Сайтқа кіру Тіркелу

Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігін

Өлеңнің авторы: Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің
10-сынып оқушысы


Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігін
Ей адамдар,аулақ болғын жаманнан,
Ұрынсаң егер құр қаларсың бұл жалғаннан,
Жамандыққа бет бұрмай, таза жүрсең,
Жақсылар да табылады тек жаныңнан.

Бұл әлемде лас істің көп қой түрі,
Барлығы да адамды күйдірір тірі.
Соның бірі нашақорлық жанды жеген,
Жақсы мейлі жаманды да қылған жынды.

Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігін,
Қаларсың жалғыз әлемде,қызығын көрмей өмірдің,
Өзің көрген азапты өзгелерге көрсетпе,
Ата-анаңды ойлағын,олардың бұзба өмірін.

Арын сатқан аңқауларға ермегін,
Бетке ұста еліңнің ұлы ерлерін.
Солардай сен бола алсаң айбынды
Ата-анаң мен мақтанышы еліңнің.

Бірақ рет қана тәуекелдің зардабы,
Өміріңнің мәңгі өшпес сортаңы.
Одан кейін еш ойлантпас,қиналтып,
Сол нәрсенің бойыңды арбап алғаны.

Ол әкетер сені де үйір қылып,
Құтылып көрші сен одан болсаң жүйрік.
Жан-дүниең өртеніп кететіндей,
Бір сәт оны қабылдамай тартсаң күйік.

Түсінбеймін,осыларды біле тұра,
Адамдар неге үйір бұл құрғырға.
Бұларсыз-ақ өмір сүріп болмас па еді,
Өміріңді бүлдірмегін,жүргін таза!

Адамның ең қымбаты-бұл өмірі,
Ал денсаулық өміріңнің бір бөлігі.
Сол нәрсені жоғалтсаң өміріңнің,
Құрығаны ақырғы түп тамыры.

Наша деген адамның осал тұсы,
Нашақордың белгілі ғой сау шықпасы.
Әлән білмей, мұндай жолға түскен жанның,
Әлдеқашан бастан ұшқан бақыт құсы.

Осы жерде айтып берсем бір мысалды,
Бір жанұя басында болған жайды.
Бәлкім мұны оқыған ерен жастар,
Ақыл санап,үйренер біраз үлгі.

Болыпты бір жанұя баяғыда,
Бірлігі мен берекесі сай жараса.
Оларды көрген жанның есі кетіп,
Қалады екен бірлігіне таң-тамаша.

Отбасының тірегі әкесі екен,
Ал анасы отбасына жылу берген.
Олардың жалғыз ғана ұлы болды,
Ата-ананың сүйеніші бола білген.

Осылайша бақытты күндер өтті,
Жылдар зулап дөңгелеп өте берді.
Әкесі жұмысынан оралады,
Айдың нұры бөлеген сәтті күні.

Әкесі кіріп келді шат көңілмен,
Ал баласы қарсы алды оны есіктен.
Жайғасып отырды да дастарханға,
Сөз бастады әкесі қуанышпен.

«Дайындай бер сүйіншіңді арнап маған,
Мен бүгін көтерілдім жұмысымнан»
Осы сөзді ести сала қуанышпен,
Дереу ұлы ұшып тұрды өз орнынан:

«Әке,маған алып берші көп ойыншық»
Деді әкеге қуанышты жүзі күліп.
Әйелі де қуаныштан жарылардай,
Күйеуіне мақтау айтты көңілденіп.

Келесі күннен бастап отбасында,
Туғандай болып еді күн жаңаша.
Бастықсынған әкесінің сиқымына,
Әйелі мен баласы да таң-тамаша.

Күнді өткізіп,айлар,жылдар зымырайды,
Әкесі өзін ең бақытты жан санайды.
Бір күндері әкенің жұмысына
Ұйымдасқан топ өкілдері көз тастайды.

Белгілі ғой бастықтардың өз жайы,
Арқасы мықтының ғана бар бағы.
Жаңа бастықты орнынан түсірмек боп,
Әлгі топ пайдаланды жемқорлықты.

Бір күні әлгі адамдар келеді оған,
Болған істің барлығын да жоспарлаған.
«Егер сен өз орныңда қалғың келсе,
Бізбен бірге жұмыс істе»-деп қолқа салған.

«Ал егер келіспесең бұл сөзіме,
Өкінетін боласың бұл ісіңе.
Ал менімен қызметтес болсаң егер,
Пайдасы мол тиетін бір өзіңе»

Бұл сөзге ол құлақ түріп тұра қалды,
Көзін төмен жіберіп,көп ойланды.
Ақырында бір шешімге келе алмай,
«Ойлануға уақыт бер»-деп сұрады.

Мұнан кейін ол бәрін ойға салды,
Алдын ойлап,артын да абайлады.
Кенет оны бір шайтан түрткендей боп,
Орнынан түрегеліп тұра қалды.

Ойындағы шешіммен ол әлгілерге,
Қас қаққанша шыдамай жетіп барды.
Барды да олардың қарсы алдында,
Өзінің келісетінін айтып салды.

Құдай –ау қандай шайтан қаққан бұны ,
Байлыққа қызыққаны не қылғаны.
Бұл іспенен түбінде сорлы болып,
Өз түбіне жетерін ойланбады.

Сол бір күннен бастап ол көп өзгерді,
Болды үйіне әрдайым кеш келетін.
Ал әйелі сұраса міз қақпастан,
«Шаршадым»-деп өтірікті төңкеретін.

Байланысып адамдармен арам ойлы,
Ойланбады қандай жолға түскендігін.
Бас қаңғырып,саралауды тіпті қойды
Құрдымға қалай өзінің кеткендігін.

Селтеңдеп байлық қуып жүргенінде,
Пайдаланды бір күні өзі сол нашаны.
Ұмытты ең баққыты күндерін де,
Байлық көксеп,қазған орға түсіп қалды.

Ал енді барлық билік құзғындарда,
Әлгі аңқауды ұқсатты кей құлдарға.
Сол нәрсесіз өзі де күн көре алмас,
Енді ұстап бере алмас ешбір жанға.

Құмарлықпен сол жолға кіріп кетті,
Одан аман шыға алмасы анық еді.
Бұл пәлеге қу басы ұшырасымен,
Отбасын да зор қайғыға душар етті.

Кеш батып,қас қарайып түнергенде,
Үйіне келеді екен әрбір күнде.
Тұнжырап қабақ түскен,бас салбырап,
Бара сап құлайды екен бір төсекке.

Уайымдаған сорлы әйелі күйеуіне,
Оны сүйеп апарады өз төсегіне.
Жайластырып жатқызып жатқанында,
Көзі түсті бір нәрсеге қалтасында.

Алып қарап еді әйелі оны ашып,
Кенеттен кетті оның түрі қашып.
Есінен танардай боп қалтырады,
Ақша менен инені тауып алып.

Сонда қайда бұлардың бірліктері,
Қайда кеткен бұрынғы тірліктері.
Байлықсыз-ақ бақытты өмір кешкен,
Осындай ма құрғырдың бай біткені.

Осыдан соң жатып қалды төсек тартып,
Ал күйеуі,ұқсамайды жүргенге күйік тартып.
Керісінше, сол салғырт,жынды кейпі,
Келмейтін де болды үйіне жүгін артып.

Мұндай іспен айналысқан надандардың,
Белгілі көп уақытқа ұзамасы.
Өз өмірін өзі құртқан бұл жындының,
Бір күні темір тордан шықты басы.

Мұны естіген әйелі күйік тартып,
Сол жатқан төсегінде жан тапсырды.
Ал олардан сорлаған жалғыз тұяқ,
Тентіреп екі ортада жетім қалды.

Көрдіңдерме адамдар бұл лас жолдың,
Адамның өміріне қастандығын.
Ондай жолмен мал тауып,байығанша,
Өз наныңды еңбекпен адал тапқын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×