Сайтқа кіру Тіркелу

Шайырдан қалған асыл сөз

Сабақтың тақырыбы: «Шайырдан қалған асыл сөз»
а) Мақсаты: Нұртуған Кенжеғұлұлының өмірімен шығармашылығынан мағлұмат беру. Шығарманы жетік түсіндіріп, замана ағымымен, өмір болмысы жайлы жазылған ойды, келешекке көз итермелейтін астарлы, ғибратты сөз өнерін қастерлеп, мақпал мақамдарды меңгерту.
ә) Білімділік: Астарлы сөздің ұғымына ден қойып, философиялық көзқарасын шыңдап, мақамның ноталық нұсқасын алға тарта отырып, сөз мәдениетінің құдіретін, музыкалық сауатын жетілдіріп, білімділігін арттыру.
б) Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, қабылдау сезімін жетілдіріп, сөз қорын байытып, сөзбен мақам арасындағы байланысын үйлесімді дамытып жетілдіру.

в) Тәрбиелік мақсаты: Жыр әлемінің, сөз мәйектерінің саналы да, салмақты қырларын түсіндіре отырып, саф алтындай мәнді жыр маржандарымен сусындатып, адамгершілік қасиеттің мол қайнарын бойына жидыртып тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақты өткізу әдісі: Түсіндірмелі – суреттемелік, сұрақ – жауап.
Көрнекілік: Музыкалық аспап, үн таспа, слайдтар.

Сабақтың барысы:

1 бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушының сабаққа әзірлігі.
Өткен материалдарды қайталау.
б) Мырзаның күйі «Жалтаң қарға» оқушыға орындатамын.

ІІ Негізгі бөлім
Жаңа сабақты түсіндіру.
Шығарманы орындап, айтып көрсетіп, талдау жасау.
ІІІ бөлім Қорытынды.
а) Сабақты пысықтау
ә) Оқушыны бағалау
б) Үйге тапсырма беру.
1 – бөлім
а) Оқушымен сәлемдесіп, оқу құралын тексеріп, дұрыс отыруын қадағалаймын.
Үй тапсырмасы: Оқушыға Мырзаның «Жалтаң қарға» күйін жатқа ойнатамын.
2 - бөлім Негізгі бөлім.

Нұртуған Кенжеғұлұлы 1889 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылдық кеңесінде «Мырзас» елді мекенінде дүниеге келген. Шыққан тегі Әлімнің Жақайымының Бәйімбеті

Өз әкесі Кенжеғұл астарлы философиялық мазмұндағы сөздерге ұста, шымшымаға шебер, әзіл оспаққа ұстатпайтын жүйріктер болған. Анасы Айсұлу да ескі жыр дастандарды ғажап әңгімеге айналдырып айтатын болған. Алайда жетімдіктің тақсіретінің дәмін ерте татып көкірегі шерге толды. Шайырлық жолының алғашқы соқпағы осындай көкірекке шемен болып қатқан қасіреттен бастау алған. Бала ақынға өнер жолында ұстаздық еткен сауатты сері, шайырлықтың қыр сырына қанық аталас ағайыны Сұлтан Рахметұлы болды. 13 жасынан бастап шайырлық жолға түседі. 2 жыл медреседе молдадан дәріс алып, 15 жасынан белгілі ақындар санатына қосылады. Нұртуған Абайды да ұстаз тұтынды.
«Поэзия пірі» деп есептеді. Абайдың терең философиясын үлгі тұтты. Шоқтығы биік шайырымыздың 40 - мыңдай жолдай мұрасы, жыр дастандары, нақыл өсиеттері, хат өлеңдері, терме толғау, төрттағандары бар.
Ақын мұраларының басым бөлігі - батырлық жырлар, елдік пен еңбек жайлы, адамгершілік хақындағы дастандар. Ол білімінің аздығына қарамастан ойының ұшқырлығына, өрісінің кеңдігіне арқа сүйеп, ірі туындылар жазуға талпынды. Мысалы дастандары – «Мәулімнияз - Едіге», «Орақ – Мамай», «Ақ Кете Шернияз», «Қарасай - Қази», «Шұбырынды ақтабан», «Тағаймұрат». Өзінің терең мазмұнды, тағылым аларлық құнды еңбектерін халқына, оның болашақ ұрпақтарына бағыштаған, елін бірлікке, озық мәдениетке, білім мен өнер шыңына шығуға шақырған. Бар асыл талантын аямаған даңғайыр шайыр сөзбен қара тасты үгітер ділмар шешен, халқының қунышымен мен қайғы - мұңын тілсіз – ақ түсіндірер күйші, жезтаңдай әнші сияқты төрт өнерде қазақ халқына тән екенін үлкен сезіммен көрсетеді. Нұртуған жыраулықты кәсіп етіп халыққа «жырау» атанбаса да ұрпағына Нұртуғанның жыраулық мектебі, деген ат қалдырды. Шәкірттері: Бақытжан Жұбаназарұлы, Жәмет Сайымұлы, Дәріқұл, Еңсепбай, Көпжасар, Кәрібоз атты жыраулар ақынның мол мұрасын түгелге дерлік жатқа білген. Ақырғы демі біткенше өлең жазуын тоқтатпай, халқына қызмет етумен болып 1930 ж 41 жасында пәни жалғанмен қоштасты.
Бүгінгі сабағымызға шайырымыздың «Қолыма қалам алып жазамын хат» атты термесін алдым. Әуелі термені өз орындауымда орындап беремін.
Шайырымыз жастарымызға арнап қай тақырыпта өсиет өлең жазса да астарлы философия, педагогикалық тұжырым жатыр. Бұл термеде шайыр өмірде кездесетін әр түрлі сәттер. Мысалы: жақсылықпен пен жамандық, өмір мен жалғаншы, жалғыздық, шындық, опасыздық сияқты ұғымдарды ақын тілге тиек етіп тұспалдап ара жігін айқын ашып береді.
«Қолыма қалам алып жазамын хат» Нұртуған
3 - бөлім Қорытынды
а) Өтілген жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы, сабақты пысықтаймын.

Нұртуғанның қандай термесін үйрендік?
Жалпы шайырымыз термесінде қандай ой салды?
Мәтінде түсінбейтін қандай астарлы сөздер бар?
Неше бөлім, неше қайырым бар?
ә) Сабаққа белсенді қатысуын, сұраққа жауап беруін қадағалап, бағалаймын.
б) Үй тапсырмасы: Терменің мәтінін жаттап, нотасын ойнап келу.
Нұртуған Кенжеғұлұлының шығармашылымен танысып, зерттеу.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті,
Қазалы аудандық балалар әуез мектебінің
«Терме» класының оқытушысы
Бисембаева Сандуғаш Алашыбайқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сыр сүлейін сұрасаң...

Сыр сүлейін сұрасаң...

Мақсаты: Өскелең ұрпақты жыраулық өнермен сусындатып, насихаттаушыларды кеңінен таныстырып, дәріптеу. Жыраулық өнер айтыс өнері сияқты бір кездері...
Терме мамандығын игерудегі басты қағидалар және оны дамыту жолдары

Терме мамандығын игерудегі басты қағидалар және оны дамыту жолдары

«Өнер алды - қызыл тіл»дейтін көшпенділер сөз өнеріне ерекше мән берген. Қазақ даласын аралаған араб географтары, шетел саяхатшылары мен ғалымдары...
Сыр бойы жыраулық дәстүрінің дауыс диапазонының ерекшеліктері және оны дамы ...

Сыр бойы жыраулық дәстүрінің дауыс диапазонының ерекшеліктері және оны дамы ...

Мақсаты: Жаңаберген Бітімбайұлының шығармашылығымен таныстыру. Білімділік: Оқушының сөз мәнеріне ден қойып, музыкалық сауатын жетілдіріп, дауыс...
Дарынды оқушыны шығармашылыққа баулу

Дарынды оқушыны шығармашылыққа баулу

Мақсаты: Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту, рухани бай, білімді шәкірт етіп тәрбиелеу. Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, мейірімділікке,...
Махамбет

Махамбет "Жұмыр қылыш"

Махамбет күйлері арқылы ұлттық сезімін оятып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Елін, жерін сүюге, Отан алдындағы өз парызын айқын сезіне білетін...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×