Сайтқа кіру Тіркелу

Түйменің таңғажайып тарихы

Аннотация
"Түйменің таңғажайып тарихы" шығармашылық жоба
Жоба авторы Беделбек Ақбота Қонысбекқызы
3 "Ә" сынып оқушысы
Жетекшісі Еспенбетова Загира Нагметуллаевна
бастауыш сынып мүғалімі
№ 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп
Қызылорда қаласы

Бұл шығармашылық жобада түйменің пайда болуы, оның алғашқы нұсқалары мен кейінгі жетілдірілген түрлері туралы қызықты тарихи деректер бар. Сондай - ақ түйменің кейбір құпиялары жорамал болса да шындыққа жанасатыны туралы дәйектер келтірілген. Түйменің адамзат өркениетінің ажырамас бөлшегі екендігі нақты дәлелдермен ұштастырылған.
Түйме тағудың әйелдер мен ерлер киіміндегі айырмашылықтарының да құпиялары да көпшілік біле бермейтін қызықты деректермен өрнектелген.
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ, № 211 А. БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП

Түйменің таңғажайып тарихы
6 секция – тарих, өлкетану, мәдениеттану
Орындаушы Беделбек Ақбота 3 «Ә» сынып оқушысы
Жетекшісі Еспенбетова Загира Нагметуллаевна бастауыш сынып мұғалімі

Мазмұны
І Кіріспе
Түймені кім бірінші және қашан ойлап тапты?

ІІ Негізгі бөлім
1. Ежелгі түймелер қандай болды?
2. Түймелі адам – бай адам ба?
3. Наполеонның майда түймелері
4. Түйменің құпиясы.

ІІІ Қорытынды
Түйме – өркениеттің бір бөлшегі.

Аннотация
Бұл шығармашылық жобада түйменің пайда болуы, оның алғашқы нұсқалары мен кейінгі жетілдірілген түрлері туралы қызықты тарихи деректер бар. Сондай - ақ түйменің кейбір құпиялары жорамал болса да шындыққа жанасатыны туралы дәйектер келтірілген. Түйменің адамзат өркениетінің ажырамас бөлшегі екендігі нақты дәлелдермен ұштастырылған.
Түйме тағудың әйелдер мен ерлер киіміндегі айырмашылықтарының да құпиялары да көпшілік біле бермейтін қызықты деректермен өрнектелген.

Түйменің таңғажайып тарихы
Менің бұл тақырыпты таңдауыма не себеп болды?
Мен, Беделбек Ақбота Қонысбекқызы, №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 3 «Ә» сыныбында оқимын.
Менің зерттеу жұмысым «Түйменің таңғажайып тарихы» деп аталады. Менің бұл тақырыпты таңдауыма мына жағдай себеп болды. Менің әкем - әскери адам. Ол үнемі әскери киім киіп жүреді. Бір күні мен әкемнің әскери формасының жеңіндегі бір түймесінің үзілейін деп тұрғанын байқадым. Сосын әкемнен: Жеңдегі қаз - қатар тізіліп тұрған майда түймелер не үшін қажет? – деп сұрадым. Әкем маған: Қызық екен, бірақ бұл туралы мен де білмейді екем,- деді. Сол күннен бастап мен түйменің тарихын зерттей бастадым.

І Кіріспе
Түймені кім бірінші және қашан ойлап тапты?

Түймені кім бірінші ойлап тапты және ол қандай болды?
Түйменің таңғажайып тарихы ежелден басталады екен. Ежелгі адамдар түйменің орнына киімнің шетін түйіндеп байлап жүретін болған. Сүйектен, өсімдіктердің тікенектерінен түйреуіш жасап, түйреп жүрген. Ежелгі Египетте киімнің екінші шетінен тесік жасап, сол арқылы баулық өткізіп, байлап жүретін болған.
Түймеге ұқсас ежелгі заттар Үндістанда табылған. Олар ежелгі заманда әшекей ретінде қолданылған. Осыған ұқсас заттар қола дәуірінің естелігі ретінде Қытайда да табылған. Ұлу қабыршақтарынан жасалған түймелер Үнді өркениетінің естеліктері ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдарда әшекей ретінде қолданылған. Олардың кейбіреуі геометриялық фигураларға ұқсас болып келеді.

ІІ Негізгі бөлім
Бұрынғы түймелер біз тағынып жүрген түймелерге ұқсай ма?
Ең ежелгі түймелер б. д. д 5000 жыл бұрын жасалған деген де деректер бар. Кәдімгі біз тағынып жүрген түймелерге ұқсас тастардан жасалған түймелер Түркияден б. д. д 1500 ж табылған.
Кәдімгі түймелер Германияда 13 ғасырда пайда болды және кеңінен қолданысқа ие болды. Содан бастап денеге жабысып тұратын киімдер Европада сәнге айналды.
Түйме сондай - ақ сиқырлы бойтұмар ретінде Ресейде де ұзақ уақыт бойы қолданысқа ие болды. Орта ғасырларда ұмыт бола бастаған түймелер 13 ғасырда пішудің, сәнді киімдердің пайда болуымен қатар жаңа бір маңызға ие болды.
Түймелі адам бай адам ба?
Түймесіне қарап, кісінің бай немесе кедей екенін анықтауға болатын еді. Алтын, күміс түймелі киім киген кісілер қоғамда жоғары мәртебеге ие болды. Түймелер піл сүйегінен, тасбақаның жабынынан, сондай - ақ қымбат бағалы тастардан жасалған.
Тарихи тұлғалар түйме тақты ма?
XVI ғ Франция королінің кафтанында 13600 майда алтын түймелер болған және ол корона бейнелі болған. Даңқты Наполеон заманында солдаттарда ауыз - мұрнын жеңімен сүрте салатын жаман әдет бар еді. Әскери мундирдің жеңіне қаз - қатар түйме тағу дәстүрі осылай пайда болған.

