Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

«Мен өмірді қалаймын»

Жалағаш ауданы, Мардан Байділдаев атындағы
№232 орта мектептің
9 «б» сынып оқушысы Жәмет Айдос

«Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа»
«Мен өмірді қалаймын»
Міне, Қазақстан ХХІ ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине еліміздің арайлы таңының ертеңгі күні, болашағы біздер жастар.
Әр адамның келешегі және өмірі өзінің мойнында. Өмір – бұлақ.... біз бәріміз сол бұлақты екі алақанымызда сақтап жүру керекпіз. Егерде жаман жолға түссек, өміріміздің маңызын қолымыздан жіберіп аламыз. Қазіргі кезде, жастар өздерін көрсеткісі келіп көп жағдайда бұрыс жолға түседі. Бұл жастардың бойында тәрбиесі мен мәдениетінің негізі болмағанының белгісі. Бұл негіз, біріншіден әр отбасынан басталады. Отбасы - бұл тәрбиенің отаны.
Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан ететін қасірет
Есірткіге елігіп, өз балалық шағына, болашағына балта шабу біздің «адам» деген атымызға мүлде жат. Осы орайда данышпан кемеңгер сөз атасы Ұлы Абайдың «Атаның баласы болма адамның баласы бол» деген асыл пікірі еріксіз ойға оралады. Демек адам деген «ардақты ат» деп бекер айтылмаған. Қаншама адамның түбіне жеткен бақытты өмірлерін баянсыз еткен бұл қасірет әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді.
Күннің шуағынан, жылуынан сәулесінен нәр алып, тамырын топыраққа кең жайған раушан гүлі қандай көрікті, ал қараңғыда осының бәрінен мақұрым болған қурап, суалған гүлдің келбеті қандай?
Кейбір денеге енген дертті дәрігерлер көмегімен сыртқа шығаруға болады. Есірткіге елігу асқынып кетсе оны ешбір дәрігерде, емші де емдей алмайды. Ендеше ол дегеніміз - адамның өмірімен қоштасуы.
Ұлы Ж. Баласұғұн «Ақыл – Алланың сыйы» деген екен.
Ақыл мен денсаулық егіз, екеуі ұштасқанда адам бақытқа кенеледі. Наша, есірткі, темекі, ішімдік ақыл мен денсаулықты түпсіз, қараңғы құзға құлатады.
Бұл жолға түскенде адам тек өзін бақытсыз етпейді, аяулы ата анасын, туған туысқанды, достарын жерге қаратып, жігерін құм етеді. Бір ойшыл дана айтқан мынадай нақыл сөз бар.
«Денсаулықты сақтай білу де өнер»- деп. Менің ойымша бұл өнерде ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырған әрбір жас азамат игеруі міндетті.
Өмірді мәнді, бақытты ету үшін ең алдымен адамға мықты денсаулық қажет. Мықты денсаулық адамға салауатты өмір салтын сақтаған жағдайда ғана болатынын еске сақтайық!
Есірткі ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа!

Есірткі деген қасірет
Улайтұғын көп жастардың санасын,
Ұмыттырар әке түгіл анасын.
Жаман әдет, жат қылыққа үйір боп,
Ей, жастарым қайда кетіп барасың?

Аздыратын бұл адамның тірлігін,
Қызығында білдірмейді өмірдің.
Қайта айналып келмейтұғын бір күнді,
Өз мәнінде бақытты ғып өткізгін!

Есірткіден бойды аулақ салайық,
Салауатты өмір салтын қолдайық.
Ей жастарым жат қылықтан аулақ боп,
Дені сау адам болып шаттанайық!

Еліміздің біз жастары келешегі,
Жалғасымыз бабалардың кешегі.
Болашаққа жаңа қадам бастайық
Жарқын елдің келешегі біздер болып!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Салауаттылықты қолдаймыз

Салауаттылықты қолдаймыз

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының өзін - өзі тану мұғалімі Шарипбекова Айгуль Жунисалиевна...
Нашақорлық және құқық бұзушылық

Нашақорлық және құқық бұзушылық

Мақсаты. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер...
Нашақорлық және құқық бұзушылық

Нашақорлық және құқық бұзушылық

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Акубаева Мадина Аубакировна...
Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама

Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, Кенбай орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сұлтанова Нұржауған Кәдірбекқызы...
Денсаулықтың достары

Денсаулықтың достары

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сынып мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы: Денсаулықтың достары Мақсаты: Жас...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету