Сайтқа кіру Тіркелу

Ойыншықтар

Ойыншықтар

Мақсаты: Балаларға ойыншықты күтіп ұстай білуге үйрету.
Музыканы есінде сақтап, оны қимыл арқылы және де ырғақты аспаптарда ойнап, қызығушылықтарын арттыру. Әнді табиғи, жұмсақ дауыспен, еркін айтқызуға шеберліктерін қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық.
2. Жаңа сабаққа дайындық.
А) Оқушылардың өз сүйікті ойыншықтары туралы жинаған мәліметтері тыңдалады.
б) Айтылған әңгіменің мазмұны төңірегінде әңгіме жүргізу.
в) «Ойыншықтар» сөзіне топтастыру құру.
г) Ойыншықтар туралы тақпағымызды есімізге түсірейік.
Ойыншықтар
Іші толған бөлменің,
Ойыншығым мол менің.
Босқа тізіп қоймайсың
Келе ғой, дос ойнайық.
д) «Кім ойыншықтарды көп біледі?» сайысы өткізіледі.
Шарты: оқушылар өздері білетін ойыншықтардың аттарын айтады. Кім көп айтады, сол жеңімпаз атанады.
1. Жаңа сабақ
И. Нүкісбаев туралы қысқа мәлімет беру.
Дауысымызды жаттықтырып алайық.
Қане достар бірігіп,
Жаттығуды айтайық.
Дауысымыз шынығып,
Бұлбұл құстай сайрайық.
Бәрі: Еркем, еркем, еркем - ай,
Еркелеген еркем - ай.
Еркелеген еркемді,
Еркелетсем екен - ай.
Саз жетекшісі: Өте тамаша. Балалар, тыңдап қараңдаршы, мынау қай әннің үзіндісі?
(«Ойыншықтар» әнінен үзінді ойналады)
Саз жетекшісі: Дұрыс, бұл «Ойыншықтар» әнінен. Ал сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
Балалардың жауабы: (Сүйікті ойыншықтарын атайды)
Саз жетекшісі: Олай болса, сүйікті ойыншықтарымызға арнап әнімізді орындайық.
ӘН: «Ойыншықтар»
(Әннің соңында беті - қолы кір - кір қуыршақ кіреді).
Саз жетекшісі: Сәлеметсің бе Қуыршақ. Саған не болған? Беті - қолың неге лас?
Қуыршақ: Мен ешкіммен амандаспаймын, мен ешкіммен ойнамаймын, беті - қолымды да жумаймын.
Саз жетекшісі: Әй, бәсе, мына ән кім туралы жазылған десем. Бұл кір қуыршақ туралы екен ғой. Балалар тыңдап қараңдаршы.
Ән: «Кір қуыршақ» (Балаларға әнді тыңдатып, оны қайталату).
Қуыршақ:(жылап, тебінеді) А - а - а - а..... мен ондай емеспін, мен жақсы, әдемі
қуыршақпын.
Саз жетекшісі: Әдемі, жақсы Қуыршақ болғың келсе, беті - қолыңды жууың керек.
(Қуыршақ мұңайып қалады).
Саз жетекшісі: Қуыршақ, саған не болды?
(Басын ұстап қарап) Балалар Қуыршақтың қызуы көтеріліп тұрған сияқты.
Саз жетекшісі: Балалар, біз қалай білдік қуыршақтың ауырып қалғанын?
Саз жетекшісі: Олай болса бізде де музыка арқылы қуыршақты емдеп алайық.
Алдын ала бұл қандай аспап екенін тауып алайық
ОЙЫН: «Бұл қандай аспап?»
Саз жетекшісі:
Алдымен сен күй тыңда,
Тартқан күйді дәл тыңда.
Қайсы аспапта ойнады,
Таба қойшы қалпында.
(Қоңыраудың ырғағы ойналады)
Балалар:
Тартқан күйді тыңдадым,
Қиын емес жұмбағың.
Танымады дейсің бе?
Қоңыраудың ырғағын.
(Осындай тәсілмен музыкалық, ұрмалы ж. т. б. аспаптарды балаларға тыңдатуға болады)
Саз жетекшісі: Аспаптарыңды алыңдар музыка әуенімен оның ырғағын соғыңдар.
Шулы және ұрмалы аспаптарда ойнау
«Апам үшін» әннің әуеніне.
Қуыршақ: Ой, балалар, маған не болды? Мен қатты ұйықтап кетіппін.
Бірақ та мен бір тамаша түс көрдім, мен балалармен би билеп, ойын ойнап жүрмін.
Саз жетекшісі: Қуыршақ, сен ауырып қалдың, өйткені жуынғың келмеді.
Ал енді беті - қолыңды жуып, таза жүрсең біздің балалар сенімен бірге би де билеп, ойын да ойнайды. Солай ма, балалар?
Балалардың жауабы:
(Қуыршақ беті - қолын жуғандай болады) (леген, орамал, айна)
Саз жетекшісі: Балалар, қуыршақ беті – қолын жуды, ал енді би билейік.
Алдын ала шеңберге тұрайық, сазды - ырғақтық қимылдар жасайық.
1. Марш
2. Секірмелі жүріс
3. Тізені бүгіңкіреп, шетке жүру
4. Тура ат шабыс
5. Жерді табанмен сипап өту
Қуыршақ:
Көңілдене секірдік,
Марш адымымен біз жүрдік.
Жерді табанмен сипап алдық,
Ат шабыс пен де жүгірдік.
Ал енді бәріміз,
Би билеуге дайынбыз
БИ: «Менің сүйікті ойыншығым»
Қуыршақ: Тамаша, балалар, мен өте қуаныштымын, сендер жақсы
билейді екенсіңдер. Ал енді ойыншықтарымызды орына жинайық.
Саз жетекшісі: Қуыршақ, біздің балалар сенімен ойын ойнағысы келіп тұр.
Қуыршақ: Ойнасақ ойнайық.
Саз жетекшісі: Мынау, балалар, ойыншық дүкені. (көрмеде көп ойыншықтар тұрады). Ойыншықтар жасалуына қарай қандай түрге бөлінеді?
Балалардың жауабы: жұмсақ, резиналы, қатты. Ортаға үш баланы шақырайық. Олар ойыншықтардың жасалуына қарай жинайды.

Жұмсақ Резиналы Қатты.
Аю, қоян қуыршақ, көлік түрлері:
түлкі, күшік тиін машина, ұшақ, қайық

Саз жетекшісі: Балалар, сендерге ойын ұнады ма? Ұнаса өз ойыншықтарыңды ұқыпты ұстап, сөрелерге өз орындарына жинап қою керек. Ал қазір орындарымызға отырайық.
Жетекші - жөндеуші: «Көжектер» әнінің бір шумағы мен қайырмасын қайталау. (рефлексия) «Жетістік баспалдағы» (өз - өзін бағалау).
Қуыршақ: Мен енді таза, әдемі қуыршақпын. Мен туралы бір жақсы ән
орындап беріңдерші.
Саз жетекшісі: Қуыршақ, саған ұнады ма?
Қуыршақ: Әрине, ұнады. Менде үлкен кәмпит бар. Мен балалармен бірге дәмін татқым келеді. Болады ма?
Саз жетекшісі: Әрине, болады. Ал енді қоштасатын да уақыт келді. Кәне,
балалар орындарымыздан тұрайық қуыршаққа, қош сау болыңыз айтайық.
Балалар: Сау болыңыздар.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Ойыншықтар, музыка
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×