Түймені қай елде көп жасады және неден жасады?
Франция түйме өндіруден алдына жан салмаған. Олар түймені фарфордан жасады. 18 ғасырда Богемияда әйнек түймелер жасап шығарған. 19 ғасырдың басында Европада папье - машьеден жасалған түймелер тек сәндік киімдерге ғана тағылды. Ал күнделікті киетін киімдерге пластмасса түймелер қолданылды. Сондай - ақ киімнің матасымен қапталған түймелер де ерекше сәнге айналды. Түймені ағаштан, теріден, әйнектен, перламутрдан, металдан да жасады. Металл түймелер ұзақ уақыт бойы тіпті ақша орнына да қолданылды. Алтын, күміс, мыс, мырыштан да түймелер жасалды.

Кімдер түйме жинайды?
Қазіргі кезде түйме киімді қапсыруға арналған бұйым ретінде қолданылады. Ол әр түрлі пішінге ие. Оны тесіктері немесе құлақшасы арқылы киімге қадайды. Көбінесе екі немесе төрт саңылаулы түймелер кеңінен қолданылады. Түйме жинаумен айналысуды филобутонистер клубы бар. Клубтың 5000 мүшесі бар. Италияда да 20 мүшесі бар филобутонистер клубы 1995 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Түйме әлемінде 1930 жылдан бастап әлі ешкім жаңалық ашқан жоқ. Олай дейтін себебі, АҚШ - та тұңғыш рет сол жылдары пластмассадан түйме жасалды. Пластмасса түймелер қазірге дейін қолданысқа ие. Көп жағдайда түйменің орнын кнопка мен замок басса да, түйме өз маңызын жойған жоқ деп ойлаймын.
Түймені анам неге оң қолымен, әкем сол қолымен тағады?
Сондай - ақ ерлерде түйме киімнің оң жағына, ал әйелдерде сол жағына қадалады. Мұның да өзіндік сыры бар.
Біріншіден, бұл әйелдер мен ерлер киімін ажыратудың ең оңай жолы. Екіншіден, тарихқа сүйенсек, ертеде әйелдер оң қолымен баланы көтеріп жүріп, сол қолымен түрлі шаруаларды атқара беретін болған. Сол себепті әйелдерде түйме сол жақта орналасқан деген болжам бар.
Ал ерлер болса ат үстінде жүргенде үнемі сол қолымен аттың тізгінін ұстаған. Ал оң қолымен қару - жарағын ұстап жауға шапқан. Ал жайшылықта қаруын қынабына салып жүрген. Сол қолы ат тізгінінен босамаған. Сондықтан ерлердің түймесі оң жақта орналасқан деген жорамал да шындыққа жанасады.

ІІІ Қорытынды
Түйме – өркениеттің бір бөлшегі
Бірақ түйме кішкентай болғанмен оның тарихы тереңде жатыр. Түйме біздің өміріміздің ажырамас бір бөлшегіне айналды. Себебі, сіз кім болсаңыз да, көшеде кетіп бара жатсаңыз, ешкім сізді елемейді. Ал егер де сіздің бір түймеңіз жоқ болса, бәрі сізге назар аударып қарайды. Тіпті кейбіреуі сіздің бір түймеңіз үзіліп қалыпты деуі әбден мүмкін танымаса да...
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

1. Түйме кішкентай болғанмен, ол үлкен маңызға ие.
2. Түйменің тарихы тереңде жатыр.
3. Түйменің түгел болуы адамның ұқыптылығын білдіреді.
4. Бейтаныс адам сізге емес, сіздің түймеңізге назар аударады.
5. Түймелер – адамзат өркениетінің ажырамас бір бөлігі.

Кіп - кішкентай түйменің
Қыр - сырына қанықтым
Жетсем деймін түбіне
Ақиқат пен анықтың!

Практикалық жұмыс
Менің сыныптастарым түйме туралы не біледі екен деген оймен сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға барлығы 25 оқушы қатысты. Нәтижесі төмендегідей болды.

№ сұрақтар біледі білмейді
1 Ежелгі адамдар түйме орнына нені пайдаланды? 13 - 52 % 12 – 48 %
2 Ерлер мен әйелдер киімінің түймелерінде қандай айырмашылық бар? 9 - 36 % 14 - 64 %
3 Ерлер костюмінің жеңіндегі майда түймелер не үшін қадалады? 4 - 16% 21 – 96 %
4 Алғашқы түймелер қай елде табылған? 2 – 8 % 23 – 98 %

Сауалнама нәтижесі бойынша өзіме мынадай ой түйдім. Түйменің тарихын зерттеу арқылы мен тарихтан да біраз мағлұмат алдым. Музейге барып, ескі түймелерді өз қолыммен ұстап та көрдім. Сондай - ақ мектептегі қолөнер үйірмесіне қатысып, түймеден әр түрлі бұйымдар жасауды үйрендім. Түйме жинауды әдетке айналдырдым. Бірыңғай үлкен түймелерді пайдаланып, өзімнен кіші сіңліме санауды да үйретіп жүрмін.
Жалпы түйме туралы өзімнің білгенімді достарыма да айтып жүрмін.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Балалар арналған «Филипок» сайты.
2. «История вещей» интернет журналы.
3. Социальная сеть работников образования ns. portal. ru
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×