Сайтқа кіру Тіркелу

Менің Отаным Қазақстан

Менің Отаным Қазақстан
Мақсаты:
1. Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерді арттыру.
2. Достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, ел мұрасын жалғастырушы азамат болуға баулу.
3. Өз қалаң мен ортаңды сүюге бағыттау.

Отан – менің ата - анам,
Отан – досым, бауырым.
Отан – өлкем, Астанам,
Отан – туған ауылым.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

«Менің Отаным – Қазақстан» - деп дүние жүзінің балалары еститіндей айтқым келеді. Отаным Қазақстанда қазақ болып туылып өскенімді мақтан етемін. Мұның бәрі маған және мен үшін өте қымбат.
Отан... Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным - сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.
Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның - алтын бесігің», «Отаны жоқтық - нағыз жоқтық», - дейді халқымыз. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың борышы. Ал біздің халқымызда Атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата - бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.
Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт - дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі - бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды.
Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл - тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» дейді халық. Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып, XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Ана тіліміз - қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр – жастар ғасыры. Мұқағали ағамызда осындай сөздері бар:

«Сендердікі қоғам, өмір, заман да,
Сен түзеген қалаң менен далаң да,
Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,
Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!».
Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз - жастар. Туған жер! Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіміз, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын баламыз!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан

Қазақстан

Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет. Осы тамаша табиғат - ай!...
Қазақстан - менің Отаным

Қазақстан - менің Отаным

Тақырыбы: Қазақстан - менің Отаным Мақсат: Оқушыларды 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтау. Елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу Тәуелсіз ел...
Менің сүйікті Жезқазғаным!

Менің сүйікті Жезқазғаным!

Мақсаты: Оқушыларға туған қалалары жайлы мағлұмат беру, туған қаласындағы көрнекі орындар мен ескерткіштермен таныстыру. Оқушылардың туған қаласына...
Менің сүйікті Жезқазғаным!

Менің сүйікті Жезқазғаным!

«Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Өткізген: Керимкулова М. Б...
Менің Қазақстанымды әлем таниды!

Менің Қазақстанымды әлем таниды!

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» бастауыш сынып мұғалімдері Сауытбаева Гульмира Серикбаевна Керимкулова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×