Сайтқа кіру Тіркелу

Кене энцефалиті

Кене энцефалиті

Кене энцефалиті – жедел вирусты ауру, бұл вирус адамның миын және жұлынын зақымдап, сал ауруына душар етеді.
Қоздырушы тоговирус тобына жатады, өлшемі 45-40нм, құрамы антиген В, РНК бар.

Көктем, жаз айларында табиғатта кездесетін кенелердің шаққанынан жұғады.
Кене адамды шаққанда вирус ағзаға еніп, бірден нерв тінін-клеткасын зақымдайды. Содан ары орталық нерв жүйесіне үлкен өзгерістер туғызады.

Кене энцефалитінің белгілері, өрбуі.
Жасырын кезеңі 8-23 күн (көбінесе 12 күн). Негізгі белгісі қызба, ми мен нерв жүйесінің шектелген бөлігін зақымдайды. Ауру жедел басталады. Кейде науқастың әлсізденіп, басы ауырып, лоқсып, ұйқысы қашып, мазасызданады. Ауру аяқ, мойын еттерінде әлсіздік сезініп, беті және мойны жансызданады.
Қызуы 39-40 градус көтеріліп, 2-10 күнге созылады. Мойын етінің қатаюы, Кернинг, Брудзинский белгілері айқындалады.

Кейде ауру жеңіл де өтуі мүмкін.
Диагноз кененің шаққан орны немесе кенені теріден шығарып алынған белгілер бойынша қойылады. Зақымдану белгілері анықталады. Зертханада РСК, РПГА жасалынады, оның қорытындылары диагнозды толықтыра түседі. Кене энцефалиті қауіпті ауру, ұзақ емдеуді керек етеді. Алғаш науқасқа барлық жағдай жасап энцефалитке қарсы гамма-глобулин егіледі.

Аурудың өрбуіне қарай барлық зақымданған органдарға ем қолданылады. Аурудың алдын алуда, шаққан кенені денеден алып, тіркеуге невропатолог маманына жіберіп, сонда кене энцефалитіне гамма-глобулин жасайды және бақылауда болады. Егер сіз табиғатта болсаңыз және үстіңізден кенені байқасаңыз, абыржымаңыз.

Кеңесті оқыңыз!
Мүмкін болса емханаға барыңыз, сонда кенеңізді дұрыс алады. Егер мүмкіншілік болмай жатса, онда мына кеңестерге құлақ салыңыз: Кенені бірден жұлып алуға болмайды, себебі ол аяқтары мен денеге терең еніп алған. Сондықтан адамды ыңғайлы жерге жатқызып, кененің үстіне сұйық май тамызса, бір минуттан кейін оның демалысы қиындайды, сонда жіппен бас жағынан орап, ақырындап ырғақпен тартса, кене бар аяқ-қолымен оңай шығады. Кене сорған жерді йодпен, спиртпен тазалап, маман дәрігерге көрсетілуіңіз қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұйқы безінің қабынуы

Ұйқы безінің қабынуы

Ұйқы безін анатомиялық құрылымына қарап басы, орта денесі және құйрығы деп үшке бөлеміз. Без жасушалары өндіретін фермент түтік жолымен ұлтабарға...
Жылан уы

Жылан уы

Жылан уы — улы жыланның сілекей безінен шығатын улы зат. Ақшыл сары не көкшіл түсті сұйық....
Менингит ауруы және одан қорғану жолдары

Менингит ауруы және одан қорғану жолдары

Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып саналады. Сонымен қатар менингит жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде...
Бунақденелілер

Бунақденелілер

Бунақденелілердің тіршілік ортасы, даму жолдары, адамға тигізетін пайдасын зиянын түсіндіру, олармен жүргізетін күрес шаралары туралы түсінік беру....
Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік тіршілік ету дағдысы Кенелерден қорған ...

Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік тіршілік ету дағдысы Кенелерден қорған ...

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Б. Бегалиев атындағы орта мектептің І санатты биология пәнінің мұғалімі Нсанова Гүлсім Меллятқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×