Сайтқа кіру Тіркелу

Корей музыкасы

Сабақтың тақырыбы: Корей халқының музыкалық театры
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға барлық өнердің қайнар көзі халықта екенін түсіндіру. Корей халық музыкасы, өнері жайлы ұғым беру, өнерді сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту. Өз ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгіме, пікірталас, мәтінге мәтін қосу, басқа ұлттың музыкасын салыстыру әдістері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу, білім алушылар назарын сабаққа аудару.
Балалар сыныпқа корей музыкасымен кіреді.
- Балалар, бұл қай ұлттың музыкасы екенін ажырату үшін, алдымен өткен тақырыптарымызға бір шолу жасап, мына сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, жауабын табасыңдар.
2. Үй тапсырмасын қайталау.
1. Жапон халқының музыкалық театры. (Кабуки)
2. Бірігіп ән орындаушылар тобы. (Хор)
3. Тарихи тақырыпқа құрылған үнді классикалық музыкасы. (Рага)
4. Үнді классикалық биінің неше түрі бар. (сегіз)
4. Аспаптық музыка. (Күй)

Жаңа сабақ:
Корей музыкасы — Қиыр Шығыстың ежелгі музыкалық дәстүрлеріне жатады. Корей музыкасының қайнар көзі біздің заманға дейінгі I мыңжылдықтан бастау алды. Әр алуан тарихи кезеңдерде Орталық және Шығыс Азияның, Тынық мұхит аралдарының (әсіресе Жапонияның) музыкалық мәдениеттерімен тығыз байланыста дамып қалыптасты.
“Корей” атауы “коре” деп аталынған орта ғасырлық мемлекеттің атынан пайда болған екен. “Коре” – “Таң самалы елі” деген ұғымды білдіреді. Корей халқының салт - дәстүрі жайын сөз еткенде оның өмірінде музыканың маңызды роль атқаратынын да айта кеткен жөн. Музыканың қырық түрі бар. Бір ғана флейта үшін 600 - дей шығарма жазылған. Корей халқы үшін өнер, театр рухани азық болып табылады.

Корейдің дәстүрлі фольклорлық шығармалары, халық әндері, ертегі - аңыздары сақталған. Музыкасы мен би өнері дамыған.
Дәстүрлі ұлттық ойындарына спорттық ойындар, ән - би ойындары, әртүрлі сайыстар, балалар ойындары жатады. Бірнеше ондаған ән - би ойындарының ерекше бір түрлері ретінде маска киіп билеу ойынын - атауға болады.

Маска биі - бұл бидің өзіндік ежелгі бір тарихы бар. Аңыз бойынша біздің дәуірімізге дейінгі І - ші ғасырдың аяғына қарай Силладан шыққан Хван Чхан Ран атты бала басқа бір мемлекеттің королі – Пэкчженің сарайында қылышпен билеу өнерін көрсетудің көмегімен корольді шауып өлтіреді, бала жазаға тартылады. Міне, сол баланы еске түсіру мақсатымен Силла халқы баланың келбеті бейнеленген маскалар киіп, қылышпен билеу өнерін көрсететін болған.

Кең тараған музыкалық аспабына комунго, каягым, флейта, барабан жатады.
Корей халқының биінен, аспаптарында орындауынан үзінді (видео) көрсетілді.

XVIII — XIX ғасырларға қарай корей музыкасында музыкалық театрдың алуан түрлері пайда болды (ақындық сөздер мен театрландырылған би - драмалық спектакльдер, билер). Олар шамандық қимылдардан орта ғасырлық маскалық театрларға дейінгі даму жолынан өтті; сарай маңындағы ақсүйектердің қаһармандық жайлы пьесалары — хваран, батырлық - эпикалық пантомималық көріністер — тхалъчхум (VII — II ғасырлар), комугык (XX — XIV ғасырлар корей халқының фарстарының элементерін кұрайды); би - драмалық театр — сандэгы тау етегіндегі шаруалардың тұрмысын бейнелейтін "пьесалар", XIV — XV ғасырлар) етек алды.
Корей ұлттық музыкалық драмасының — пхангыктың (пхансори, т. б. корей театр жанрлары мен Еуропа театр) жырларының элементтерін сәйкестендіреді) негізін қалаушы — акын, музыкант Син Джэ Хён; оның дәстүрін Ли Наль Ехи мен Ким Сэнджон жалғастырды. XVII — XVIII ғасырлар христиан дінінің таралуына байланысты католиктік әндер дамыды. XIX ғасырдың басында — XX ғасырдың басында әскери үрмелі оркестрлер, опера, балет, симфония және камералық музыкалар пайда болды.

Тұнғыш кәсіби корей театры 1930 жылдары Владивостокта ашылған. Ал қазір Алматы қаласында жұмыс істейді. Қазақстанда корей тілінде 20 мектеп, 130 топ жұмыс істейді. Алматы қаласында корей халқының мәдени орталығы құрылған. Қазақстанда корейлердің ұлттық - мәдени орталығы, Республикалық корей музыкалық комедия театры жұмыс істейді, корей тілінде газеттер мен кітаптар шығады.

Ән үйрену: “Достық” әні. Музыкаын жазған: И. Нүсіпбаев, сөзін жазған: Е. Елубаев. Әннің қысқаша мазмұнын айтып өту. Композитор туралы мағлұмат беріп өту.

1. Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.

2. Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.

3. Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.

Қорытынды:
Үй тапсырмасы: Достық әнін жаттап келу. Достық тақырыбына сурет салу.
Бағалау:
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×