Сайтқа кіру Тіркелу

Наурыз бата

Наурыз бата
Наурыз бата - Наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға тағы басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді.
Мысалы: Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың - оңға, қызың - қырға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!
Айың тусын оңыңнан,
Жұлдызың тусын солыңнан!
Бақ берсін, қыдыр дарысын!
Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Және наурызда алған батаның орны бөлек болады.
Наурыз көже - Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерін жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.
Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
Наурыз төл - Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.
Наурызша - Наурыз айында жұп - жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны қазақ наурызша деп атайды.

Құттымұрат Рамазан
"Сымбат" жеке мектебі
1 сынып оқушысы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×