды. Дегенмен, олар әрине, ақиқаттың жағымды, шын ниетпен айтылғанын қажет етеді. Егер шындық ащы болса, ол кімге ұнар?! Ақиқатты ақырын жеткізіп, адамның бетіне лақтырмай, жүректен жүрекк, шын ниет пен жұмсақ жүрек арқылы жеткізу қандай ғанибет! Шындық тәтті болсын, ащы болсын, айтсам да, жазсам да ол аппақ ақиқат болуы тиіс. Адамға ақиқатты жеткізбей тұрып, мейірімді, ішкі тыныштығы берік адамнан ғибрат алып, оны түсінуім керек.
Шындықтың өзін адамға жеткізуші – терең ой мен кемел білім. Бұлар менің басты құралым болмақ! Егер менің шындығым құпия болып қалса, ерте ме, кеш пе ол жария болады. Тіпті, әлемдегі әрбір адамның басынан шындықты қабылдау, я шындықты жеткізу оқиғалары өткен. Бірде маған таныс құрбым: «Шындықты айт, әлде оның соңы жамандықпен аяқталмақ!» - деді. Әрине, мен онымен келісімді пікірде болдым. Менің де басымнан бұндай жағдай өткен.
Мен көрші құрбыма өзімнің кітабымды берген едім. Күн сайын ол маған ертең қайтаратынын айтып сылтау табатын. Бір аптадай уақыт өткенде, мен одан кітабымды талап еттім. Ал, ол болса оны жоғалтып алғанын айтты.
Кейде адамдар өздерінің жақындарын ренжітпес үшін шындықты жасырады. Міне, жақында менің анам маған қоңырау шалып:
- Сенің ағаң сырқаттанып қалды, әкең екеуіміз ауылға жол жүрейін деп жатырмыз... - деді. Ал, үйге киім-кешектерін алып кетуге келгенде, ағамның қара жер жастанғанын айтты. Менің көзім жасаурап, ащы моншақтар тама бастады.
Ақиқат – ол барша адамдардың айнасы. Адам өз өмірінің мәні туралы ойлана келе, өмірден өз жолын, мақсатын табуға тырысады. Бұл жолды ащы ақиқат қиып тастап, жоққа айналдыруы мың талай! Ал, жағымды шындық менің мақсатыма жетуімді қадағалап, оны әрі өрбіте түседі. Егер мен әлемге махаббатқа толы жүрегіммен қарасам, шындықтың бәрі ізгі, әрі дұрыс, күмәнсіз ақиқатқа айналмақ.
Кейбір адамдар жалғанды әдейі айтады, ал, басқалары қиындықтарға жолықпас үшін шындықты жасырады. Сол үшін біз әдейі жалған мен жасырынған ақиқатты айыра білуімізді мақсат етемін.

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
«Абай атындағы №2 лицей» КММ
7 «Ә» сынып оқушысы Есимханова Назерке
Пән мұғалімі: Байкулова К. М.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×