Сайтқа кіру Тіркелу

Серікбаева Айсұлудың өлеңдері

Ұлы Абайға
Мен жазайын дәріптеп сөздің сарасын,
Өлең жазған айырып ақ пен қарасын.
Айтқан сөзі бұлақтан аққан тамшыдай,
Ерекше тұлға – қазақтың ұлы данасын.
Ардақты Абай, ақындардың ақыны,
Әділдікті жақтаумен халықтың болған жақыны.
Аманатың түгелдей ұрпағыңа жетті міне
Ғибратпен жазған өлеңі, түйінделген ақылы.
Қалдырды жазып, қырық бес қарасөздерін,
Үйреніп алғаш, аударған шетел тілдерін.
Шындықты жазды, қазақтың ойлап тағдырын,
Атаның емес, баласы болып адамның.

Сағыныш
Сыныпты бітіргенде сегізінші
Сезіндім мен өзімді үлкен кісі.
Ата - ана мен бауырға көмектесіп,
Жасаймын деп қолымнан келген істі.
Әсем қала Алматыға жол тарттым,
Еңбек етіп, оның да көзін таптым,
Өзге ортада, өзге жерде жүргенде
Ол жақтан да адал жүрек дос таптым.
Уақыт өтті, сағындырды ауылды,
Сағындырды достар менен бауырды.
Баса алмады, баса алмады ешнәрсе де
Жүректегі «Сағыныш» дауылымды.
Сағынышты мен бұрын түсінбегем,
Туған жерді түсімде күнде көрем.
Көп ойладым, туған жер, ата - анамды,
Ұзамай - ақ Таразға қайтқым келген.

Ауылым
Тым аяулы мекен бұл, қойнауы құт,
Қоныстанған бұл жерге көптеген жұрт.
Аталады ауылым «Көкбастау» деп,
Көк аспанын ешқашан жаппаған бұлт.
Имандылық белгісі - мешіті бар тамаша,
Көз тартады алыстан, жайнап тұр бала - бақша.
Қажеттінің бәрі де табылады ауылда,
Емхананың жанында мектебі тұр жараса.
Туған өлке көркейсінші, дәулетпенен бақ дарып,
Қуанамын дамуына достарыммен шаттанып.
Береке мен бірлігі, ынтымағы жарасқан,
«Біздің ауыл осы» - деп, айта аламын мақтанып!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
О,туған жер,топырағыңнан жаралдым

О,туған жер,топырағыңнан жаралдым

Туған жерім асқарлысың айбынды, Тең көрмеспін саған мөлдір айдынды. Сенің таза тұнық ауа келбетің, Ұмыттырар көңілдегі жай, мұңды....
Ұзатылайын деп жатқан қызға

Ұзатылайын деп жатқан қызға

Ешнәрсе ойламайды қыз жасында, Атаның бұлғақтайды ортасында. Қадірі ата - анаға ұлдан артық, Бөтеннін тең көрмейді мырзасына....
Туған жерге оралу

Туған жерге оралу

Әкем сенің төсіңде атын тұңғыш ерттеген, Анам сенің төсіңде тамыр жайып көктеген. Мен де сенен ең алғаш таптым арман өрісін, Сенен ұлы ешкім де...
Туған ауылым

Туған ауылым

Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңқияқ орта мектебі 1"а"сынып оқушысы Аққу Назерке Асылбекқызы Мұғалімі: Турмагамбетова Акслу Жеткеровна...
Көктем келді ауылға

Көктем келді ауылға

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің 2 «ә» сынып оқушысы: Қуанышбек Құндыз Мұғалімі Нурманова Жадыра Файзоллакызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×