Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын күз

Тақырыбы: «Алтын күз»

Зал іші күздің жапырақтарымен көркемделген. Бір бұрышында алма ағашы жемісімен тұр «күз»әуені ойналғанда сайысқа қатыспайтын балалар залдың ішін айналып жарты шеңбер жасап тұрады.

Хор: «Жарқын жаз» орындайтындар: Ортаңғы «А» тобы

Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп
Тойға бөлеп елімді күзім жатыр.
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
- Құрметті ата - аналар, әріптестер және де кішкентай бүлдіршіндер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтындай «Алтын күз». Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз, жылдың қай мезгілін алсақ та табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, бізде әрқашан көңілдіміз. Сондай көңілді шағымызда бүгін «күз ханзадасы мен ханшайымын» таңдап алмақпыз. Олай болса мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

- Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Әділ - қазылар алқасы:
1. Балабақша меңгерушісі: Бисембай Б.
2. Балабақша әдіскері: Қалжанова Р.
3. Балабақша медбикесі: Султаева А.

Жүргізуші:
Кірпігі ине болып қадалды да,
Ұшқындап көрермендер жанарында,
Бал-бұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай қалған сірә, адам бар ма? - дей отырып сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз.
1. Ересектер тобы: Шыңдалы Бағнұр
Аймырза Нұрболат
2. Ортаңғы «А» топ: Жеткербай Нұрбану
Аймырза Ерболат
3. Ортаңғы «Б» топ: Меңдібекова Меңсұлу
Ермахан Аслан
4. II – кіші топ: Жеткерген Мерей
Сәндібек Сұлтан

- Күзгі бал сайысындағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстырсақ:

1. Таныстыру, сәлемдесу рәсімі.
2. Өз өнері.
3. Сұрақ - жауап.
4. Қол өнері.
5. Сән үлгісі. (Әр қатысушының өз қиялына байланысты)

Жүргізуші: Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен, ізетпенен танысуға - дей отырып сайысымыздың І - кезеңін бастаймыз.

ІІ - кезең: Таныстыру
Бүлдіршіндер көп - көп рахмет. сайыскерлерді ортаға шақырайық.
- Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде, сайысымыздың бірінші бөліміне баға берсек.

Жүргізуші:
Жапқандай жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.- демекші
сайыскерлеріміз екінші кезеңге дайын болғанша балалардың «алтын күзге» деген тақпақтарын қабыл алыңыздар.

« Сылдырмақ» әні Орындайтындар I – кіші топ бүлдіршіндері

ІІ - кезең «Өнерлі өрге жүзер» демекші келесі кезең өз өнерін көрсету.

II – кіші топ: Жеткерген Мерей
Сәндібек Сұлтан
«Мысығым» әнімен.

Ортаңғы «А» топ: Жеткербай Нұрбану
Аймырза Ерболат
«Акробатикалық көрініс»

Ортаңғы «Б» топ: Меңдібекова Меңсұлу
Ермахан Аслан
«Көңілді күн» әнімен.

Ересектер тобы: Шыңдалы Бағнұр
Аймырза Нұрболат
«Достық көрінісі» ән аясында.

Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық, әділқазылардың бағасын алайық.

ІІІ - кезең «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» демекші, келесі кезеңіміз сұрақ — жауап:
- Әр жұп барып әділқазылардың алдынан бір сұрақтан алады.
( әр жұпқа екі сұрақтан )
- Барлығы тегістей сұраққа жауап берді, енді сөз кезегі өздеріңізде,
Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындалғанша биші қыздарымыздың мың бұрала билеген шашуларын қабыл алыңыздар.
«Жапырақтар» биі.

ІV - кезең «Қол өнер шеберлігі»
қатысушы сайыскерлеріміздің үйден дайындап әкелінген жұмыстарын қорғап, оны тапсыру.

II – кіші топ: Жеткерген Мерей
Сәндібек Сұлтан
«Жапырақтардан су асты көрінісі»
Ортаңғы «А» топ: Жеткербай Нұрбану
Аймырза Ерболат
«Отбасы бейнесі» табиғи матералдан

Ортаңғы «Б» топ: Меңдібекова Меңсұлу
Ермахан Аслан
«Алтын жапырақ» жарамсыз заттардан.

Ересектер тобы: Шыңдалы Бағнұр
Аймырза Нұрболат
«Жапырықтардан ертегі кейіпкерлері»

Әділқазылар төртінші кезеңнің бағасын беріңіздер.

Жүргізуші: Сайысымыздың ең соңғы бөлімі «қол өнер шеберліктері» сайыскерлеріміз дайын болғанша сәбилеріміздің әніне кезек берсек.

V - кезең Сән үлгісі:
II – кіші топ: Жеткерген Мерей
Сәндібек Сұлтан
«Қызанақ пен қияр» киім үлгісі.
Ортаңғы «А» топ: Жеткербай Нұрбану
Аймырза Ерболат
«Пакеттен киім үлгісі»

Ортаңғы «Б» топ: Меңдібекова Меңсұлу
Ермахан Аслан
«Күз ханзадасы мен ханшайымы» салфеткадан киім үлгісі.

Ересектер тобы: Шыңдалы Бағнұр
Аймырза Нұрболат
«Түймедақ гүлі» киім үлгісі

Жүргізуші: Осымен сайыскерлеріміз бес кезеңнен өтіп өздерінің бойларындағы бар өнерлерін көрсетті, ендігі кезек әділ - қазыларымызда. Әділ - қазылар дайын болғанша бүлдіршіндердің «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар.

Бас жүлде: Ортаңғы «Б» топ: Меңдібекова Меңсұлу
Ермахан Аслан
I – орын: II – кіші топ: Жеткерген Мерей
Сәндібек Сұлтан
II – орын: Ортаңғы «А» топ: Жеткербай Нұрбану
Аймырза Ерболат
III – орын: Ересектер тобы: Шыңдалы Бағнұр
Аймырза Нұрболат

Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды келесі кездескенше аман - сау болыңыздар.

Қызылорда облысы,
Әйтеке би кенті,
№7 "Балдырған" балабақшасы
Музыка жетекшісі: Марат Роза
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×