Сайтқа кіру Тіркелу

Халық аспаптар оркестріне арналған шығармалар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестрі және композиторлардың оркестрге арналған шығармалары туралы алған білімдерін қорыту.
Дамытушылық:
• Оқушының өз бетімен оқып үйренуіне ықпал жасау, музыкалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдай білуге дағдыландыру;
• Жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын еркін жеткізуге қалыптастыру;
• Ұжымдық, шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу.

Тәрбиелік: Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, ұлттық тәрбие көзі ретінде халық музыка аспаптарының үнділігі, саздылығы, көркем эстетикалық тұстарын тереңірек талдау арқылы балаларды өз Отанының нағыз азаматы болуға баулып, олардың ұлттық көзқарасы мен санасын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызба, электрондық оқулық, компьютер, күйтабақ, Венн диаграммасы, сөзжұмбақ, ребус, ойынның құрал - жабдықтары, музыкалық аспаптар, ямаха, бағалау парағы, жауаптардың үлгі парағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың түрі: Қорыту, бекіту сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Зерттеу, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, интеллектуалдық ойын, оқушылардың өзін - өзі бағалау.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, математика, информатика.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІ. Интеллектуалдық «Бақытты сәт» ойыны. – 20 минут
ІІІ. А. Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін үйрену - 10 минут
ІV. Шығармашылық жұмыс - 10 минут
V. Қорытынды - 5 минут

Сабақтың барысы:

Мектебіміздің домбырашылар оркестрінің орындауында халық күйі «Жастар»
( Модуль № 3. 4 - ші сабақ)

ІІ. интеллектуалдық «Бақытты сәт» ойын

Құрал жабдығы:
1 Ноталар.
2. Ортақ бағалау парағы.
3. Фишкалар.
4. Үй тапсырмасы / әр командаға 2 сұрақтан /
5. Конкурс тапсырмалары.
6. Жауап үлгілері

Ойынның жүру барысы.
Сынып 2 командаға бөлінеді, әр команданың өз капитаны және атауы болады. Ойын V геймнен тұрады. Әрбір гейм тапсырмаларын орындауға 5 минуттан уақыт беріледі және әрбір жауапты фишка түрінде оқушылардың өздері бағалайды.

«Бақытты сәт» ойыны басталмас бұрын оқушыларды екі топқа бөліп әрбір топқа ат қою үшін төмендегі «Домбыра» атты ребусты, «Оркестр» сөзжұмбағын шешу.

«Сөзжұмбақ»

О
Р
К
Е
С
Т
Р

Көлденеңінен:
1. Тілшесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын музыкалық аспап
/ Шанқобыз /
2. Үш ішекті шертіп ойнайтын аспап. / Шертер /
3. Ішекті аспаптардың негізгі бөлігі. / Ішек /
4. Көп ішектен тұратын музыкалық аспап / Жетіген /
5. Қурайдан жасалатын аспап. / Сыбызғы /
6. Сілкіп ойнайтын аспап. / Асатаяқ /
7. Халқымыздың көне шежіресі атанған музыкалық аспап / Домбыра /
1 - ГЕЙМ. «Бой сергіту»

Командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут бөлінеді команданың 1 өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда дұрыстығын парағы бойынша қадағалап отырады.
Сұрақтарға дұрыс жауап берген команда ұтады. Оқушы жауаптар 3 түрлі фишкалармен бағаланады.

Топтарға арналған сұрақтар:
1. Оркестр дегеніміз не? ( Дыбыс саздары әр алуан, құрлысымен дыбыс рейнгтері неше түрлі музыкалық аспаптарда орындайтын музыканттар тобы)
2. Оркестрдің қандай түрлері болады? (Симфониялық, камералық, эстрадалық, үрлемелі аспаптар оркестрі және халық аспаптар оркестрі)
3. Симфониялық оркестр дегеніміз не? ( ішекті, үрлемелі, ұрып ойнайтын аспаптардан тұратын оркестрдің жетілдірген түрі. Ол опера, балет, симфониялық шығармаларды орындайды)
4. Үрлемелі аспаптар оркестрі қандай аспаптардан
тұрады? ( фагот, гобой, тромбон, саксафон, волторна, труба)
5. Халық аспаптар оркестрі қандай аспаптардан тұрады?
(Домбыра, қобыз, сырнай, бас домбыра, бас қобыз, ұрмалы аспаптар )
6. Эстрадалық оркестрге қандай аспаптар жатады? ( Гитаралар, барабандар, ямаха)
7. Камералық оркестр дегеніміз не? ( Ішекті аспаптардан тұратын оркестр)
8. Симфониялық музыка дегеніміз не? ( симфониялық оркестрге арналған музыка)
9. «Симфония» деген сөз қандай мағына береді? ( дыбыстар бірлестігі)
10. «Жайлауда» симфониялық поэмасының авторы кім? ( Қапан Мусин)

І. «Оркестр» командасына берілетін сұрақтар:

