Сайтқа кіру Тіркелу

Жігіт сұлтаны

Өлеңдердің авторы: Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің
10-сынып оқушысы


Жігіт сұлтаны сайысына
Армысыздар, Алаш елі, ардақтылар,
Елімнің еркіндігін ардақ тұтар.
Қазақтың бір ұлымын _____ деген,
Мәртебесін елімнің асқақтатар.

Тұғырлы 20 жылдың төскейінде,
Жарқырып, мен шаттанып өспейін бе.
Оңынан нұры тамған осы күні,
Асыл жырдың моншақтарын төкпейін бе?

Баласымын _______тің, атым ________,
Түстім қызған додаға бүгін келіп.
Мен боламын сыныбымның бір серісі,
Батылдық пен намысты қылған серік.

Өнерлі өренімін өз елімнің,
Сөйлермін таясымен кезегімнің.
Ұлтының бостандығын ту ғып өткен,
Тұяғымын Махамбеттей ел ерінің.

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Туылған күн кешіне
Аяулы менің анашым өмір берген,
Құттықтаймыз бүгінгі туған күніңізбен.
Еңселі ___ жасқа келсеңіз де,
Біз үшін әлі жас қалпыңыз күлімдеген.

Жүзіңіз ашық, жарқын таң нұрындай,
Ауысыңыз жылы бұлақ сыңғырындай.
«Балам» деген сәтте де сол бейнеңіз,
Сезіледі көлдің мөлдің айдынындай.

Бақын құсы келіп қонды басымызғы,
Анашым, бақыттысыз ___ жасыңызды.
Ұл –қыздарың жетіліп, міне бүгін,
Жиылыпа келіп отыр қасыңызға.

Ұзақ өмір сүріңіз әкемізбен,
Ешқашан күлкі кетпесін жүзіңізден.
Қызығын көріп ұл-қыз бенен немеренің,
Бақытты ғұмыр кешіңізші бірге бізбен.

Құтты болсын бүгінгі __ жасыңыз,
Күндей жайнап, толқындайын тасыңыз.
Үлгі болып алыс пенен жақынға,
Артыла берсін бақытыңыз, бағыңыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×