Сайтқа кіру Тіркелу

Кактус

Кактус
Кактустар алғаш Мексикада пайда болды. Ежелгі үндістер оны қасиетті деп санаған.
Кактустар құрғақшыл климатқа өте тамаша бейімделген. Олардың жапырақтары тікенектерге, талшықтарға, түктерге айналған. Бұлар жапыраққа қарағанда ылғалды көп буландырмай, кактус сабағын ұйыса жауып тұрады. Сондықтанда бұл өсімдік шыжыған аптаптың өзінде де сабағында ылғалды жақсы сақтап, сөлі мол күйінде тұрады. Олардың кейбіреуі өз бойында 3 мың литрге дейін су сақтай алады. Сондықтан кактустар шөл жерлердегі бірден - бір ылғал «қоймасы» болып табылады және көптеген саяхатшылар осы өсімдік суымен жан сақтайды. Тікенектері оны ірі хайуанаттардан да қорғайды.

Кактустардың түрлері көп, олардың ағаш, бұта тәріздес, сондай - ақ шөптесін түрлері де бар. Біреулері - кірпіге, екіншілері - асқабаққа, үшіншілері - май шам тұғырына ұқсайды. Биіктігі 1см ғана шығатын кішкентайлары, 25 метрлік алыптары да бар. Кішкентайлардың салмағы бірнеше грамм болса, алыптары бірнеше тонна тартады. Кактустардың гүлдері де әр түрлі. «Түн ханшасы» кактусының әрбір гүл желегінің ұзындығы 14 сантиметрге дейін жетеді.

Мексикалықтар бүлдіргенді кактус жемісінен мармелад әзірлейді. Кейбір кактустардың сабағын пісіріп немесе қуырып жейді. Жеміс шырыны сусын болады. Ал кейбір кактустар мал азығы ретінде пайдаланады, тек алдымен оларды тікенектерінен тазартып алады. Үлкен кактус ағаштарынан үй - жай салып, мебель, сондай - ақ неше түрлі әсем бұйымдар жасайды.
Кактус бізде ботаника бақтары мен әуесқойлар колекцияларында ғана өсіріледі. Кактустар Колумбтың Америкаға алғаш саяхатынан кейін, Жаңа Дүниенің кереметі ретінде Европаға әкелінді. Ал оны Россияға Петр Бірінші алып келді. Қазір оның сан алуан түрі бар.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Кактустардың түрлері
Ұқсас жаңалықтар:
Жұмбақтар (өсімдіктер туралы)

Жұмбақтар (өсімдіктер туралы)

Жұмбақтар Үйде күтіп, Баптаған, Үстінде бар қаптаған, Тікенектері түрпідей, Өсімдік бұл – Кірпідей. (Кактус)...
Бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасы

Бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасы

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік - бөлме өсімдіктері жайлы алған білімдерін еске түсіре отырып, үй жағдайындағы өсімдік түрлерінің климаттық флорасын...
Асқабақтың дәрілік қасиеті

Асқабақтың дәрілік қасиеті

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға негізгі мектебінің 1 - сынып оқушысы Рахматуллина Анастасия Жетекшісі: саға негізгі мектебінің Мұғалімі м. Т....
Астық тұқымдастары

Астық тұқымдастары

Қызылорда қаласы, №43 Ж. Махамбетов атындағы қазақ орта мектебінің биология - география пәні мұғалімі Досжанова Тоғжан Шекербекқызы...
Өсімдік

Өсімдік

Қызылорда қаласы, Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледжіндегі РОӘБ әдіскері Даулетбаева Гүлзира Сандық білім беру ресурсы арқылы бастауыш...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×