Сайтқа кіру Тіркелу

Біздің мақсатымыз

Авторы: Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің
10-сынып оқушысы

[/center]Біздің мақсатымыз[center]


Осыдан қаншама жыл бұрын Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының "Серке" газетінде "Біздің мақсатымыз" атты мақаласы жарияланып еді. Ол кездегі мақаланың негізі де, арқауы да қазақтың ел болып ұйысуын қалыптастыру, елді бірлікке шақыру болатын. Ал биыл еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толып отыр. Сол себепті мен сол кездегі уытты мақаланы халық жадына тағы да түсіріп, өткен мен бүгінге сарап жасасын деп ойладым. Мақаламның атын осылай алуымның себебі де сол. Өткен күндерді ой елегінен өткізіп, оймен бағалап, байыбына жете қарасақ, тәуелсіздікке жету жолында нелер болмады, қандай қиыншылықтар өтпеді, кімдер келіп, кімдер кетпеді! Осынау адам ойы жеткісіз ұзақ жылдар шегінде қазақ не көрмеді!

Айбынды батырлар да, қайратты қаламгерлер де, өткір тілді билер де осы жолда құрбан болды. Ал қазір, тарих бетіне ұрпақ көзімен қарасақ, бәрі де демде өтіп кеткен ертегі тәрізді. Біздің бүгінгі таңда осындай егеменді елде, ынтымағы мен бірлігі жарасқан халық арасында туғанымызға тіпті сенер сенбесіңді білмейсің. Сол уақытта біздің мақсатымыз не болды, ал қазір қандай? Екі ғасыр ішінде біздің мақсатымыз өзгерді ме? Әрине, ол кездегі мақсатымыз жұдырықтай жұмылып, тәуелсіздікке жету болса, ал қазір, сол жұмылған жұдырықты жазбай, аңсап жеткен тәуелсіздікті сақтап, еліміздің мерейі мен мерекесін одан әрі асқақтату. Менің бүкіл қазақ жастарыны ң атынан айтарым, біздер, еліміздің болашағымыз және Қазақстанымызды гүлдендіруге бар күшімізді саламыз, оған уәде де бере аламыз. Біздің мақсатымыз Қазақстанның тәуелсіздігі мен біртұтастығын, мәдениеті мен әдебиетін қаймағы бұзылмаған қалыпта сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу. Менің де, бүкіл қазақтың да мақсаты осыболуға тиіс. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына өз жүрекжарды өлеңімді арнаймын:

Тәуелсіздік- аңсаған нұры елімнің
Бостандық аңсап талай бір жылдар егілдің.
Азаттық таңы ағарып атқан бұл күнде
Мерейің ассын, қазағым менің, нұр елім.

Нелер де келіп, кімдер өтпеді заманнан,
Бостандық аңсап шықпаған майдан алаңнан.
Ажалға қарсы қасқайып тұрдың мойымай,
Таусылса дағы айрылып тағат, амалдан.

Бұл өмір, шіркін, кімдерден кейін қалмаған,
Талай жан өтті ау тәуелсіздік деп зарлаған.
Қатпар қатпар тарихы бар қазағым,
Жырымды арнап, бас иемін бір саған.

Тәуелсіздік -бұл бабалар салған ұлы жол,
Тарихтың бізге айтары да, сыры мол.
Қара сөзді темірдей турап, қамырдай,
Илеген талай саңлақтар салған сара жол.

Ашық болғай қазағымның аспаны,
Бізге бақыт елдің өрлеп, тасқаны.
Телміріп жеткен талай қазақтың қанымен,
Жасай берсін тәуелсіздік мақтаны.

Бүгінгі күн еркіндіктің жалауы,
Осы емес пе қалың елдің қалауы.
Алашым менің, ешқашанда сөнбесін,
Тәуелсіздіутің мәңгілік жаққан алауы.

Бақыт қой бізге арайлап таңның атқаны,
Сіздер ғой мына елімнің ертең мақтаны.
Алаш жұрты, құтты болсын ағайын,
Тәуелсіздіктің 20 жылдық ақ таңы.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік таңы

Тәуелсіздік таңы

Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларды желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға -...
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!

Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...
Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат

Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат

Тәуелсіз Қазақстаннның жас ұрпағы сіздер, саплы білімдеріңізбен, саналы тәрбиелеріңізбен Елімізідің елу елдің қатарына қосылуына өз үлестеріңізді...
«Қазақ елім- Отаным»

«Қазақ елім- Отаным»

Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....
Ардагер ұстаздарға арнау

Ардагер ұстаздарға арнау

Өлеңнің авторы: Камшат ЖҰБАТХАНОВА Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ардагер ұстаздарға...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×