Сайтқа кіру Тіркелу

Құрманғазы, Дина-қазақтың ұлы күйшілері

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы, Дина - қазақтың ұлы күйшілері.

Сабақтың мақсаты:
1. Батыс өңірінің халық композиторлары Құрманғазы Сағырбаев және Дина Нұрпейісова туралы толық мәлімет алу, өлеңдер оқу, күйді тыңдау арқылы қандай күй екенін ажырата білу, шығу тарихын әңгімелеу;
2. Екі топқа сұрақ - жауап сайысын жүргізу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеуге дағдыландыру, шығармаларын тыңдату арқылы білген білімдерін қорыту;
3. Қазақтың мәдени мұрасы - күй өнеріне қызығушылықты арттыру.
Сабақтың түрі:
1. Түсіндіру - әңгімелеу әдісі;
2. Сұрақ - жауап әдісі;
3. Оқушылардың өзіндік іздену әдісі;
4. Топ бойынша сайыс жүргізу әдісі;
Сабақтың көрнектілігі:
1. Н. Назарбаевтың сөзі жазылған плакат;
2. Күй жазылған таспалар (магнитофон);
3. Құрманғазы, Дина турады рефераттар;
4. Күйшілер туралы буклеттер;
5. Домбыра.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, Ән ұранды айту.
2. Сабақтың өту кезеңі:
Кіріспе әңгіме.
- Бүгінгі сабақта атамыз Құрманғазы Сағырбаев және анамыз Дина Нұрпейісованың өмірлерін, күйшілік өнерлерін әңгімелейміз және күйлерін тыңдап, шығу тарихын әңгімелейміз, алған білімімізді ортаға саламыз.
(Оқушылар екі топқа бөлінеді).
1 - топ -«Құрманғазы»тобы.
2 - топ -«Дина»тобы.
1 - оқушы:
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.
«Құрманғазы» тобы - Құрманғазы Сағырбаев турады әңгімелейді:
1 - оқушы:- Ұлы күйші дарынды сазгер – Құрманғазы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жиделі деген жерде 1823 жылы туды. Әкесі Сағырбай - бүкіл өмірін байлардың малын бағумен өткізген адам. Құрманғазының анасы Алқа елге сыйлы, еті тірі адам болған. Алқаның ағалары шетінен ақын, домбырашы екен. Құрманғазы нағашыларына тартып домбырашылық өнерімен айналысады.
2 - оқушы:- Бөкей хандығына атағы жайылған Ұзақ деген күйші ауыл - ауылды аралап «кішкентай күйші бала бар» дегенді естіп, Сағырбайдың үйіне келеді. Ұзақ күйші Құрманғазының домбыра тартқанына сүйсініп, болашақ талантын аңғарып, ақ батасын береді.(Осы кезде «Кішкентай» күйі тыңдалады).
3 - оқушы:-«Кішкентай» күйі туралы айтады.
- 1830 жылдардың аяғында Құрманғазының алғашқы шығармашылық дәуіріне жататын күй «Кішкентай»Жәңгір ханға қарсы көтеріліске шыққан Исатай батыр Құрманғазының «сен әлі кішкентайсың» деп ертпейді. Сол кезде бұл күйді ол «кішкене інісінің үлкен ағасы Исатайға арнауы» деп атаған. Күйдің «Кішкентай» деп аталуы осы. Құрманғазы өзінің күй шығарудағы қадамын осылай бастаған.
4 - оқушы: Күй атасы Құрманғазының біздің өмірімізден алатын орны ерекше. Құрманғазы күйлерінен қазақ жерінің тірлік - тынысын, халқымыздың күш – қуатын ұғамыз. Оның «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Адай» күйлері музыкалық мәдениетіміздің символына айналып, қазақ халқының Отан деген ұғымын білдіреді.
Құрманғазының «Сарыарқа»күйі тыңдалады
«Сарыарқа» күйін Құрманғазы атамыз өзінің туып өскен жері, Жайық бойындағы Сарыарқаның табиғатына арнайды. Ұлы сазгер қазақтың дархан даласында жақсы жаңа заманды аңсайды. Бұл күйден - дархандық еркіндікке ұмтылғандық сарыны көзге елестейді.
7 - оқушы:- Әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресу Құрманғазы шығармашылығының негізгі өзегі болып табылады. Ол айналада болып жатқан өзекті оқиғаларды өз күйлерінде шынайы бейнелейді. Ұлы күйші 1889 жылы қайтыс болады.(«Адай» күйі тыңдалады )
8 - оқушы:
«Адай» күйі туралы:
1868 - 1869 жылдары патша реформасына қарсы Маңғыстау аймағында он мыңдай адайлар бірігіп қарсылық көтеріліске шығады. Осы көтеріліс халықтың рухын көтеріп, жарқын болашақты елестетеді. «Адай»- күйі екпіндегі ерлік, күрес, атшабыс, еркіндік ұраны болып табылады.
«Дина» тобы Дина Нұрпейісова туралы әңгімелейді.
1 - оқушы:- Қазақтың ән - күйлерін ғасырдан - ғасырға жеткізіп келе жатқан, халық арасынан шыққан өнер адамдары - орындаушылар, «Ел іші - өнер кеніші» дегендей, халқымыз өнерлі жандарға кемде болған емес. Құрманғазы мұрасын жеткізушілердің бірі – Дина Нұрпейісова.
2 - оқушы:- Дина Нұрпейісова - халықтың күйші сазгер, қазақ мәдениетінің көрнекті кайраткері, Қазақстанның халық артисі. Ол 1861 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келген. 1955 жылы 15 қаңтарда Алматыда қайтыс болды. Әкесі белгілі домбырашы болған.
