Сайтқа кіру Тіркелу

Мысық - үй жануары

Тақырыбы: Мысық - үй жануары.
Тақырыптың өзектілігі: Пештің түбінде пырылдап ұйықтап жатқан мысықтың қасиетін, қыр - сырын көбіміз біле бермейміз. Адамзат мысықты бағзы заманнан берi сиқырлы жануар деп есептеген. Мысыққа қатысты ескiлiктен қалған наным сенiмдер әлi де бар. Онымен қоса емдік қасиеті мол деген пайымдаулар шындыққа жанаса ма? Бұл үй жануарының қандай ерекшеліктерін білеміз?
Зерттеудің мәселесі. Менің зерттеу жобамды алу себебім: Мысықтың адамға деген пайдасы, шығу тарихын, оның басқа жануарлардан ерекшелігін атап көрсету. Неліктен қаңғыбас мысықтар көбейіп кетті? Адамның санасына байланысты ма? әлде басқа жағдайлардан ба? Сонымен бірге адам баласына үй жануарына аяушылық сезімін ояту, қатегіздікке бой алдырмау..
Зерттеу болжамы: Өзімнің тұрып жатқан үйімдегі мысықтың өмір сүру жағдайын фотоға, видеоға түсіріп, күнделікке белгілеп отырдым, кітапханаға барып материалдар жинақтадым.
Зерттеу пәні: Дүниетану
Зерттеу объектісі: Үйдегі мысық

Зерттеу мақсаты: Мысықтың шығу тарихы туралы деректер іздеу. Олардың түрлерін, ерекшеліктерін анықтау. Ауыл адамдармен сұхбаттасып қаңғыбас мысықтар неге көбейіп бара жатқандығы, мысыққа деген көзқарастары туралы пікірлерін білу.
Зерттеу міндеттері: Менің міндетім барша адамға мысықтың пайдасын көрсету. Жануарларды қорғау мәселесін қозғау.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысын талдау, жинақтау, сипаттама жасау, бақылау күнделігін толтыру, материалдар жинау, фотоға, видеоға түсіру, сұхбат алу, мысықтың бейнесін жапсыру.
І. Кіріспе бөлімі.
Мысықтарды қолға үйрету тарихынан
Зерттеушілердің болжамы бойынша, жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ең қызығы, ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген. Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысықтәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысықтәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда кездеспейді.
Біздің эрамыздан бұрынғы ІІмың жылдықта Ежелгі египетте мысықты кеміргіштерге қарсы күрес үшін өсірген. Ол кезде мысықты құдайдың жаратқан тіршілік иесі деп қасиет тұтқан. Сол кездерде жасалған мысықтың мүсіндері куә. Храмның айналасына жерленген мысықтың мумиялары табылған. Ал орталық Европаларда мысықты перілердің қолдаушысы деп оларды отқа жағып, өлтірген. Сондықтан бұл жерлерде оба эпедемиясы лезде тарап кетті. Өйткені оны тасымалдайтын кеміргіштер көбейіп кетті. Ежелгі Орыс провославиясында мысық игіліктің белгісі және үйді сиқырлы зұлым күштен қорғайды, о дүниедегі аруақтармен тілдеседі деп иланған. Қытайдың кейбір аймақтарында, Кореи, Вьетнамда мысықттың етін жеуге пайдаланған. Ислам діндерінде мысыққа қатысты мынадай аңыздар бар. Мұхаммед пайғамбардың ақ мысығы болған. Мұхаммед пайғамбар дұға оқып болғаннан кейін мысығына қараса, ол пайғамбардың етегіне ұйықтап қалған деседі. Мысығын оятпау үшін етегін кесіп қалдырған деген аңыздар тараған. Жануарлардың ішінде мысық мешіттерге кіруге рұқсат етілген.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×