Сайтқа кіру Тіркелу

Жеткіншекке жадынама

Жеткіншекке жадынама

 

Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болмайды. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалансаң, сен сол қиын жағдайдан, өзің қиналмай шығасың.

 

1 кеңес. Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге немесе күйзеліске түспе. Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс.

2 кеңес. Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта. Егер өзің болсаң, барлық жауапкершілікті өзіңе ал. Жақсылап ойлан, тағы да қай жерден, қандай қауіп болуы мүмкін.

3 кеңес. Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласың, соны ойла.

4 кеңес. Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс. Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың. Өтірік – бұл сен үшін тағы да қиын жағдай.

5 кеңес. Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын, бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме. Саған одан жеңілдік болмайды. .

6 кеңес. Саған нақты көмек көрсете алатын, өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра. Егер ол сенің ата-анаң немесе туысқаның болса тіпті жақсы.

7 кеңес. Ата-ана алдындағы үрейіңді бас. Өз қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтере білу керек. Есіңде болсын бұлттан кейін, күн жарқырап салады.

8 кеңес. Жағдайыңды өзің ғана түзейсің, оған сену керек, ешқашан  қорықпа. Қорқыныш – сенің көмекшің және досың емес. Қорқыныш – жалғыз адамдардың жолдасы. Ал сен жалғыз емессің! Егер сен көмек сұрасаң, саған әрқашан көмек көрсетіледі.

 

Өз-өзіңді қорғаудың  8 тәсілі

 

1. Өз пікіріңізді ашық айтудан және бойыңызды билеген көңіл-күйді білдіруден ұялмаңыз.

2. Өз мүмкіндіктеріңіздің шегін түсіне біліңіз.

Көбіне «Психологиялық типтегі» адамдардың қалқан безі жиі ауырады. Бұл адамдар белсенді, ерік-жігерге толы болады, қай нәрседе болсын кемеліне, жеңіске жетуге ұмтылады, және әркімнің басында бола беретін сәтсіздіктерді өте ауыр сезінеді.

Өз мүмкіндіктеріңізге сай жұмыс істеңіз, еңбектеріңізге қуана біліңіз, сонда эндокриндік жүйеңізге сызат түспейді.

3. Барлық адамдар үшін жақсы көрінуге тырыспаңыз.

Қоршаған адамдардың пікіріне қаншалықты тәуелді болсаңыз және өзіңізге сеніміңіз қаншалықты аз болса, психологиялық тұрғыда соншалықты осалсыз. Басқалардан қолдау күтпеңіз, сонда денсаулығыңыз да тәп-тәуір болмақ.

4. Жақсы ойлар ойлаңыз.

Өзіңізде жоқ нәрсені емес, сізде бар нәрселер туралы ойлаңыз.

Жоғалған заттарыңыз немесе босқа кеткен уақытыңыз үшін қапаланбаңыз. Осындай адамдар ертерек ауырады.

5. Жиі күліңіз. Адам ағзасында бәрі өзара байланысты болады – аздап жымисаңыз болды, миға «өмір тамаша» деген рефлекстік дабыл түседі. Жүйке жүйесі бұны ішкі органдарға, атап айтқанда қалқан безіне жеткізеді.

6. Қалауыңызша жылаңыз.

Ғалымдар мынаны анықтады: көз жасы – аурудың алдын алудың және сырқаттың шипасы. Көз жасыңыз мүлдем шықпай ма? Онда бойыңызға жиналған эмоциялық жүк түскенше барынша қатты айғайлаңыз. Ер адамның гүрілдеп дауыс көтеруі – қорқытудың амалы емес, бар болғаны әйелдің жылағаны секілді психологиялық жеңілдену әдісі.

7. Таңертең ертерек тұрыңыз. Уақыттың тығыздығынан жұмысқа асығыс жиналып, күйгелектену денсаулыққа нұқсан келтіреді. Сағатыңыздың тілдерін 10-15 минут алға қойып қойсаңыз болды, күні бойы жай-күйіңіз де жақсы болады.

8. Оңаша қалуға ұмтылыңыз.

Күніне ең болмағанда жарты сағат жалғыз қалуға тырысыңыз. Ірі қала тұрғындарының, әсіресе шағын пәтерлерде тұратындардың басты мәселесі – үйде адамның жеке өз орнының болмауы, сапырлаған кісінің көптігі. Алайда аса қажет болса, жеке қалатын жерді табуға болады: тыныш көшелермен серуендеңіз; үйдегілер ұйқыға кеткенде асханада отырып шай ішіңіз; ваннаға түсіңіз. Сонда қалқан безіңіз тыныш, бақытты сәттер үшін сізге риза болады.

Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Көбейтудің үлестірімділік заңын пайдалану жолдары

Көбейтудің үлестірімділік заңын пайдалану жолдары

Қарағанды қаласы №6 жалпы білім беретін орта мектебі Мұғалім: Ахметова Гульмира Махметовна...
Мемлекеттік тілді білу – парыз

Мемлекеттік тілді білу – парыз

Астана қаласы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы Деңгей: Бастауыш деңгей. Сабақтың тақырыбы:...
Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес

Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес

Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес. 1. Тестке кіретін кезде өзіңе сенімді бол. 2. Тестке барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей...
Қазтуған жырау

Қазтуған жырау

Қазтуған жырау (XV ғасыр)   Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайнар...
Телжанов Қанапия

Телжанов Қанапия

Телжанов Қанапия Темірболатұлы   Ұлы қазақ суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер  қайраткері. Ұлты – қазақ. Туылған жылы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×