Сайтқа кіру Тіркелу

Жердің өз осінен және күнді айнала қозғалуы

Сабақтың тақырыбы: Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы. Күн мен түннің ауысуы
Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Оқушыларға Жердің өз өсінен және Күнді айнала қозғалуы туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
2) Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып, ойлау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, картамен жұмыс жасауға машықтандыру.
3) Тәрбиелік: Туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; рухани байлығын қалыптастыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру; қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, СТО элементтері
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, карта, глобус,
оқулық, слайд.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

І) Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу;
ә) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
б) Оқу құралдарын тексеру.
в) Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
г) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ) Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақтар:
1) Жердің пішінін неге шар тәрізді деп атайды?
2) Глобустың пішіні қандай?
3) Ерте кезеңдерде жердің пішіні туралы қандай көзқарастар болды?
4) Масштаб дегеніміз не?
5) Масштабтың неше түрі бар?
6) Географиялық карта дегеніміз не?

ІІІ Жаңа сабақ

1. Жердің өз өсінен және күнді айналуы
2. Күн мен түннің ауысуы
3. Жазғы және қысқы тоқырау
4. Поляр түні, поляр күні

ІV Жаңа сабақты бекіту:
Географиялық диктант
 1. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт.......... сағатқа тең. (24)
 2. Жер өз осінен айналуының нәтижесінде........... мен.......... ауысады. (күн, түн)
 3. Уақыт.................... меридианынан есепетелінеді. (Гринвич немесе бас меридиан)
 4. Алғаш 21 - 22 маусымда.................................................. болады. (жазғы тоқырау)
 5. 23 қыркүйек күні...................... күн мен түннің теңелуі байқалады. (күзгі тоқырау)
 6. Оңтүстік жарты шарда ең ұзақ күн...................................... деп аталады. (Поляр күні)
 7. Солтүстік жарты шарда ең ұзақ түн...................................... деп аталады. (Поляр түні)
 8. Жер күнді межелеген уақытта толық айналып өтуін..................... деп атайды. (жыл)
Тест жұмысы:
1. Темірқазық жұлдызына қарап қай бағытты анықтауға болады?
А) Оңтүстік Ә) Солтүстік Б) Батыс В) Шығыс

2. Жер бетіндегі адамзат неше нәсілге бөлінеді?
А) 2 Ә) 1 Б) 3 В) 4

3. Жер шарын айналып шыққан саяхатшы кім?
А) Ф. Магеллан Ә) Х. Колумб Б) Ш. Уәлиханов В) Қ. Сәтбаев

4. «Күнді тоқтатып жерді айналдырушы» деген сөздер жазылған ғалымның аты?
А) Әл - Фараби Ә) Николай Коперник
Б) Ш. Уәлиханов В) Герард Меркатор

5. Күннің төңірегінде неше планета бар?
А) 10 Ә) 8 Б) 9 В) 7

6. Күнді айнала қозғалатын ғаламшар жолы қалай аталады?
А) Комета Ә) Метеор Б) Орбита В) астероид

7. Жер өз осінен қанша уақытта 1 рет айналады?
А) 30 сағат Ә) 25 сағат Б) 24 сағат В) 23 сағат

8. Жер күнді қанша уақытта бір рет айналып өтеді?
А) 1 жылда Ә) 2 жылда Б) 3 жылда В) 4 жылда

9. Жер бетінің жалпы ауданы қанша?
А) 510 млн км2 Ә) 500 млн км2 Б) 450 км2 В) 350 млн км2

10. Жер экваторының ұзындығы қанша?
А) 39000 мың км Ә) 41000 мың км
Б) 40000 мың км В) 35000 мың км

V Оқушы білімін бағалау
VІ §11, картамен жұмыс. 32 - беттегі тапсырмалар
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×