Сайтқа кіру Тіркелу

Өлең жинақтары

Жеңеше мен қайын сіңлі диалогы

Жеңеше,
Сіз білесіз бе?
Ағам сізді біздің үйге әкелерде,
Бақытқа қадам басып жетелерде,
Мен қарсы болғам
Ең жаманы пенденің деп ойлағам.
Болар бәлкім келіні үйдің ең жаман.
Мүмкін болар қызғаншақта сараңда,
Өзі үшін қу айлакер бола ма?
Өтірікші, арам пиғыл болып ап
Алданды ма менің байғұс ағам да?
Ағам бірақ құптамады ойымды,
Тыңдағысы келмеді бұл сөзімді.
Ашуланып, кетті дағы бұлданып,
Алып келді мына отырған өзіңді.

Бұрын сезгем осында келгенімде,
Ашуланып бұлтиып жүргеніңде.
Көп тырыстым қызындай болу үшін,
Алтындай асыл болған ата - енеме.
Досыңдай болғым келді бір өзіңе,
Ойлағам бауыр басар жүре келе,
Еркетай, айтшы маған бұл сөздерің,
Бағытталып өзге жаққа өзгерді ме?
Әлде мені соншама жек көрдің бе?

Жо - жоқ жеңге,
Сол күні орамалды таққаныңда,
Пейішім босағаны аттағанда,
Ойым - дағы өзгерді сізді көріп,
Періштедей ақ көңіл, жылы жүзді.

Еркем, сен менің құрбымдайсың бала күнгі,
Сырласпастан өткіздік қанша түнді,
«Жеңешелеп» жүретін тәтті үніңді,
Еркелігің санайын қылығыңды.

Жеңеше, мен сізге таң қаламын,
Қалайша тез үйрендің салт алабын.
Орысша білім алып оқысаң да,
Қазақтың салт дәстүрін аттамадың.

Күлімдеп жүрші жеңеше әр күн сайын,
Татулықта жүрейік біз әрдайым.
Ақылыңнан айналдым еркетайым,
Қызғалдақтай құлпырып жүр әр дайым.

Ұмытылып кетеді өткен күнде,
Сіңлім, жеңешеңе бақыт тіле.
Асты - үстіне түсетін жан ағаңның,
Еш бір адам жетпейді жеңешеңе!

Батыр ата бейнесі

Ғылым – теңіз тым терең бойлағанға,
Көңілде сәуле ұялар ойлағанға.
Ұстаздың ұлылығын бойға жиған,
Батырдың бейнесі тұр ой санамда.

Санадағы ойларды саралағын,
Жүрек төрін үңіліп аралағын.
Көзден кетті, көңілден кеткен емес,
Батыр ата бейнесін ұмытпағын.

Ұмытылмас ерлігің мәңгі өнеге,
Ұлы тұлғаң жоғалмас көңілден де.
Сан ғасырлық тарихы мол ерлікті
Мақтан етер алтын ұя мектебімде

Күллі ұрпағың өзіңді ұмытпайды,
Еске алып ерлігіңді ұлықтайды.
Әрдайым Батыр – Ұстаз еске түсер,
Көргенде көктегі үлкен жарық айды.

Ерлік, елдік батырлықтың бесігі,
Тарих толы әр алаштың есігі.
Ұлы мекен мектебіме берілді,
Батыр ата - Қожабайдың есімі.

Ұрпаққа мұра еткен батырлығын,
Мақтан етер, «қазақ» атты халқың бүгін.
Ұлы жол - сара жолды жалғастырып,
Жырлайды сізді бүгін ақын қызың.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мен және менің отбасым

Мен және менің отбасым

«Даулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» - демекші, білім мектептен, тәрбие бесігі отбасынан басталады. Отбасы - махаббатқа, бақытқа, қуанышқа,...
Қарындастың тілегі

Қарындастың тілегі

Бізде бүгін қуаныш, бізде бүгін тойдағы, Мендегі қыз көңілге шаттық келіп жайлады. Жан ағам, сендегі бар бақыттың ақ нөсер боп төгерін, Сезе алды...
Әкені қызының құттықтауы

Әкені қызының құттықтауы

Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел, Әке, сізді бүгін бәрі түсінер. Құрдас десе сізді тұстастарыңыз, Аға дейді сізді барлық кішілер....
Жеңгеге тілек (қайны, қайын сіңлілер тілегі)

Жеңгеге тілек (қайны, қайын сіңлілер тілегі)

Арнап кетпей гүл-өмірдің жатқа әнін, Біздің үйдің босағасын аттадың. Сондықтан сен ең әдемі жеңгесің, Өзің де әр кез сол қалпыңды сақтадың....
Нан туралы баллада

Нан туралы баллада

Соғыстың іште, сыртта желі аңырап, Сатылап құлап жатты сан шаңырақ, Астынан сол шаңырақтың қылтидық біз Секілді жауын күнгі саңырауқұлақ....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×