3 - оқушы:- Дина 8 - 9 жасында домбырашылық өнерді жақсы игерді. Оның ұстазы Құрманғазы Динаның болашағынан үлкен үміт күтеді, ақыл - кеңес беріп, күйлер үйретеді. Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік – орындаушылық дәстүрін жалғастырады. Құрманғазы мектебінен өту Динаның домбырашылық өнерін шыңдай түсті. Олөз жанынан күй шығара бастады. Оның«Бұлбұл»,«Байжұма»,«Әсем қоңыр», «16 жыл», «8 наурыз», т, б. көптеген күйлері бар.(«Әсем қоңыр»күйі тыңдалады).
4 - ОҚУШЫ: «Әсем қоңыр» күйі туралы:
- 1937 жылдың күзінде Дина Алматыға келеді. Қалада алаңсыз оқып жүрген қазақ қыздарын көріп, немересі Қоңыр есіне түседі. Сағыныштан көңілі босап көзіне жас келеді. Осындай бақытты адамдарға арнап«Әсем қоңыр» деген күй шығарады.
5 - оқушы:- Динаның отыздай күйлері бар. 1937 жылы ол халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, 1 - жүлде алады. Ал1939 жылы Москвада өткен Бүкілодақтық байқауда 1 - орын алып,«Домбыраның Жамбылы» атанады. 1944 жылы Дина 83 жасында Ташкенттегі сазгерлер сайысының онкүндігіне қатысады. Ол екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталады.(«Науан» күйі тыңдалады).
6 - Оқушы:-«Науан» туралы айтады:
-«Науан» күйі 1944 жылы ақпан - наурыз айларында Ташкентте өткен онкүндік кезінде сол жерде құрметтеу сезімнен туады.
7 - оқушы:- Дина өзінің бір әңгімесінде: - Тұтқыннан босанған Құрманғазы менің ұзату тойыма келді. Құдалар отырған үйге мені шақыртып алып: «Мынау Дина - Кенженің қызы, әйел затынан шыққан асқан домбырашы. Мен Динаның өз тойында өзіне домбыра тартқызайын деп отырмын. Құдалар, сіздер сөкпеңіздер. Сіздерге айтатын бір тілегім, Динаның домбыра тартуына тыйым салмаңдар. Ол мұраны ұрпақтарымызға таратуды, Дина, саған тапсырдым, өз домбырамды саған ұсынамын»,- деп, домбырасын маған берді. Мені иіліп, рахмет айтып, домбыраны алдым. Тарт деген күйлерін тарта бердім»,- дейді.
8 - оқушы:-«Қарақасқа» күйі туралы айтады.
- Динаның әкесі Кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда қызының жасауларымен бірге үш болысқа аты шыққан Қарақасқа деген атты береді. Бірнеше жылдан кейін аты ауырып, өліп қалады. Дина аттан айырылғанына өте қайғырып, оған арнап «Қарақасқа» деген күй шығарады.
9 - оқушы:
Сен де бір баласы шырын жұтқан,
Динасы анаң еді шыныңды ұққан.
Ақ нұр мен гүлге бөлеп оны тағдыр атты.
Әкетті кеше ғана шымылдықтан.
3. Екі топтың сұрақ - жауап жарысы.
Б) « Құрманғазы» тобы« Дина» тобына Құрманғазы туралы сұрақтар қояды:
Ә)«Дина» тобы «Құрманғазы» тобына Дина туралы сұрақтар қояды.
4. Мұғалім екі топқа сұрақтар қояды.
а) Қазақтың ұлт - аспаптар оркестрі қашан құрылды және оған қай жылы Құрманғазы есімі берді?
ә) Құрманғазы өмірінің соңғы кезінде қандай күйлер шығарды?
в)«Құрманғазы» қоры қашан құрылды және оның президенті кім?
г) Динаның шығармашылық өмірі туралы С. Бақбергенов қай жылы, қандай роман жазды?
д) 17 - 19 ғасырлардағы күйшілерді кім біледі?
е) Қазіргі заманғы Батыс өңірінің күйшілерін кім біледі?
«Кім көп күй біледі?»Екі топты жарыстыра отырып Құрманғазының. Динаның күйлерін орындату (тыңдату).
5. Сабақты тест жүргізу арқылы қорыту.(«Адай» күйін тыңдау).
6. Оқушылар жауабын бақылау.
7. Плакаттағы Н. Ә. Назарбаевтың сөзін бір оқушыға оқыту.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дина «Тойбастар»

Дина «Тойбастар»

Дина Нұрпейісова 1861 жылы Орал облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, күйші - композитор....
Қазақ халқының күйшілері

Қазақ халқының күйшілері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлы күйшілердің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, тақырып аясында еркін сөйлей білуге жағдай жасау, білімдерін...
Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!

Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!

Жезқазған қаласы, «№21 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1«В» сынып оқушысы Әшір Балжан Жамбылқызы Ғылыми...
Құрманғазы Сағырбайұлы

Құрманғазы Сағырбайұлы

Шымкент қаласы № 72 жалпы орта мектеп Музыка пәнінің мұғалімі: Жунисова Нурсауле Кенжеевна...
Ә.Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»

Ә.Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебінің 3 сынып мұғалімі, бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×