Сайтқа кіру Тіркелу

Қорқыт ата

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата
Ұшардың ұлуы – тыңдату
Қорқыт – Қобыз – тыңдату

Мақсаты Оқушыларға қобызға арналған күйлер, күй атасы - Қорқыт жайлы түсінік беру.
Қобыз аспабын таныстыру. Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру. Музыка арқылы адал, сезімтал, адамгершілікті, салауатты, инабатты бала тәрбиелеу.
Музыкалық қабілеттерін одан әрі дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Туған жердің табиғатын сүюге, жан - жануарларға қамқор болуға баулу.

Көрнекілік Қобыз, домбыра аспаптары, слайд көрсету, үнтаспа, қорқыттың суреті, қобыз аспабы
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, тірек сызба, музыка тыңдау.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Үлкендерге сіз
Кішілерге біз
Әдеппенен бас иіп
Сәлем бердік біз

Оқушыларды түгелдеу

Психологиялық тренинг: өз есімінің басқы әріпінен басталатын бойындағы қасиетті айту

Үй тапсырмасын сұрау (слайд)

Нені білдік?
Күйші композитор
Құрманғазы
Батыс Қазақстан
Атасы Алқа
Әкесі Сағырбай
Шәкірті Дина
Күйлері «Ақсақ киік» «Адай» «Балбырауын»
Еркіндік, теңдік үшін күрескер

Нені есімізге сақтаймыз?
Басы
құлағы
мойны
пернесі
Домбыра ішегі
шанағы
тиек
түймесі

Не үйрендік?
И Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда» орындау

Жаңа сабақ (слайд)
Фқфофрфқфыфтф фафтфаф
«Ф» әрпін сызып таста сонда сөз оқылады ( Қорқыт ата)

1 «Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба VIII - IX ғасырда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят руынан шыққан, ал анасы - қыпшақ қызы. Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел және шебер күйші болған. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді.
Қорқыт туралы аңыз көп
Қорқыт жасынан өте ұғымтал, болып өседі. Ол аспаптардың бәрінде керемет ойнайды. Адам мен жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді.
Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен, енді оған нар түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» деп кеңес береді.
Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасап қобызды қолына алған кезде қобыз сайрап қоя береді. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, жүгірген аң - бәрі құлақ түре тыңдапты.

Қобыздың түрлері: қыл қобыз, прима қобыз.(слайд)

Ермексаздан «Қобыз» аспабын жасау

. Күйлері: «Қорқыт» «Аққу» «Әуппай» «Башпай» «Желмая» «Ұшардың ұлуы» т. б.

Оқулықпен жұмыс.
«Ұшардың ұлуы» оқу Үнтаспадан тыңдау

Ықылас Дүкенұлы атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшылар әулетінен шыққан. Әкесі Дүкен асқан қобызшы болған.
Күйлері: «Асанқайғы» «Ерден» «Бозторғай» т. б.

Қорқыттың ізін жалғастырып келе жатқан қобызшылар: Саян Ақмолда, Ақерке Тәжібаева, әнші, депутат Бекболат Тілеуханов.

Әнші Гүлнұр Оразымбетованың орындауында «Қорқыт - қобыз» тыңдату.

Қорытынды:
1. Бүгінгі сабақта қандай күйшімен таныстық?
2. Қорқыт қай жерде дүниеге келген(картадан көрсету)?
3. Қорқыт кім болған?
4. Қорқыт қандай аспап жасады?
5. Қобыздың түрлерін ата?
6. Қорқыттың күйлерін ата?
7. Қорқыттың қандай күйін тыңдадық?
8. Қорқыттың ізін жалғастырушы кімдер?
9. Г. Оразымбетованың орындауында қандай ән тыңдадық?

Венн диаграммасы
Бағалау: Нотамен бағалау.
Үйге тапсырма: Қорқыт туралы түсінік айту, ит туралы мақал - мәтел.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ даласындағы ән-күй өнері

Қазақ даласындағы ән-күй өнері

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Қазақ даласындағы ән - күй өнері, күй өнерінің мағынасы жайында біледі....
Күйші - ұстаз Дәулет Мықтыбаев

Күйші - ұстаз Дәулет Мықтыбаев

Қобызға арналған күйлерді ХХ ғасырда дамытушы күйші Дәулет Мықтыбаев өмірімен, шығармашылығымен танысу Ықыластың «Шыңырау» күйінің шығу тарихымен...
Киелі аспап - қобыз

Киелі аспап - қобыз

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Талап орта жалпы білім беретін мектеп - балабақшасының музыка пәні мұғалімі Қуанғалиев Инабат Жасталапұлы...
Қазақтың ұлттық аспабы қобыз

Қазақтың ұлттық аспабы қобыз

Жезқазған қаласы, «№ 21 жалпы білім беретін» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы 1 «Б» сынып оқушысы Бекен Томирис Ғылыми – зерттеу жұмысының...
Қобыз сарыны

Қобыз сарыны

Қарағанды қаласы, № 6 Жалпы білім беретін орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Болатова Дамира Жетекшісі: Тәжит Манат Жанатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×