Сайтқа кіру Тіркелу

Есірткіден аулақ болайық, ағайын

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті №266 мектеп - лицейдің
7 - Б сынып оқушысы Ешмұратов Бекзат

Есірткіден аулақ болайық, ағайын!

Есірткі – ерте заманнан қолданылып келе жатқан дерт. Ең алғаш рет есірткінің зиян екенін шығыс ғұламасы Әбуали ибн Сина жазып кеткен.
Нашақорлық – бұл есірткі заттарға еріксіз тартып тұратын, ағза қызметін қайтымсыз бұзылуларға алып келумен сипатталатын ауру. Есірткі санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады. Есірткілер – адам психикасының жағдайын, көңіл - күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар. Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Ал кейбіреулер есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ләззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас - қағым сәтте нашақорға айналып шығады.
Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат. Есірткіні бірінші рет қолданған мөлшердің әсері 3 - 4 сағатқа дейін сақталады. Мөлшерден тыс пайдалану жүректің тоқтап қалуына, өлімге әкеліп соқтырады. Есірткінің кейбір түрлері ауырғанды басу, тыныштандыру мақсатында тек мөлшерімен ғана медицинада қолданылады. Есірткінің түрлері де сан алуан: наша, каннабис, кокаин, героин, морфий, гашиш, ханка, химка, сюзьма, экстази және т. б.
Есірткі заттарды қолданудың кейбір белгілері:
- ашу - ызаға булығу, көңіл - күйдің өзгеруі;
- тітіркену;
- себепсіз күлкі;
- тәбеттің болмауы;
- ұйқысыздық, шаршау;
- шамадан тыс сөйлеу;
- жалған айту, тұйықталу;
- көз қарашығының ұлғаюы, тарылуы, қызаруы.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 259 - бабы бойынша «Есірткі тұтынушылар есірткі заттарын заңсыз әзірлегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны, тартқаны үшін жауапкершілікке тартылады».. «Денсаулық - зор байлық», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»
Есіңде сақта: «Есірткі жас өміріңді улайды!».
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×