1. Халық аспаптар оркестрі қай жылы құрылды? ( 1934 жылы)
2. Халық аспаптар оркестрінің тұңғыш дирижері, ұйымдастырушысы кім?
( Ахмет Жұбанов)
3. Ахмет Жұбановтың ғылыми еңбектері қандай кітаптар болып шықты?
( Ғасырлар пернесі, Замана бұлбұлдары, Құрманғазы)
4. Ахмет Жұбанов кім? ( Ұстаз, профессор, академик, ғұлама ғалым, музыка зерттеушісі, композитор)
5. Халық аспаптары қандай түрлерге жіктеледі? ( Ішекті, үрмелі, ұрмалы, сілкіп ойнайтын)
6. ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады?
(Домбыра, қобыз, шертер, жетіген)
7. Ұрмалы аспаптар қалай аталады? ( Дабыл. Дауылпаз, даңғыра, кепшік)
8. Үрмелі аспаптар қандай?( Сазсырнай, үскірік, сыбызғы)
9. Сілкіп ойнайтын аспаптар қандай? (Асатаяқ, қоңырау)
10. 2006 жылы ЮНЕСКО көлемінде 100 жылдығы аталып өткен композитор кім? ( Ахмет Жұбанов)

ІІ - ГЕЙМ.
«Клавиштер сөйлейді». команда мүшелері конверттен ноталарды алады, Жүргізуші әр нөмірдің сұрағын оқиды, Өз ішінде талқылаған соң команда капитандары жауап береді,

І. «Оркестр» командасына берілетін сұрақтар

1. Қазақстан композиторларының оркестрге арналған шығармаларын топтастыр.

2. Симфониялық оркестрге арналған композиторлардың шығармаларын топтастыр.

3. Мына өлең жолдар кімдікі?
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Қазақ – нағыз қазақ емес
Нағыз қазақ - домбыра.
( Қадыр Мырзалиев)
4. Нота мысалындағы динамикалық таңбаларды анықта.
5. Есеп шығар

«Домбыра» командасына берілген сұрақтар

1. Халық аспаптар оркестріне арналған композиторлардың шығармаларын топтастыр.

2. Қапан Мусиннің шығармаларын топтастыр

3. Мына өлең жолдарының авторы кім?
Домбыра, жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.
( Мұқағали Мақатаев)

4. Нота мысалынан динамикалық таңбаларды анықта.

5. Есеп шығар.

ІІІ - ГЕЙМ. «Жұмбақтас». ( Электрондық оқулықтан тапсырма)
Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда скрипка кілтін көтереді.
ІV - ГЕЙМ. «Көңілді ноталар». ( Музыка тыңдап, оның аты мен авторын анықтау).
V - ГЕЙМ. «Көсемдікке ұмтылу».
Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады. Әрбір дұрыс жауапқа команда 1 балл алады.

1.«Динамика» деген сөз грек тілінде қандай мағына білдіреді? (күшейту)
2.«Форте» дегеніміз не? (қатты, күшті)
3.«Пиано»дегеніміз не? (ақырын, жай)
4.«Меццо - форте» қандай мағына білдіреді? ( орташа, күшпен)
5.«Меццо - пиано»- дегеніміз не? (ақырын)
6.«Пианиссимо» дегеніміз не? ( өте ақырын, жай)
7.«Фортиссимо» қандай мағынаны білдіреді? (өте күшті, қатты)
8«Крещендо» дегеніміз не? (бірте - бірте күшейте)
9.«Диминуэндо» сөзінің мағынасы? (бірте - бірте жәйлата)
10.«Сфорцандо» дегеніміз не? (кенеттен күшейту)
«Бақытты сәт» интеллектуалдық ойынының қорытындысын шығару.

ІІІ. Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін үйрену:

- дауыс жаттықтыру, «до», минор гаммасын айту;
- орындап беру;
- нотасымен дирижерлап айту;
- әр жол сөзімен үйрену;
- әнді толық орындау.

ІV. Шығармашылық жұмыс:

1 Қазақтың халық аспаптар оркестрінің құрылуы ( тарихын зерттеу)

2. Симфониялық оркестр мен халық аспаптар оркестрінің ұқсастығы мен айырмашылығы.(Венн диаграммасы)

Музыканың шарықтау шыңы «Кульминация» сөзін табу ойыны.

Халық аспаптар оркестрінің орналасу тәртібін білесің бе?
1. Нұрғиса Тілендиевтің шығармасы. ( «Ата толғауы»)
2. Кенжебек Күнісбековтың шығармасы. ( «Фараби сазы»)
3. Мәкәлім қойшыбаевтың оркестрға арналған шығармасы. («Қазақстан» )
4. Еркеғали Рахмадиевтің симфониялық күйі. ( «Дайрабай»)
5. Евгений Брусиловскийдің симфониялық поэмасы. («Сарыарқа»)
6. Ахмет Жұбановтың сюитасы («Абай» )
7. Әртүрлі аспаптарда ойнайтын музыканттар тобы. ( «Оркестр»)
8. Қандай халық аспаптар оркестрін білесін?
9. Фольклорлық – этнографиялық ансамбльдерді ата.

Мұғалімнің қорытынды сөзі
Елімізді көрегенділікпен алға бастап бағыт ұстанған Елбасының мақсаты - «Мәдени мұра» бағдарламасын, Қазақстанды дүниежүзі бойынша барынша дамыған бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосу.
Сендердің мақсаттарың – «Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақта» деп Елбасымыз айтқандай, жан - жақты дамыған, мәдениеті жоғары, тәрбиелі де өнерлі ұрпақ болып өсу.

Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма беру.
Мектебіміздің фольклорлық ансамблдың орындауында халық күйі «Салтанат»
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×