Сайтқа кіру Тіркелу

Жеңіс күніне арналған өлеңдер

Жұбан Молдағалиев
Бір бассаң да, алға бас
Өжет елдің жігіті
Өшін алмай шыдар ма?
Кескілескен дұшпанын
Кесіп түспей тынар ма?
Тайынба, жолдас жауынгер,
Ел тағдыры қолыңда!
Тайынбасаң оқ пен от
Бөгет болмас жолыңа!
Халықтың ыза кегінен
Сауыт киіп сан қабат,
Жай түсер жаудың шебіне,
Жауызды өлтір саңлақ ат!
Қапы қалма, қырылсын!
Өздері қазған орына
Өздері мерт боп жығылсын!
Қасқия шап, қарсы бар
Өмірдің нұрлы таңы үшін!
Бір бассаң да алға бас,
Миллиондардың бағы үшін!

Сырбай Мәуленов
Соғыстан қайтқан солдаттар
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?

Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың,
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?

Кетерде солдат жарының,
Ішінде қалған ана жыл.
«Көкемді айтпай танырмын», -
Деп бір сәби бала жүр.
Қайрылмай қалай кетесің,
Хабарсыз қалай ол тоқтар?
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар?

ақын, журналист Айбатыр СЕЙТАҚ
Қаһарман
Мың құбылып тұрса - дағы бар маңы,
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –
Туа біткен туралықтың тарланы.

Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,
Бойға жиған ақылы мен сабырын,
Өмір бойы шындық үшін күресіп,
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!

Жауынгерді айналдырып құрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын
Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!

Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,
Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.
Біздер үшін рухы биік Бауыржан
Батырлық пен Ақиқаттың туындай!

Ұшқыр ойды от - қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!

Майданнан хат
Хат жазамын майданнан,
Мейірімшіл ғазиз - анама
«Жақыным - жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас,
Екі қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
жүрегің оттай жана ма?
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Сабырдың суын бере көр,
Жаныңдағы жараңа.
Ажалсыз адам өлмейді.
Мезгілсіз шөлмек сына ма?
Ердің басы ел үшін,
Арыма жаным садаға.
Бұлт жамылып қар төсеп,
Мен жатырмын далада.

«Майданға хат» (үзінді):
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сенен хат.
Хабарыңды есітіп,
Қуанып қалды ғаламат.
Күніге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім – жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Суретің келді хатыңда,
Шекпен киген жалаңқат.
Ерге лайық бес қару,
Асыныпсың автомат.
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Отаның үшін қарағым,
Арың қымбат жаныңнан.
Бөбектерің аман - сау,
Ас жейді әзір қолымнан.
Ербеңдеген ермегім,
Тастамаймын қолымнан.
Лақ - қозы қайырсам,
Қалмайды сүйем соңымнан.
Жағдайсыз емес келінім,
Оны да көрем бағымнан.
Хабарыңды жиі жаз.
Өтпесін көп күн арадан.
Талқандап жауды аман қайт,
Бұлт серпіліп көгімде.
Жазылсын жүрек жарадан!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Соғыстан қайтқан солдаттар

Соғыстан қайтқан солдаттар

Жаутаңдап қарап дала тұр, Көз жасын сүртіп жаңа бір. Хабарсыз ұлын сұрауға Жолыңды тосып ана жүр....
Еңсесі биік-ұлы Жеңіс!

Еңсесі биік-ұлы Жеңіс!

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз...

"Қос қайың"

1 көрініс. Сүгір, Досан және анасы. Сүгір күй шертіп отырады. Исатай: Еске алсақ сұм сұрапыл соғыс жылын, Жүрегін жұлып кеткен қанша мыңның. Ұлын,...
Бақыт гүлін терген күн

Бақыт гүлін терген күн

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады) Немересі: Әже, әже! Бүгін менен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді....
Өткенін білмеу – болашаққа қиянат

Өткенін білмеу – болашаққа қиянат

Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия - биология пәндерінің мұғалімдері Наурызбаева Гульназ Чапетқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×