Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Киелі аспап - қобыз

Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз

Мақсаты: Қазақ ұлт аспаптарын кеңінен насихаттау. Музыка арқылы оқушыларды білімді, өнерлі болуға құлшындыру, ән - жырға деген сүйіспеншілігін арттыру, білік дағдыларын дамыту. Әсем де сұлу көріністерді көргенде еріксіз көңіл көтерілетінін айту. Сазды, әсем музыканы тыңдағанда да соған әсерленетініміз. Көңілді күйге бөленеміз.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Көрнекілігі: Қобыз үнінің үнтаспаға жазыл алынған таспасы, қобыз түрлерінің суреттері.
Сабақтың барысы: Сабақтың барысы ең алдымен бүгінгі өтілетін сабақты қысқаша түсіндіріліп айтылып өтіледі.
Жаңа сабақ: Киелі аспап – қобыз
Жаңа сабақ өлең шумақтармен әрленеді
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Аққайыңның безінен
Айырып алған қобызым.
Қара еменді қақ жарып,
Ойып алған қобызым.
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым.
Желмаяның терісін
Шанақ қылған қобызым.
Қылқұйрығын тұлпардың
Қияқ қылған қобызым.
Ақ түйенің сүтіне
Шылап алған қобызым.
Қарағайды қоздатып,
Бұлап алған қобызым.
Құлағыңды бұрайын,
Қияқ шалып сынайын.
Ойлағаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын! – демекші бүгінгі сабағымыз ұлттық аспап қобызға арналмақ.
Қобыз аспабының негізгі құрылымы: Көрнекіліктер пайдаланылады қобыз аспабы – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойыны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Қазіргі қобыздардың ішектері сымнан жасалады /көрнекіліктер пайдаланылады/

Қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші Қорқыт аталарыңды білмейтін жан жоқ шығар. Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы.
Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер - мәңгілік, ол елден елге, ұрпақтан ұрпаққа тарайды демекші қобыз аспабымен табиғаттың барлық сұлу көріністерін осы аспап арқылы бейнелеген Қорқыт атамыздың өмірімен де таныс болайық.
Қорқыт - VIII ғасырда Сыр бойында бұрынғы Жаркент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толассыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде. Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабы VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен ІХ - Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш. Ш. Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды.
Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі — адамилықты жоғалту. "Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөптің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы". "Адам қанша қажетсінгенмен, ол өз үлесінен артық жей алмайды". Сол аңыздарда Қорқыт жер - жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды.
Қорқыт атаға арналып 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 км жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4 тік көктастан (стелладан) тұрады, биіктігі 8 м. Жоғарғы жағында аузы кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады.

Қорқыт қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтың музыка аспабы ретінде таныта білді. Қобыздың құдіретті үнін, Қорқыт күйлерін қазақ қобызшылары рухани мұра етіп ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді. Оның «Қорқыт», «Аққу», «Әуппай», «Ұшардың ұлуы», «Елім - ай» т. б күйлері сақталған.
Ендеше қобыз аспабының аңыз әңгімелерге сүйеніп қалай пайда болған жөнінде білейік.
Қорқыт жасынан аспаптардың бәрінде керемет ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ ары қарай қалай, не істерін білмей қиналады. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың 6 жасар нар атаның жілігіндей екн. Енді оған нар түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» деп кеңес береді – делінген. Осылай қобыз аспабы пайда болды делінеді.

Қорытынды: Өтілген сабаққа байланысты түрлі сұрақтар қойылады.
Мысалы: Қорқыт – ол кім?
Қобызды ертеде не үшін пайдаланған, қазір?
Қобыз аспабының қандай түрлерін білесің? т. б.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету