Сайтқа кіру Тіркелу

Жасарал Еңсепов «Әке толғауы» күйі

Сабақтың тақырыбы: Жасарал Еңсепов «Әке толғауы» күйі
Сабақтың мақсаты: Күйді ойнап үйрену.
Тәрбиелік мақсаты: күй өнерінің құдіреттілігін ұғындыра отырып, күйшілік
Өнерге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Күйлерді тыңдата отырып, есту қабілетімен аспаптық
Музыкаға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: 1) Домбыра, 2) Мултемедия, 3) Күйшінің портреті, 4) Күйші туралы буклеттер, рефераттар 5) Таспа арқылы тыңдату.
Сабақ типі: Жаңа ұғымды қалыптастыру
Сабақтың түрі:
Жүру барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі(Сәлемдесу оқушыларды түгендеу,
Аспаптарды даярлау)
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Жаңа сабақты баяндау.
4) Қорытындылау.
5) Бекіту. Бағалау.

Жүру барысы: Саламатсыздар ма? Үйге қандай тапсырмалар берілді? (Гамма. Арпеджио) 1. Гамма. Арпеджио туралы сұрау, оны аспапта ойнау. 2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жасарал Еңсепов – Өнегелі ұстаз, өрелі өнерпаз. Батыс Қазақстанда туып, Ақтөбеде бастапқы білім алған. 1974 - 1978 ж қатарынан құрылыс және мәдени ағарту училищені бітіріп, 1978 - 1983 ж аралығында мұғалім болып қызмет атқарады. Сол жылдары өнерге жақын, дарынды жанды бүкіл Ақтөбе өңірі танып біледі. Жасаралдың өнердегі қабілетін түйсінген танымал композитор, Ақтөбе музыкалық училищесінің директоры Қайырғали Қожанбаев оның өмірін мойындап, оң батасын береді. 1983 - 1989 ж профессор Айытқали Жайымовтың класында оқу бітірді. Жасаралдың өзі консерваторияны бітіре салысымен Алматы қаласы Түрксіб ауданы Балалар музыка мектебінің ұлт аспаптар меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1989 - 1993 ж аралығында жүздеген қазақ баласын домбыра тартуға үйретіп, ұлттық сазға нәрлендірді.

Жасарал Еңсеповтің «Әке толғауы» күйін таспадан тыңдату. Оны аспапта ойнап үйрету. «Әке толғауы» күйінде кілттік бір белгі бар. Ол - си бемоль. Бұл күй жайдарлы, әсем үнді бейнелейді.
Си бемоль
Реприза
2 - үлесті өлшем
Лига екпіні

Жаңа сабақты бекіту
Домбыра тартуға әуесқойлық. Топ ішінде домбырадан әуесі бар оқушыларды тыңдау.
Музыка талдау.(Күйді өз бетінше талдау. Күйдің мазмұнын бейнесін ашу. ой толғау)
Үйге тапсырма
Күйді берілген жерге дейін жәй екпінде орындау. Күйші туралы толығырақ іздену.
Бағалау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Вольфганг Амадей Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» атты операсынан Фигароны ...

Вольфганг Амадей Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» атты операсынан Фигароны ...

Сабақтың мақсаты: 1. Музыкалық – теориялық білімнің негіздерін меңгерту. 2. В. А. Моцарттың қысқаша өмірбаянымен таныстыру....
Дина «Тойбастар»

Дина «Тойбастар»

Дина Нұрпейісова 1861 жылы Орал облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, күйші - композитор....
Сейтек Оразалыұлы өмірі және күйлері

Сейтек Оразалыұлы өмірі және күйлері

Атырау қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығы Домбыра мұғалімі Сарсенғалиева Айзада Хайратқызы...
Балалар әлемі- ғажап әлем (ата -ана сағаты)

Балалар әлемі- ғажап әлем (ата -ана сағаты)

Қаратөбе ауданы Қаратөбе балалар саз мектебінің оқу ісінің меңгерушісі: Ақкерей Ләйлі Тельманқызы...

"Балалар әлемі - ғажап әлем" ата- ана сағаты

Тақырыбы: «Балалар әлемі - ғажап әлем» Мақсаты: 1. Ата - аналарға саз мектебі туралы, ондағы оқитын оқушылар туралы мағлұмат беру арқылы музыка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×