Сайтқа кіру Тіркелу

Дина «Тойбастар»

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Ырғыз балалар өнер мектебінің домбыра класы мұғалімі
Тілекина Шолпан Аркадийқызы

Сабақтың тақырыбы: Дина «Тойбастар»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Дина Нұрпейісова өмірімен және оның «Тойбастар» күйімен таныстыру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыға Динаның күйлері арқылы ұлттық сезімін оятып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Елін, жерін сүюге, Отан алдындағы өз парызын айқын сезіне білетін ұрпақ тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыға аспапты дұрыс меңгертіп, сол аспапта ойнау шеберлігін арттыру. Күйді талдай отырып, нақышына келтіре орындап, күйді түсініп тарту
Көрнекілігі: Домбыра аспабы, сөзжұмбақ, үнтаспа, автор портреті, музыка туралы қанатты сөздер, күй жинақтары.

Сабақтың өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру
а) Оқушымен амандасып, сабаққа кіргізу.
ә) Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды
алып, оқушыны сабаққа дайындау
б) Аспаптың құлақ күйін келтіріп, оқушыға беріп, дұрыс отырғызу.
2. Үй тапсырмасын тексеру
а) Ля минор гаммасын әр түрлі штрихтарда ойнап алу.
Ж. Еңсепов «Балбөбек» жатқа сұрау
Қате жерлері болса түзеп және динамикалық белгілерімен қайта тарттыру.
Осы шығарманы күйсандықтың сүйемелдеуімен оқушыға санатып, бөліп - бөліп ойнату.
ә) Өткен сабақты қайталау
И. С. Бах «Менуэт» Күйсандықпен қосылып санап тарттыру.
Халық күйі «Тепең көк»
Бұл күйді де өз нақышына келтіре орындап беруін сұраймын.
3. Жаңа сабақты меңгерту
а) Оқушыға жаңа сабақ, яғни күй туралы оның авторы туралы түсінік беру.
ә) Күйді жай екпінде өзім орындап көрсетемін.
б) Күйдің тональдігін тауып, қағыстарын қойып, саусақтарын белгілеп, өлшемін көрсетіп беру.
в) Күйді оқушымен қосылып талдау, түсінбеген жері(такттері) болса қайталап көрсетіп отыру.

Дина Нұрпейісова өмірі туралы (1861 - 1955) жж
Дина Нұрпейісова 1861 жылы Орал облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, күйші - композитор. Қазақстан Республикасының халық артисі (1944ж) Динаның әкесі Кенже де домбырашы болған адам. Ол Динаны жас кезінен домбыра өнеріне баулиды. Дина 1870 жылы алғаш рет Құрманғазымен кездеседі. Жас Динаның болашағына кәміл сенген Құрманғазы оның өнеріне дән риза болады. Мұның өзі болашақ үлкен өнер иесі Динаның шығармашылық достықты Құрманғазының «Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді» деген сөздері айқын аңғартады. Динаның шығармашылығының арқауы халық музыкасы, осыған сүйеніп, өзі де күй шығара бастайды. 1937 жылы халық өнерпаздарының республикалық байқауына қатысып, бірінші жүлде алған Дина 1939 жылы Москвада өткен халық аспаптарында орындаушылардың Бүкілодақтық байқауында «Домбыраның Жамбылы» атанды. Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш дәстүрлерін дамыта отырып, Кеңес үкіметі кезінде күйшілік өнерді жаңа бір белеске көтерді. Екі рет Еңбек қызыл ту ордені және медальдармен наградталған.
Күйлері: «Бұлбұл», «Тойбастар», «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Еңбек ері», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Партия туралы күй» «Сегізінші март», «Сауыншы», «Көгентүп», «Он алтыншы жыл», «Он жетінші жыл», «Науысқы» т. б

«Тойбастар» күйінің шығу тарихы
1940 жылы өткен Қазақстанның жиырма жылдық тойына арнап Дина «Тойбастар» күйін шығарды. Дина бұл күйінде өз мемлекетінің өркендеп келе жатқанын, экономикасы мен мәдениеті бархалқының шалқыған қуанышын суреттейді. Бұл күй терең мазмұны мен, өзгеше түр ерекшелігімен қазақ Кеңес күйлерінің негізін салған туындының бірі. Бұл күй музыкалық бейнесінің айқындылығы мен үш бөлікті композициясының сымбаттылығы арқасында, көп кешікпей ақ жұртқа кеңінен таралды.

4. Қорытынды
Жаңа сабақты түсінген - түсінбегенін білу үшін арнайы торкөздерде бүгінгі өтетін күйіміздің аты берілген сөзжұмбақ шешу
1. Оң қол мен сол қолдың шеберлігін
арттыру үшін орындалатын шығарма
2. Дина, Құрманғазы, Қазанғап кімдер?
3. Күйшінің фамилиясы кім?
4. Динаның құсқа арнаған күйі
5. Динаның ұстазы
6.«Тойбастар» күйінде кездесетін қозғау белгі
7. Музыканың жылдамдығы деген не?
8. Дина қандай қалада дүниеге келген?
9. Қайталау белгісі не деп аталады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Махамбет

Махамбет "Жұмыр қылыш"

Махамбет күйлері арқылы ұлттық сезімін оятып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Елін, жерін сүюге, Отан алдындағы өз парызын айқын сезіне білетін...
Қазақ халқының күйшілері

Қазақ халқының күйшілері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлы күйшілердің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, тақырып аясында еркін сөйлей білуге жағдай жасау, білімдерін...
Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!

Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!

Жезқазған қаласы, «№21 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1«В» сынып оқушысы Әшір Балжан Жамбылқызы Ғылыми...
Құрманғазы, Дина-қазақтың ұлы күйшілері

Құрманғазы, Дина-қазақтың ұлы күйшілері

Атырау қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығы Домбыра мұғалімі Сарсенғалиева Айзада Хайратқызы...
Сейтек Оразалыұлы өмірі және күйлері

Сейтек Оразалыұлы өмірі және күйлері

Атырау қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығы Домбыра мұғалімі Сарсенғалиева Айзада Хайратқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×