Сайтқа кіру Тіркелу

Компьютердің шығу тарихы

Ондаған жылдар бойы компьютерлер адамзаттың ажырамас серігі болып келеді. Қазіргі таңда олардың 4 - ші буыны қолданыста, кейбір тіпті адамдардың компьютердің 5 - ші буынын пайдаланылып жатқанын айтады, себебі жүйелер көп ядролық процессорлар архитектурасына өтті, бірақ бұл тұжырым әзірше зерттеуді қажет етеді, сол себепті біз бұл мақалада 4 буынды ұстанамыз.

Паскаль сақинасы
Заманауи дербес компьютердің атасы болып Блез Паскальдың арифметикалық машинасы саналады. Машина арқылы Паскаль сонау 1642 жылы қосу мен алу сияқты қарапайым операцияларды орындаған. Ол «Паскаль сақинасы» немесе «Паскалина» деп аталады және ғалымдар оны компьютерлердің нөлінші буынына жатқызады. XVII ғасырдың соңына қарай, екінші ғалым Готфрид Вильгельм Лейбниц көбейтіп, бөле алатын және қосып, ала алатын есептеуіш машинасын жасап шығады.

Вильгельм Лейбництің есептеуіш машинасы
Есептеуіш машиналардың нөлінші буыны XIX ғасырда аяқталады. Мұндай техниканың соңғы нұсқаларының бірі болып Чарльз Бэббидждің өнертабысы саналады. Ол перфокарталардың құрамындағы нұсқаулар жиынтығына негізделіп есептеулер жасады. Мұндай перфокарталардағы бағдарламалардың ең бірінші бейнелерін алғашқы бағдарламашылар жасады, олардың арасында әйелдер де болған. Әйелдер арасында бұл мамандықтың алғашқы қарлығашы Ада Ловлейс болып табылады.

Чарльз Бэббидждің өнертабысы
XIX ғасырдың соңында Америкада пернетақтаға ұқсас бірдеңе қолданылатын алғашқы есептеуіш машина пайда болады. «Комптометр» деп аталған бұл құрылғыны Таррант және Фельт есімді америкалықтар жасады.

Комптометр
Шамамен дәл сол уақытта Герман Холлерит АҚШ халық санағының нәтижесін өңдеу процесін тездету үшін «статистикалық табулятор» жасап шығады. Перфокарталарға түсірілген мәліметтерді тануға арналған бұл машинада электр пайдаланылды. Құрылғы кең танымалдыққа ие болды, ал оны құрастырушы табуляторды негізге ала отырып фирма құрды. 36 жылдан кейін дәл осы фирма әлемге танылған IBM корпорациясына — компьютер индустриясының әлемдік көшбасшысына айналды. XX ғасырдың ортасына қарай IBM-нің технологиялық жобаларын әлемнің көптеген дамыған елдері пайдаланды.
1930 жылдардан бастап нарықта «Friden», «Monroe» және «Marchant» фирмалары шығарған үстел үстілік механикалық калькуляторлар пайда болады. Бұлар қолданушыға 4 негізгі арифметикалық амалдарды іске асыруға мүмкіндік берді. Дәл осы уақытта «computer» термині (ағылш. аударғанда «есептеуіш») пайда болды. Калькулятордың көмегімен есептеу жүргізетін адамдардың мамандығын осылай атады.

Компьютердің шығу тарихын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Есептеуіш техниканың даму тарихы

Есептеуіш техниканың даму тарихы

Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш...
Компьютер – әмбебап есептеуіш машина. Компьютер құрылғылары

Компьютер – әмбебап есептеуіш машина. Компьютер құрылғылары

Оқушыларды ДК - мен оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ - нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары –...
Компьютерлік техниканың даму үрдісі

Компьютерлік техниканың даму үрдісі

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі Сабақтың мақсаты: Компьютерлік техниканың даму үрдісімен таныстыру....
Жас информатиктер

Жас информатиктер

БҚО, Орал қаласы, №14 ОЖББМ Информатика пәні мұғалімі Гүлназ Мұхтарова Бахтыгерейқызы...
Дербес компьютер және ақпарат тарауын қайталау

Дербес компьютер және ақпарат тарауын қайталау

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Белое ауылы "Октябрь мектеп - балабақша кешені" КММ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×