Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Менің Отаным - Қазақстан шығарма

«Менің Отаным Қазақстан»
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмырың бір қана ма?
Уа, Дариға, алтын бесік – туған жер.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны есімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап – ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Жер Ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдар бір - бірімен тамырлас, әрі тағдырлас. Әрбір адамзат баласының туған жері бәрінен де қымбат. Себебі, кіндік кескен жерінде өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатымен біте қайнасып адам болып қалыптасады.

«Отансыз адам, армансыз бұлбұл», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешеді. Әр біріміз үшін Отан ошақ басынан басталады.

Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Покровка ауылынан басталады. Дәл осы ауылда менің көңілді де, бақытты, уайымсыз балалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным, және мектепке барған көше әлі есімде. Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған күн... Сыныптас достарымен алғаш рет таныстық. Мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма елестетемін, мектептегі күндерім, өте қызықты өткен екен. Сыныптастарымен сыныптың ішінде ойнап, жүгіріп жүрген кез, мұғалімдерден ұрыс естіген кездер өте көп болған. Ал, қазір кішкентай ұлдарымыз ер жетіп, қыздарымыз бой жетті. Қазір 11 сыныпта оқимыз. Бүгінгі білім ордасымен, сыныптас достарымен қоштасар сәттік жақындағанына да сене алмай тұрмын. Орта мектепті бітіруге санаулы күндер қалды, сыныптас достарымыз бен жан – жаққа, Қазақстанның түпкір – түпкіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалық шақпен қоштасуым керек екенің ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді.

Міне әне – міне дегенше сүрлеу – соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылмақ.

Жас түлек – болашақ үлкен бір мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір мені қайда жетелесе - сонда жол тартпақпын. Әр адамның өмірден өз орнын тапқаны дұрыс қой. Дегенмен, «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойларды ойласам, қазірден – ақ туған жеріме, киелі құт мекеніме деген сағынышым арта түседі.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жие ойланамын. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтарда бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі. Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихын мен салт - дәстүрін білу керек. Ол байырғы көркем Қазақстанда бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Туған жерге, Туған тілге, Туған елге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай. Отан туралы, туған жер туралы, жан толғанысын айтып тауыса алмаспын, сірә!

Туған жерге деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сындардан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің тағдырын біле жүрейік дегім келеді.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету