Сайтқа кіру Тіркелу

Нұрлан Жансая Бақытбекқызының шығармалары мен өлеңдері

Мектебіммен мақтанам
Мен, Нұрлан Жансая Бақытбекқызы, Қызылорда қаласы, Мерей мөлтек ауданындағы
№ 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 2 "В" сыныбында оқимын. Біздің мектебіміз қаланың батыс бөлігінде, Сырдария өзеніне жақын маңда орналасқан.

Мектебіміздің ашылғанына 25 жылдай уақыт өтіпті. Осы жылдарда мектебімізден талай шәкірт түлеп ұшты. Былтыр ғана екі оқушы "Алтын белгіні" иеленді. Мырзабекова Салтанат пен Нағметулла Айдос деген түлектерді мектебіміз мақтан тұтады. Сондай - ақ біздің мектепте үйірмелер, спорт секциялары жұмыс жасайды. Мектеп оқушылары интеллектуалдық сайыстардан, өнер байқауларынан да жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мен осындай мектепте оқығанымды мақтан етемін.

Өнер, білім үйреніп,
Болашаққа барамын.
Бәсекеде әлемдік
Қазақ атын жазамын.

Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламын.
Соғылғанда қоңырау
Дайын дәптер, қаламым.

Үзілісте шуламай,
Тыныш қана жүреміз.
Апайымыз мақтаса,
Тек жымиып күлеміз.

Мектеп біздің екінші
Үйіміз деп санаймыз.
Үйімізде тәртіптің
Орнағанын қалаймыз.

Оқуда, еңбекте
Үлгі бол сен көпке!
Бақыт та, байлық та
Барлығы еңбекте.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Биыл мен де мектепке Біріншіге барамын. Мақтанбаймын мен текке, Дайын дәптер, қаламым. Мектепке енді барамыз, Біз оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты,...
5 сынып оқушыларын орта буынға қабылдау рәсімі

5 сынып оқушыларын орта буынға қабылдау рәсімі

Жүргізуші: 1) Қайырлы күн құрметті ұстаздар! Сәлеметсіңдер ме балалар! 2) Бүгін біздің мектебімізде өте атаулы күндердің бірі. Яғни 5 сынып...
Үздік сынып жетекші-2014

Үздік сынып жетекші-2014

Қызылорда қаласы, № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте өткізілген "Үздік сынып жетекші - 2014" байқауы Авторы: Еспенбетова Зағира...
Мектебіме арнаймын

Мектебіме арнаймын

Қызылорда қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушысы Берікбек Дәулет Асқарұлы "Мектебіме арнаймын" өлеңі Мұғалімі...
Ақтөбе – сүйікті мекенім! (оқушы шығармашылғы)

Ақтөбе – сүйікті мекенім! (оқушы шығармашылғы)

Ақтөбе, туған елім – мекенім Сені мәңгі құрметтеп мен өтемін Ыстық маған суың, тасың, тауларың Әрқашан да сені мақтан етемін!...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×