Сайтқа кіру Тіркелу

Бала қиялына саяхат - үйірме жұмысының шығармашылығынан

Болашаққа хат
Болашақтағы өзімді қиял әлемімен елестетер болсам, мен білімді азамат болғанмын, армандарым біртіндеп орындалып жатыр екен, шамамен 20 - 22 жылдан соң жерде екі жүздік ғимараттан парашютпен биіктікпен секіріп қалықтап жүрмін. Содан соң әлемдегі танымал жерлерді аралап, соңынан Дубайға барғанбыз. Ол жерде жалғыз емес, отбасыммен бірге болып, талай қызықтарды тамашалап, ғарыш әлемімен де танысып, әр елдің өз ерекшеліктерін зерттеп, шет елдерде сапар шегіп болған соң, өзімнің туған өлкем, туған жерім, өз ата-мекенім Қазақтан Республикасына оралғанмын. Өз елімде адал қызмет жасап, елімді көркейтіп, сәнді, биік - биік ғимараттар салғанмын. Кейіннен өзімнің бала кездегі арманым Қазақстан Республикасының қарулы күштер қатарына еніп, полиция қызметіне кіріп, елінің амандығын, халқының тыныштығын ойлайтын генерал болып, сол жерден зейнетке шығып бара жатыр екем...
Бақтыбаев Әділжан

Менің қиялға толы әлемім
Мен болашақта жер дүниені аралап көргім келеді. Әсіресе, Ресей, Үнді, Шет елдерді аралап, зерттеп саяхат жасағым келеді. «Көп білгеннен емес, көпті көргеннен сұра» деген дана халқымыз, көпті көрген дана ғұлама адам болғым келеді. Тылсым дүниелерді, табиғат сырын зерттеп, ашылмаған құпияларға тәжірибе жасап, аралаған елдерімдегі жоқ заттарды, ұшатын үйлер, ғажайып глобустар жасап әр кезде жаңалық ашып жүретін ғалым болғым келеді.
Искулова Дильназ

Болашақтағы арманым
Менің болашақтағы арманым биші болу. Менің арманымды ата - анам да қолдайды. Мен көз алдыма болашақта өзімнің жасөспірім балаларға би сабағынан беріп жатқанымды елестетемін. Мен бірнеше жылдардан соң атақты биші болып шығатыныма сенімдімін. Менің бала кезімде биден берген ұстазым Жансұлу апай бізге көптеген билер түрін үйретеді. Мен сол кісіден үйренгендерімді өз оқушыларыма да насихаттап жүр екенмін. Елестетіп көрсем тура шыңдалған кәсіпқой биші секілдімін. Байқаулардан алған жүлделерім жетіп артылады екен, тәжірибем молайған сайын, менің би өнеріне деген құштарлығым арта түсуде. Мен би өнерін жақсы көремін.
Есберген Ақмаржан

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінің
№1 Шұбарқұдық мектеп - гимназиясы 4 а сынып оқушыларының
«Бала қиялына саяхат» үйірме жұмысының шығармашылығынан
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×