Сайтқа кіру Тіркелу

Ақсуым – ару қалам, асқақтаған

Ақсу қаласы,
Үштерек ауылының орта мектебінің 9-қазақ сынып оқушысы
Төлеуқызы Мадина
Өзімнің жүрегімнен жарып шыққан бұл өлеңді өзімнің туған жерім - Ақсуыма арнаймын!

Ақсуым-әсем қалам, шұрайлымсың,
Сен туралы талай әсем жыр айтылсын!
Туған елім, туған жерім, алтын бесік,
Сен әрқашан мақтауға лайықсың!

Сарыарқа даласының мақтанышы,
Павлодар облысының асқар күші.
Ынтымағы жарасқан халқыменен,
Көркейген қалалардың асқарлысы!

Қарт Ертістің жағасында орналасқан,
Жасыл желек ауылдары көрік қосқан.
Арман қала, ару қала Астанадай,
Болашақтың қаласы құрақ ұшқан.

Мәдениеті өркендеген әр күн сайын,
Тамырын тереңге жайған жас ақ қайың.
Сол тамырдан таралған ұрпақтарың,
Мақтап өтер мәңгілік әр кез дайын.

4-ықшам аудан гүлденгелі,
Жаңа мектеп салынып басты ілгері.
Балабақша бүлдіршіндер ордасымен,
Халықтың денсаулығы спорт кешені.

Ферроқортпа зауытыңмен даңқтысың,
Марганец пен хромың байлық күшің.
Сенсің ғой қазба байлық бұлақ көзі?!
ГРЕС-пенен тоқ-өндіріс шынарысың.

Елді мекен өркендеген көкеніспен,
Әр жыл сайын өнім беріп, бітік піскен.
Солтүстіктің алтын қазық мақтанышы,
Ас адамның арқауы-көкеністен!

Ақсуым ару қалам асқақтаған,
Өзіңді мақтан етем асқақ қалам.
Жыл сайын гүлдене бер, нұрлана бер,
Кір жуып, кіндік кескен туған қалам.

Бақыттысың еңбекшіл халқыңменен,
Асқақтаған атағыңмен, даңқыңменен.
Сол арқылы көркейе бер, өсе бер,
Айналайын, туған жерім, халқым сенен.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Өлең, Ақсу
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×