Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақтың музыкалық аспаптары

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың музыкалық аспаптары
Сабақтың мақсаты:
1. Музыкалық аспаптарының түрлерімен таныстыру.
2. Оқушыларды аспапқа деген қызығушылығын арттырып, техникасын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Музыка аспаптары,
2. Мультимедия арқылы көрсету.
3. Күй жазылған таспа(магнитофон)
Жүру барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үйге бергенді тексеру.
(Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа»)
Дәулеткерейдің өмірі туралы айту.
Дәулеткерей Шығаев - 1820 ж бұрынғы Бөкей ордасының Қарамола деген жерінде дүниеге келген. Дәулеткерейдің домбырашылық өнерінің қалыптасуына атақты Мүсірәлі деген домбырашы ықпал жасайды. Дәулеткерейдің алғашқы шығарған күйі «Қыз ақжелең», «Қосалқа», Исатай Тайманов көтерілісіне қатысқан кедейлерді қан қақсатқан Қарауылқожаға арнап, «Қара қожа» күйін шығарды. Дәулеткерей күйлері - лирикалық әуенді болып келеді. Оның көптеген күйлері бар. «Салық өлген», «Топан», «Жігер», «Байжұма» т.б
Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа». Бұл күйдің мазмұны туралы кім айтады?
«Қосалқа»- Дәулеткерей творчестволық бастапқы кезінде 1938 ж «Қосалқаның( ІІ түрін) оркестрге түсірген. Бұл күйде - алқасы теңселіп, су әкеле жатқан қыздың кейпін суреттеп, тыңдаушыға жеткізе білген. Күйдің екпіні - орташа. Осы күйді ұлт аспаптар оркестрі орындайды. Оркестр орындаған кезде әртүрлі аспаптың домбыра, сыбызғы әртүрлі ұрма аспаптың сылдырын, дыбысын естиміз. Күй - төкпе күйге жатады.
(Ал енді бәріміз осы күйді бірге орындайық)
2. Күй тартысы дегеніміз не?
Ертеде халық арасында сөз жарыстыру яғни айтыс қана емес, сонымен қатар аспаптық музыка арқылы күй тартысы болған. Ең қызықты да тартымды тартыс күйлер халық жадында ұзақ сақталып, бізге жетіп отыр. Күй тартыстар үлкен той, мерекелерде орындалатын болған.
3. Терме - дегеніміз не?
Терме - ақылы мен нақылы бар тоқпақ сазды әуен. Қазақ поэзияның және вокалды ән музыкасының жанры. Терме атауы «тер» «теру» сөзінен шыққан.
4. Айтыс - дегеніміз не?
Қазақ өмірінде жыраулық, термешілікпен қатар табан астында өлең сөз шығаратын суырып - салмалық өнер де кең дамыған. Халқымыз үлкен жиын - тойларда бір - біріне өлең түрде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған. Кейінірек келе ол жарыс өнер жарысына, айтысқа айналған. Айтыстың түрлері: Бәдік айтыс, Жар - жар айтыс, қызбен жігіт айтыс, ақындар айтысы тб
Бүгінгі жаңа сабағымыз «Қазақтың музыкалық аспаптары»
Ішекті аспаптарға - домбыра, қобыз, жетіген, шаңқобыз,
Ұрып ойналатын аспаптарға - Дабыл, Даңғыра, асатаяқ, қоңырау.
Үріп ойналатын аспаптарға - Сазсырнай, үскірік, мүйізсырнай.
Енді мына кроссвордты шешейік.
Сұрақтары.
1. Дәулеткерей ең алғаш шығарған күйі(Қыз ақ желең)
2. Ұрмалы аспап(дабыл)
3. Айтыс түрі.(жар - жар)
4. Дәулеткерейдің туған жері (Қарамола)
5. Үрмелі аспап (Сазсырнай)
6. Термені орындайтын адам(Термеші)
7. Сілкіп ойналатын аспап (асатаяқ)
8. Тілмесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын аспап(шаңқобыз)
9 Саз сырнай неден жасалады (саздан)
10. Сыбызғы неден жасалады(қурайдан)
6. Түсінгенін тексеру. Не білемін? Нені білдім? Не білгім келеді?
Сабақтан алған әсерін стикерге жазу.
7. Қорытындылау.
8. Бағалау. Үйге тапсырманы тексеру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×