Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Мәңгілік елдің - Ұлы Абайы

1 - жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, ұлысын ұлықтап, арысын ардақтап, тарихы мен тағылымын егіз еткен арманы өрге, қиялы көкке жетелеген Мәңгілік елдің ұландары!
2 - жүргізуші:
Армысыздар, қазақылығының қаймағы бұзылмаған, шұғыласын шашып тұрған шырайлы Шымкент шахарының төрінен орын алған мектебіміздің қонақтары мен ұстаздары!
2 – жүргізуші: Сақ дәуірінен бастау алған Мәңгілік тіліміздің мәртебе алған күніне орай өткізілетін Хакім Абайдың 170 жылдық мерей тойына арналған мерекелі іс - шарамызға
1, 2 – жүргізуші қош келіпсіздер!
1 - жүргізуші: Тоныкөк бабамыз: түнде – ұйқы көрмедім, күндіз – күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып – бәрі мәңгі елім үшін!» - деген екен.
2 - жүргізуші: Иә, бұл кешегінің ұраны, бүгіннің арманы, келешектің еншісі.
1 – жүргізуші: Қазақ хандығының қара шаңырағын тіккен Керей мен Жәнібектің жан мұңы да, өз ақылшысы Асан қайғы армандаған жұмақ мекенде өз халқын бақытты ету емес пе?
2 – жүргізуші: Дұрыс айтасың, Керей мен Жәнібек құрған алып хандықты ең дала төсінде сақтап тұру – ұрпақтар еншісінде болды.
1 - жүргізуші: Ал Әз Тәуке хан ел іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты біліктілікпен жүргізіп, елдің ішкі жағдайын реттеу үшін қазақтың атақты билерімен бірігіп, «Жеті жарғыны» жасаса
1 – жүргізуші: Біріксең ел боласың, өзгемен тең боласың деп елдікке бастаған хан Абылайдың да аңсағаны есіл жұрттың ертеңгі амандығы, баланың баба топырағында ғұмыр сүрсін деген ниеті емес пе?
2 – жүргізуші: Нұркен, тарихты тұлғалар жасайтынына келісесің ба? Абай елді түзету арқылы елдің ертеңін нұрландырғысы келді, сол арманның жетегінде өмір сүрді. Қазіргі тұста Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс, - дейді.
1 – жүргізуші: Ендеше, бабаларымыз мұра етіп қалдырған Ұлы даламыздың тарихи тағлымы мен Абай толғаған Мәңгілік тілімізді құрметтей білейік ардақты, ағайын!
1 - жүргізуші:
Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,
Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.
Көлеңкелі кеудесіне қазақтың
Шымырлаған шуақ болып тарайды.
2 - жүргізуші:
Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.

1 - жүргізуші:
Ия, бүкіл әлемге әйгілі Абай – мәңгілік тақырып. Елбасымыз: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық бізге керек» дейді
2 - жүргізуші: Ел іргесін бекітіп, өткені мен болашағын таразылайтын мұндай іс - шаралар бейбітшілік пен келісімнің арқасы деп білемін.
1 – жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен, тілегі бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету