Сайтқа кіру Тіркелу

Утепберген Динараның өлеңдері

Утепберген Динараның өлеңдері
Жинақтаған: Полатова Айгуль Жамантаевна - бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Мақтаарал ауданы, Игілік ауылы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі.

"Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз білім шыңына"
Оқушылардың тырнақалды өлеңдеріне көз жүгірте отырып, қазақ поэзиясының құлагері І. Жансүгіров, қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз М. Мақатаев сынды жыр - маржанын төгіп, қазақ поэзиясының көшін ілгері бастайтын ақындар қатарынан көрінетіндігіне сенім арттым.

Ұсынылып отырған «Ғылымның сырын ұғына, Шығамыз білім шыңына» атты өлеңдер жинағы бастауыш сынып оқушыларының өз шығармаларынан жасалған. (суреттері тақырыбына сай келтірілген)
Бұл құралда: түрлі тақырыпта шығарылған өлеңдер оқушыларды әдептілікке, мейірімділікке, тазалыққа, адамгершілікке, елін, жерін сүюге баулиды.
Утепберген Динараның өлеңдері

«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушысы
Утепберген Динара Турсумбайқызы

АНА ТІЛІ
Ана тілің - жүрегің,
Ана тілің - өркенің.
Ана тілің болмаса,
Болмас еді ерлігің.
Ана тілің - өз елің,
Ана тілің - ұстазың.
Қадірле ана тіліңді,
Жүрегіңнің бөлшегін.
Әрқашан ана тіліңді,
Оқып білгін, білімді.
Оқымаса егерде,
Ана тілсіз жүреді.
Ана тілім әрқашан,
Болсын білім әрқашан.
Болмаса егер білімің,
Біле алмассың ілімін.

ТУҒАН ЖЕРІМ
Туған жерім,
Менің асыл көлдерім.
Туған жерің,
Сенің асыл белдерің.
Туған жерім,
Менің белдей асылым.
Туған жерің,
Сенің көлдей асылың.
Туған жерім,
Алтын бесігім.
Туған жерім,
Асыл мекенім.

АНА
Ананы сыйлаңдаршы бұл дүниеде,
Бақытты бол анажан, күйінбе де.
Қыздарың сағынғанда келіп тұрар,
Ұлдарың саулық тілеп жүргенде де.

КӨКТЕМ
Нұрын төккен көктем,
Күн шуағын төккен.
Маған ұнайды...
Мұндай әсем көктем.

ҚЫС
Қыс келді ғой, алақай!
Дала аппақ баладай.
Далада жүр бала да,
Шат көңілмен ана да.

ЖАЗ
Жемістері пісіпті,
Астықтарын теріпті.
Балалар жаз келді деп,
Қуанышпен шомылып жүріпті.

КҮЗ
Жапырақтар сарғаяды,
Күз келді деп тұрады.
Оқу жылы басталып,
Балалар мектепке барады.

ӘКЕШІМ
Әкешім менің, әкешім,
Қамқоршым менің әкешім.
Өзіңмен әке мақтанам,
Менің қымбатты әкешім.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×