Сайтқа кіру Тіркелу

Microsoft аccess программасы

Негізгі бөлім

Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамның жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң әне экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізнде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.

Функционалдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырмдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекеттік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа тұжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру ақылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді.

Компьютерлік ғылымдар пәндерін инженерлік білім негіздерсіз (жоғары оқу орындарына емес) нашар техникалық жабдықталған ортада үстірт оқып үйренуге талпыну студенттің көзі алдында ИКТ мүмкіндітерінің рөлі төмен түсіру деген сөз. Компьютер студенттің белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игесе, яғни ИКТ-ның техникалық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін атқара алады.

ACCESS программасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толтырып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы программа жасайды. Бұл пргораммада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Яғни біз оны қысқаша – ИКТ деп атаймыз. Бұл электрондық пошта қызметін атқарған секілді де, және бұл салның қызметінде атқарады.

Компьютер мен студенттің өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет. Информациялық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнының арзандануына, оған қоса ИКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр.

ИКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқы қандылықпен қарап, оларды дер кезінде информациялық жүйелерің мынадай негізгі элементтеріне әсер ететінін айту керек: әдістемелік жабдықтау жағына; мұғалімдер мен әкімшілік органанын дайындауға; қолданбал программалық жабдықтамаларға (энциклопедиялар, меди-ресурстар, модельдеу, әкімшілік-шаруашылық кешенін басқаруға) базалық программалық платформаға (Windows операциялық жүйесі + Office), аппараттық кешнге (компьютерлер, жергілікті елі, Интернетке қосылу). Қазір бізде Білім берудегі жаңа технологиялар орталықтары көптеп ашылуда, олардың барлығы да бір мәселені шешуі керек, бірақ олардың бір стратегиялық желісі, даму жолдарының басыңқы бағытын (приоритетін) анықтайтын бағдарламалары жоқ. Оладың әрқайсысылекцияларын өз бағытын дұрыс деп есептейді. Мақсаттары бір, шығындары үлкен, ал алға жылжып жатқандары шамалы. Интеллектуальдық ұлттық қорларды дамытудың басыңқы бағыттарына бағытталған бағдарламалар мен білім технологияларын жетілдіру – саяси маңызды стратегия.

Қазіргі кезде компьютерлік техниканы пайдаланбай жұмыс жасайтын сала жоқ деуге болады. Ал, компьютерді пайдалану технологиясының жұмыс жасауға өзіне тән талаптар қоятыны белгілі. Сондай талаптардың бірі – жұмыс жасауға қажетті мәліметтер базасын МБ құру. Күнделікті өмірде біздің кездестіретін нәрселеріміздің барлығы қандай да бір қордың элементтері болып саналады. Мәліметтер базасымен жұмыс жасай білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды. Сондай-ақ бұл саладағы мамандарға барлық уақытта жұмыс табылады деп айтуға да болады.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) – мәліметтер базасымен жқмыс істеуге арналған программа. Олардың қатарына DBASE, FOXPRO, MICROSOFT ACCESS т.б. программалар бар.Microsoft office пакетінің құрамындағы Microsoft Access программасының Access 7.0, Access 95, Access 97 сияқты бірнеше нұсқалары бар. Олардың ортақ мүмкіндіктерін қарастырып, алдағы уақытта программа атауларын қысқаша MS Access немесе жай ғана Access деп атаймыз.

MS Access-ті пайдаланатындар – көбіне есептеу техникаларымен жұмыс жасайтын, бірақ программалаумен айналыспайтын адамдар. Мұндай қолданушыларды бұл программаның оқып-үйрену жеңілдігі көптеген мәселелерді өздері программаламай-ақ шешу мүмкіндігін, сондай-ақ МБ-дағы қажетті объектілерді жылдам құруға мүмкіндік жасайтын құралдары бар болғандығы қызықтырады. MS Access-тің бір артықшылығы – жергілікті желіні қолданудағы мүмкіндіктері (MS Access-ті қолданушылар ол туралы мәліметті кітаптардан немесе программада орналасқан анықтамадан алуына болады.)
Access программасы жөнінде әдебиеттер жеткілікті. Алайда, олар негізінен орыс, ағылшын тілдерінде, ал қазақ тілінде жоқтың қасы. Ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты осы кемшіліктерді толықтыру. Қолданушыға Access-те МБ-ын құру мүмкіндіктері мен олардың арасындағы байланыс ерекшелік Windows терін көрсету арқылы мәліметтер базасымен нақты жұмыс жасауды үйренуге қолқабыс жасау.

Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез-келген қолданушының MS Access прогораммасын оқып үйренуге және оларды қолданып, МБ-мен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар. Өйткені, Access программасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның объектілері терезе түрінде ашылады.

MS Access-ті басқарудың әр түрлі тәсілдері бар: меню жүйесіндегі саймандар тақтасы, контексті мәзір, тышқан көрсеткішін және клавиштер комбинациясын қолдану. Бұлардың көбі бір команданы қайталауы мүмкін, сондықтан олардың бәрін бірдей қолданудың қажеті жоқ. Негізінде, ең ыңғайлысы – контексті мәзір мен тышқан. Контексті мәзірді керек уақытында тышқанның оң жақ түймесін басу арқылы кез-келген объектіге байланысты шығаруға болады. Сондай-ақ контексті мәзірден осы объектіге байланысты қандай операциялар жасауға болатыны да көрінеді.

1.2.МБ-ын жобалау кезеңдері

Алдына қойылған мәселені шешу мақсатында қолданғанда қандай да бір МБ-ны жасау қажет болса, ол өзінің жұмысын төмендегі кезеңдер бойынша ұйымдастыра білуі керек.
1.МБ-ын құрудың негізін анықтау. Бұл кезеңде мәліметтер базасын құру маңызы, оның негізгі функциялары және онда сақталатын информация анықталуы керек.
2.МБ құрамында болатын кестелерді анықтау. Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Сондай-ақ оларды жобалау кезінде мынадай принциптерге сүйену қажет: информация кестеде және кестелер арасында да қайталанбауы керек: әрбір кестеде тек бір ғана тақырыпқа сай информация болуы керек;

3.Кестелердегі қажетті өрістерді анықтау.Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Оларды жобалау кезінде ескеретін шарттар: әрбір өріс кестенің тақырыбымен байланысты болуы керек; кестеге өрнектің нәтижесі болатын берілгендерде енгізудің қажеті жоқ; кестеде барлық қажетті информация қамтылуы тиіс; информация ең кіші логикалық бірліктерге жіктелінуі қажет мысалы, адамдардың аты-жөнін “Аты” және “Фамилиясы” деп екі өріске бөліп жазу.

4.Әрбір өріске өзіндік жеке мән беру. Әр түрлі кестедегі мәліметтерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс немесе өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс немесе өрістер жиынтығын кілт деп атайды. (2.1-тақырыпты қараңыз).
5.Кестелер арасындағы байланысты анықтау. Мәліметтерді кестелерге жіктеп, олардың кілтік өрістері анықталған соң әр түрлі кестелердегі мәліметтерді байланыстыратын схеманы таңдау қажет. Ол үшін кестелер арасындағы байланыстарды анықтау керек (2.7-тақырыпты қараңыз).
6.МБ құрылымын жаңарту.Кестелер, өрістер және байланыстар жобаланып болған соң, МБ-ның құрылымын қайтадан тексеріп, оның ескерілмеген жайларын анықтау керек. Мұны кестелерді мәліметтермен толтырмай тұрып орындаған жөн. МБ-ын тексеру кезінде кестелерді бірнеше жазбалармен толтырып, олардың арасындағы байланыстарды бақылап, МБ құрылымының қойылған талапқа сай кеңіне көз жеткізу керек. Кері жағдайда оның құрылымын жаңартуға тура келеді.

7.Мәліметтерді толықтыру және МБ-ның басқа объектілерін құру. Егер кестелердің құрылымы қойылған талапқа сай болса, онда оларға барлық мәліметтерді енгізуге және де кез-келген сұраныстар, формалар, есептер және макростар мен модульдер құруға болады.
Access – тің талдау құралдарын пайдалану. Access программасында екі талдау құралы бар: кестелерде талдау шебері; әрекет тездігін талдаушы. Оларды Access-те жұмыс істеуді меңгергеннен кейін программа анықтамасымен таныса отырып, қолдануға болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Microsoft Access программасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл программа қазіргі таңда компютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл программаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдар. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access программасы жоғарғы оқу орындарындағы студеттер үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойынша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиімді. Microsoft Access программасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типографиялық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрін де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№ 266 мектеп-лицейдің 10 "Г" класс оқушысы Нұрман Лаура
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×