Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғат туралы ырымдар

Жұлдызды қолмен көрсетсе, қолға сүйел шығады деген ырым бар.

- Күннің күркірегенін алғаш естіген адам бір темірді алып, ауырған жеріне тигізсе, ауру жазылады немесе арқасын қабырғаға үйкесе, ауру - сырқау жоламайды.

- Найзағай ойнап, жауын жауғаннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүрсе, адам ауырмайды немесе бұрынғы ауруынан айығады.

- Жаңа ай туғанда түскен келіншек баланы көп туады.

- Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, олардың ұрпақтары да көп болады.

- Күн алғаш күркірегенде тілеген тілек қабыл болады.

- Жазғытұры күн алғаш күркірегенде: «Мал желіні сау болсын, сүт мол болсын!» - деп, шөмішпен ақ алып шығып, жабыққа жағады, босағаға төгеді.

- Біреудің үйі өртенсе, арты жақсылық болады деп ырымдайды.

- Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.

- Ауыл жанындағы суда жүрген құсты атуға, үркітуге болмайды.

- Балапан шығарған құсты атпайды.

- Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. Ол қыста белгі, жазда пана ретінде сақталған.

- Буаз, төл ерткен аңды атпайды.

- Жаңа өсіп келе жатқан көкті жұлмайды. «Көктей солғыр» деген қарғыс осындайдан шыққан.

- Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді.

- Отпен ойнамайды, отқа түкірмейді, отты аттамайды.

- Құдыққа түкірмейді, маңайын ластамайды, жанына дәретке отырмайды.

- Күлді баспайды, үй жанына төкпейді.

- Жар басына, суға өте жақын жерге үй тікпейді.

- Күнге, айға қолын шошайтпайды.

- Құмырсқаның илеуін, құстың ұясын бұзбайды. Құмырсқаның илеуін басқан әйел бала көтермейді деген қағида бар.

- Жол үстінде көлік доғармайды, жол үстіне қонбайды, дәретке отырмайды.

- Ағашты, өсімдікті сәрсенбі күні отырғызады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×