Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Бауыржан Момышұлы: "Ұлыма айтарым"

Бауыржан Момышұлы: "Ұлыма айтарым"
1) Жігіттің екі сөйлегені - өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр.
2) Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын.
3) Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.
4) Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс.
5) Таспен атқанды аспен ат - жеңісің. Содан кейін алшақ жүр.
6) Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.
7) Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.
8) Өзіңді сыйла, Өзгелер сыйласын.
9) Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
10) Құмар ойын - əлсіздің əлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр.
11) Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа!
12) Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.
13) Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.
14) Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.
15) Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.
16) Жүйкең әлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сәттерге бапта.
17) Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда. Тәуекел түбі жел қайық - жүзесің де өтесің. Уайым түбі тұңғиық батасың да кетесің.
18) Сырыңды ешкімге алдыртпа. Екі елі аузыңа сыймаған сөз, өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.
19) Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр!
20) Қыран құстай қырағы бол. Өзгелерді өзіңдей көрме!
21) Пенденің пендеден айырмашылығы адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы!
22) Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол.
23) Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың!
24) Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып бақытты болсын.
25) Кім қанша төмен түссе де, сен өз биігіңде қал.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ер есімі - ел есінде

Ер есімі - ел есінде

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мақсұтбай Индира...
Мейірімділіктің жолы- жарық күн

Мейірімділіктің жолы- жарық күн

Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы педагог психологы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы...
Оқушыларға күнделікті қойылуы тиіс сұрақтар

Оқушыларға күнделікті қойылуы тиіс сұрақтар

Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Рүстемова Гүлмира Оқушы міндеттері мен тапсырмалары: 1. Оқуың...
Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес

Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес

Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес. 1. Тестке кіретін кезде өзіңе сенімді бол. 2. Тестке барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей...
Жеткіншекке жадынама

Жеткіншекке жадынама

  Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болмайды. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету